Ал?ыс?з «Естігенімді –?мытамын, к?ргенімді-есте са?таймын, ?з естігенімді-ме?геремін» Конфуций Со??ы кезде елімізді? білім беру ісінде т?бірлі ?згерістер болып жат?аны м?лім. Соны? ішінде е? бастысы, ?лемдік білім ке?істігіне ену ма?сатында?ы ал?аш?ы
-53517845593
Ақмола облысы
Жарқайың ауданының
«Білім бөлімі» ММ
Өмірлік негізгі мектебі
Мектепке дейінгі ұйымдарда
жобалау әдістері
Державинск 2016жыл
Құрастырған: Өмірлік орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Сыздықова Б.Қ
02.11.2016 жылы, мектепшілік әдістемелік кеңесте қаралып,
06.01.2016. жылы пед.кеңес шешімімен бекітілді
Алғысөз
«Естігенімді –ұмытамын, көргенімді-есте сақтаймын,
өз естігенімді-меңгеремін»
Конфуций
Соңғы кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Соның ішінде ең бастысы, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар. Білім стандартының жасалуы, басқа да жүріп жатқан реформалар күрделі, қиын, қарама-қарсы белестерді ақырын-ақырын артқа сап, жылжып келеді. Бұл қасиетті істерді мұғалімге қойылар талап та ерекше болып отыр.
Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті- рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру.Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, әдебиет, мәдениеті, өнері, шыққан түп тамырында жататыны белгілі.
Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілеті, талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау-міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті.
Жобалау әдісі – инновациялық педагогикалық технология. Педагогикалық жоба ол педагогтардың арнайы ұйымдастырған, балалардың өздігінен шешім қабылдауын және де өз таңдауы мен еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне өзін жауапты ететін іс-әрекеттер тобы. Арнайы білімді қажет ететін айқын мәселелерге ынталандыру және жоба іс-әрекеті арқылы мәселенің шешімін қамтитын білімнің іс-жүзінде пайдалануы. Жоба технологиясының ерекшелігі – баланың алдағы іс-әрекетті жобалай алуы мен оның субьекті бола білуі. Жоба – ол баланың мақсатқа жетуде қоршаған ортасын кезеңді процестер мен алдын-ала жоспарланған тәжірибелік іс-әрекет арқылы қабылдайтын педагогикалық әдіс.
Жобалау әдісі түсінігінің негізгі тезисін танып жатқанымыздың барлығын не үшін қажет екенін және бұл білімді қайда және қалай пайдалану керектігін білеміз. Жобалауәдісі – мәселені жете зерттеу арқылы,нақтылы нәтиже бере алатын, рәсімделген дидактикалық мақсатқа жету тәсілі.
Жобалау әдісі – барлық кезде қандай да бір мәселенің шешімін жорамалдайды.
Жобалау әдісі – жеке басқа бағытталған оқыту әдісі.
Ол оқудың мазмұндық бөлігі мен тапсырма кешені арқылы шеберлік пен дағдыны дамытады.
Ол оқытудың мазмұндық бөлігін тапсырма жиынтығы арқылы балалардың зерттеу іс-әрекетін болдыруға себепші, оқытылатын мағлұматтарды қандай да бір іс-әрекет немесе продукция ретінде алып шеберлік пен дағдыны дамытады.
2
Жобалық іс-әрекеті біріккен оқу іс-әрекеттің ортақ нәтижесіне бағытталған,ортақ мақсаты,
қиыстырылған әдісі, іс-әрекет тәсілдері бар,балалардың шығармашылық және ойын іс-әрекеті.
Педагогикалық жобалау – қандай да бір мәселенің шешімін көрсететін жоба жасау үрдісі.
Ол оқу үрдісі жағдайында орындалатын және оның тиімді жұмыс істеуі мен дамуына бағытталған іс-әрекет. Жобалап оқытудың артықшылықтары:логикалық дәрежеде ойлау мен белсенді зерттеуді мадақтау,балалардың өз күштері мен мүмкіншіліктеріне деген сенімдерінің артуы,жобамен жұмыс жасағанда, дәстүрлі оқытумен салыстырсақ балалар өз оқуларының жауапкершілігін байыпты түрде өздері алады.
Нәтижесінде білімнің сапасы жақсарады және ойлау мүмкіншілігі мен мәселені түсіне білу, ынтымақтасу және қарым-қатынас сияқты іс-әрекет шеберлігі мен әдістерін дамыту мүмкіншілігі артады.
Сонымен бірге даму деңгейі әр түрлі балаларды оқыту мүмкіншілігі артады. Жобалау әдісінің басты идеясы: балалардың танымдық қызығушылығын дамыту, өз беттерінше және тәрбиешісі мен
ата-анасының көмегі арқылы ақпараттық кеңістікте жөн таба білу және сыни ойлауды дамыту. Жобалау іс-әрекетінің негізін қалаушы американдық педогог Уильям Кильпатрик .
Оның айтуы бойынша жобалау «жүректен шыққан, қажырлы іс-әрекет.
3
Мектепке дейінгі ұйымдарда жобалау не үшін керек
1.Балалар өз бетінше танымдық іс-әрекет білдіреді
2.Шығармашылығы дамиды
3.Тыңдау, ойлау, талдау жасау шеберлігі дамиды
4.Есте сақтау, елестеті, сөйлеу қабілеті дамиды
Жобалаудың түрлері:
1.Монопәндік – білім саласындағы мәселелерді шешетін «Денсаулық» жобасы, 2.Пәнаралық – «Денсаулық» «Коммуникация» таным сияқты бірнеше білім салаларының мәселесін шешетін жоба, яғни бір тақырыпты әр түрлі саладағы ұстаным бойынша қарастырамыз.
Пәндік немесе пәннен тыс мектепке дейінгі білім беру оқу жоспарының вариациялық бөлігінің мәселесін шешетін жоба. Жобаның тақырыбы келесі талаптарға жауап береді .
1.Бес оқыту салаларының мазмұнынан таңдалады, яғни мемлекеттік стандарттың талаптарына сай келуі керек;
2.Тақырып бағдарламадан тыс таңдалып, оқу жоспарының вариациялық бөлімімен сай келуі мүмкін;
3.Мектепке дейінгі жастағы балаларға жақын және түсінікті болуы тиіс.Жоба бір мәселені шешіп және оны қолданыста пайдалану үшін әр түрлі білім салаларынан мағлұматтарды ықпалдастыра алады.Балалар біріншіден ойлауға, ал содан кейін барып істеуге, іс-әрекетінің жоспарын құрып, келісімдерді бұзбай,келісілген мәмілелерден таймауға тырысады. Жобалар әртүрлі белгілеріне қарап бөлінеді.
Ең елеулісі іс-әрекеттің басымдық түрі болып табылады. Мектепке дейінгі білім беруде жобалардың мына түрлері пайдаланылады: 1.Эмпирикалық: тірі және өлі табиғат әлемінде өздік бақылаулар мен эксперименттер жүргізу.
«Қар бүршіктері қайдан ұшып келеді?», «Неліктен бәйшешектер бәйшешек деп аталады?», «Қызғалдақ»- ұшып кететін гүл. Нәтижелер өсімдік сақтайтын бүктемелер, тәжірибе картотекалары ретінде рәсімделеді.
4
2.Зерттеу: ізденеді, деректерді жинақтап қорытады,табиғат құбылыстары туралы әр түрлі дерекнамалардан мағлұмат жинайды, кітаптар, кинофильмдер,интернет пайдаланады. Зерттеу, іздестірулер нәтижесі газет айдарлары, альбомдар, журналдар немесе аспаздық кітаптарда жинақталады.Қызыл кітап арқылы (сирек кездесетін және жойылып бара жатқан) өсімдік түрлері мен жануарлар құстар туралы білімдерін кеңейтіледі. 3.Рөлдік ойындар жобасы: бұл шығармашылық ойын нышандары, ойын жобасы.Мұнда балалар ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, берілген тапсырмаларды өздері шешеді.
Нәтижесінде: -Мазмұнды ойын, бала мерекелері ұйымдастырылады, балалар ертегілерді кейіптендіре біледі.
Су асты әлеміне ойын-саяхаттары ойналады.
Балалар «Театр» сюжеттік-рөлдік ойындар ойнауға үйренеді. 4.Шығармашылық жоба: әдетте қатысушыларда ортақ
іс-әрекеттерінің дайындалған құрылымы болмайды.
Бұл балалардың үлгілер мен пішімдер жасау, әңгімелер құрастыру, тақпақтар, ойдан шығарылған кейіпкерлері бар әңгімелер.Нәтижесінде балалар музыкалық ертегі драмаластыру, столүстілік театры арқылы әңгімелер ойлап табу, кейіпкерлер дайындау, ата-аналар мен балаларға қойылым көрсету мен сахналастырылған,суреттелген диафильмдердің фильмотекасын жасау, альбом дизайны көрмесі.Шығармашылық жобаларда табиғи және құнсыз материалдарды пайдаланған жөн. 5. Фантастикалық жоба: таныс әңгімелер мен ертегілер, мультфильмдерді мазмұнына қарай отырып, және балалардың өз шығармашылығы мен қиялынан«Болашақтың қаласы», «Келімсектер жерде», «Суперробот». Бетман сияқты жобалар құру.
Жобаға қатысушылар құрамы топ, шағын топ, жеке, отбасы, жұп болуы
мүмкін.
Жобаның ұзақтығы қысқа мерзімді – 1,2 немесе бірнеше сағат,
1-2 апта, орта мерзімді 1-3 ай, ұзақ – бір жылға дейін.
5
Тәжірибеде мектепке дейінгі білім беруде жобаның орындалуы мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуына байланысты болады.
Әсіресе берілген жобаға деген қызығушылық пен ықыластың тұрақтылығы. Қызығушылық 1-2 сабақта немесе керісінше ата-аналардың қатысуымен жобаның жасалуына қарай ұзақ болуына байланысты болады. Жобалаудың негізгі қызметі – бағдарламаны белгілеп, арнаулы іс-әрекеттердің жалғасуына құралдар таңдау.
Жобалық әдіс – айқын іс-әрекеттер кезеңінен өтетін айдың пайда болуынан бастап жүзеге асуы. Жоба құрылымы бойынша 3 кезеңге бөлінеді .
1.Дайындық.
2.Негізгі.
3.Қорытынды. Жобалық іс-әрекеттің кезеңдерінің мазмұнын қарастырайық. 1.Дайындық (ұйымдастыру) кезеңінде не үшін дәл осы жоба таңдалды деген сұраққа жауап бере отырып,жобаның қазіргі мән-жайы, бұл жоба қандай мәселелерді шешеді және бұл жобаның нәтижесі қандай болмақ осы сұрақтарға жауап беріледі.Сонымен бірге жобаның тақырыбы, мақсаты, міндеті,мәселесі, уақыты және қоры анықталады.
Жұмыстық жоспар жасалады, командалар құрылымы, жауапты адамдар тағайындалады.
Негізгі кезең – жобаның жүзеге асуы кезеңі бұл кезеңде ақпарат жинап және оны анықтайды, жобаны жасақталады, жоспар бойынша негізгі іс-шаралар өткізіледі, жоспарларды бақылау және түзету жұмыстары жүргізіледі. Жобаның жүзеге асырылуы арасында өзгерістер енгізілуі де мүмкін.
Бастысы бағдарламаның дәл дұрыс орындалуы емес жұмыстың тиімділігі (жобаның мақсатқа жетуі). Қорытынды кезеңде жобаны қорғау, рефлексия, қойылған мақсат тұрғысынан алынған нәтиженің бағалануы және түзетулері енгізіліп және қорытындыланады.
6
Даму перспективаларын анықтау жобаның соңғы кезеңі – жобаны қорғауәрқашан көріністі. Оған ата-аналармен кішкентай балаларды, жалпы қонақ шақыруға болады.
Дәл осы кезеңде жоба эмоциялық тұрғыдан қыза түседі және осы кезде оның әлеуметтік маңыздылығын да арттыру керек.
Не үшін, кім үшін жасалғанын және жалпы не үшін қажет екенін түсіндіру керек. Қорғау өте жарқын болуы керек, онда әрбір баланың, әр ата-ананың, әр мұғалімнің еңбегі көрінетіндей етіп ойластыру керек.
Мақсаттылық жобаның белгілері: (мақсат жоқ болса – жоба да жоқ).
1. Өзгеріс (оқу процесінің қажет күйге айналуы).
2.Уақытына шектеу қою ( барлық жобаның басталып, аяқталатын мерзімі болуы керек).
3.Жобаның бірегейлігі.
4.Қажет қордың шектеулігі. Жобаға қойылатын негізгі талаптар: Шешімін іздейтін мәселенің болуы,жоба бұл байсалды ойын баланың дербестігі және ата-ана мен баланың ортақ шығармашылығы; Білімді қолданыста пайдалану үшін мектеп жасына дейінгі балалармен өз ықыластарымен ұсынылған кішігірім жобалар алу қажет, сонымен қатар 3 нәрсеге көңіл аудару қажет: Мектепке дейінгі баланың қызығушылығы,оның белсенділігі және оның дербестігі; Жобалау кезінде мектеп жасына дейінгі бала рөлі өзгереді. Жоба кезінде мектеп жасына дейінгі бала оқыту субьектіне айналады.Іс-әрекет мақсатын тәрбиешімен бірге бала өзі анықтайды.Бала мәселені шешуде өзіне керекті нәрсені өзі көбірек таңдай алады және оқу мен тәрбие процесіне белсенді қатыса алады және бала мүмкіншілігінің көптігі (тәжірибе жасап көреді, жаңа нәрселерді таниды). Сонымен бірге бала тапсырманы орындауда жауапкершілік жүктей алады және уақытын бөліп пайдалана біледі, топтық жұмыстарда көбірек тәуелді болады.
7
Жобалық іс-әрекеттерді пайдалану мектепке дейінгі оқу мен тәрбие саласында көптеген тапсырмаларды шешеді.
Мектеп жасына дейінгі баланы орындаушы емес, іскер етіп тәрбиелеу мүмкіншілігін береді.Әр бала өзіне ұнайтын іс-әрекет жасай отырып, әр бала өзін шығармашылық тұлға етіп көрсете алады. Сонымен бірге жобалық іс-әрекет бала бақшада зерттеушілікпен зор қиюласады, өйткені балалар тумысынан зерттеушілер, олар шаршамайды, тырысады, аңғарғыш және әуес.
Тек осы мүмкіншіліктерін жобалық іс-әрекетте қажет арнайы икемге пайдалану керек. Жобада тәрбиеші қызметінің сипаты: тәрбиеші баланың серіктесі әрі оның өзін-өзі дамытудағы көмекшісі болып табылады.Тәрбиеші жобаның негізгі жетекшісі, әрі мәселені шешудегі баламалар тобы менжеке баламалардың жігер үйлестірушісі.Тәрбиеші жоба кезінде сырттай бақылайды, кеңесші әрі сарапшысы бола отырып, аз айтып балалармен көп ізденеді.Ақпарат көздерін тауып, ұсыныстар жасап отырады және жасалған жұмыстардың нәтижелерін бағдарлай біледі. Танымның барлық әдісін біріктіруші тақырыптық жобалар балаларға өз табиғатына жақын білім жолын ұсынады.Одан басқа,әр қайсысы өз бағыттары бойынша әрекет ете отырып (біреуі мүсін жасайды,сурет салады,оқиды, кітап жазады)барлығы да берілген тақырыпты жан - жақты ашып көрсететін қыруар мағлұматтар жинап,көрнекі нәтижелерге қол жеткізеді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың ересектеулері құм мен сазды қуана зерттейді,өзіндік ерекшеліктерін тани отырып,жүзуге кемелер жібереді,самалды тосады,суды түрлі түсті мұздақтарға айналдырып,ал күн көзін түрлі - түсті алауларға айналдырады,көпіршік жасап, сурет салып көреді,ал бұл арқылы балалар негізінде «Ауа қайда болады?», «Неге кемпірқосақ түрлі- түсті болады?» деген сияқты қиын сұрақтардың шешімін іздейді. Жоба кезінде бала (қашан? қандай?қайда?)деген сұрақтарға тәжірибе жасап,пайымдайды,іздестіреді,жауап іздейді,тілдік қарым- қатынастарға түсіп,өз ойларын әр түрлі білдіреді,не үшін әрекет етіп жүргенін түсініп,өз қызығушылығы мен арманын айтады. «Біз кафе ашамыз», «Өсімдіктерге қалай
8
әдемі болуға көмектесу керек?» деген сияқты кішігірім жобалар балалар мен ұстаздардың шығармашылық іс әрекеттерін талап етеді.
Ал «Мен және басқалар»,«Достар атызда өспейді», «Қалай өз өміріңнің әміршісі болуға болады?» деген сияқты әлеуметтік бағыттағы ұзақ мерзімге арналған жобалар балалар мен мұғалімдердің 3 айдан 6 айға дейінгі жұмысын талап етеді. Мектеп жасына дейінгі оқу мен тәрбие мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты педагогикалық үрдісінің бағдарлануын,жобалануын және құрылуын болжайды.
Білім беру ұйымдарында жобалау әдісі педагогтардың жобалау құзыреттілігін арттыру шарттарының бірі ретінде пайдаланылады.
Жобалау әдісін пайдалану педагогтарға инновациялық идеялар қосуға мүмкіншілік жасайды. Педагогтың жобалау құзыреттілігіне мыналар жатады:педагог жұмыстарының нәтижелерін жобалай білу; педагогикалық ықпал етудің жолдарын жоспарлау; тәрбие мен оқытуда кездесетін қиыншылықтардың нәтижелерін болжау; нақты педагогикалық тапсырмаларды бөліп көрсету, оларды шешу шарттарын анықтау; балалардың әр түрлі іс- әрекеттерін басқару жұмыстарын жоспарлау және тәрбие мен оқыту жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін, құралдарын таңдай білу. Педагогтардың жобалау құзыреттілігін қалыптастырудағы негізгі мақсат - ұсынылған мәселе бойынша жоба жасауға үйрету.Мектепке дейінгі білім ұйымдары педагогтарының кәсібилігін арттыру ретінде зерттеу, жобалау жұмысын дамыту. Инновациялық іс -әрекеттің ұйымдастырылуында маңызды рөл оқу - әдістемелік ісі мектепке дейінгі ұйымның әдіскеріне беріледі.
Оның іс- әрекеттерінің басым бағыттарынының бірі педагогтардың жобалау құзыреттілігін арттыру болып табылады.Жобалау әдісі жұмыстарын мектеп жасына дейінгі қолданысқа кіргізуді педагогикалық кадрлармен жұмыстар ұйымдастырудан бастау қажет. Әдістемелік қызметі өз жұмысын қарапайым ликбезден,яғни барлық мұғалімдерді қарапайым жобалау әдісі мен зерттеу әдісіне үйретуден бастай
9
алады.Сонымен бірге жобалық зерттеу жұмысынан қандай нәтиже күтетіндері туралы педагогтармен кішігірім сауалнама жүргізе отырып, жобалық іс әрекеттері бойынша әдебиеттердің библиографиялық тізімін дайындап және әдістемелік әдебиеттер таңдай біледі. Қорытындылай келе жобалау әдісі арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады:
Педагогтардың ақпараттық коммуникациялық технологиялар туралы білімдері анықталады, балаларды,ата - аналар мен мұғалімдерді кешенді сүйемелдеу қалыптары дайындалады(жоба бойынша шығармашылық топтың жоспары жасалды), әр бір педагог жеке кішігірім жобалар жасап, ақпараттық коммуникациялық технологиялар пайдалану сабақтарының конспектілері дайындалады, балабақшада даму ортасы жетіледі және кеңестер өткізіліп,педагогтарға практикалық кеңестер,
ал ата- аналарға жобаны жүзеге асыру бойынша кеңестер беріледі. Пайдаланған әдебиеттер: 1. Ф.Н. Жұмабекова. «Мектепкедейінгі педагогика
[100-108 беттер].2012 жылы2.Н.Е.Веракса. «Проектная деятельность дошкольников» 2006 жыл3. О.И Давыдова, А.А. Майер , Л.Г. Богословец«Проекты в работе с семьей» 2000 жыл4.Л.С.Киселёвой, Т.А.Данилиной, Т.С.Лагоды, М.Б.Зуйковой «Проектный метод в деятельности дошкольного учреждения» 2001 жыл.
10