Ата-аналар?а арнал?ан жиналыс-тренинг. Та?ырыбы: Не ексе?, соны орасы?
"№ 11 мамандырылған физика-математикалық мектеп" мемлекеттік мекемесі
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы
ағылшын тілі пәні мұғалімі Дельмухамбетова Манзия Айдынгалиевна
«Не ексең, соны орасың» тақырыбында ата-аналарға арналған тренинг- жиналысының жоспары
Тақырыбы: «Не ексең, соны орасың».
Мақсаты: Жас ұрпақты парасатты, ақылды, мейірімді жан-жақты азамат ретінде тәрбиелеудегі ата-ананың ролін көрсету. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптастасуына ата-ана беретін тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, қарым-қатынас орнату. Ата-аналарға оқытудағы жаңалықтар туралы мәлімет беру. Ата-аналардың мектеппен, сынып жетекшімен тығыз байланысын орнату.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, ситуациялық тарсырмалар.
Күтілетін нәтиже: Ата-аналар балаларының парасатты, ақылды, мейірімді т.б.жағымды қасиеттерге ие болуына өздері әсер ететіндігін мойындайды. Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы жаңа заманға сай жан-жақты білімді де тәрбиелі азамат қалыптаса- тындығын түсінеді.
Ресурстар: Интерактивті тақта, слайдтар, бейнероликтер, стикерлер, түсті бояулар. Тапсырмалар:
1.Топқа бөліну
2.Сұрақ-жауаптар
3.Талдау
4.Постер құру,қорғау
5.Ситуациялық сұрақтар
6.Ой қорыту
Кері байланыс: Стикерлерге өз ой-пікірлерін жазу
Мұғалім: Сәлемесіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі ата-аналар жиналысына хош келдіңіздер!
Ата-ананың тілегі-баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгішті , оқу мен еңбектегі табыстары. Құрметті ата-аналар! Біз ерекше ата-аналар жиналысын өткізгелі отырмыз. Бәріміз айнала шеңбер жасап, орнымыздан тұрайық және әрбір ата-ананы «Бала үшін ата-ана кім?» деген сұраққа бір ауыз сөзбен жауап айтып шығуды сұраймын (ата-аналар сұраққа жауар береді).
Әрқайсысы кезегімен:
-Өмірге әкеледі
-Оқытады.
-Тәрбиелейді.т.б.
- Ия, баламыздың алдында қанша міндеттеріміз бар екенін түсінеміз. Бала-ата-ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып, не басқа бір қатер төңгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімізді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі- баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бала тәрбиесі-қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Отбасы -адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы баланың басты ұстазы-ата-ана. Береке, бірлігі мол үлгілі отбасында тәрбиеленген баланың таным жүйесі мейлінше ауқымды, болашақ өркениетке қосар үлесі бар.
«Жас көңіл тың жер тәрізді,
Не ексең сол шығады, әрі мол шығады» деп әйгілі, атақты Ғабиден Мұстафин айтқандай, отбасы- баланың тәрбиесінің айнасы. Демек, баланы отбасынан тануға болады, яғни ата-анасың бір- бірімен, ата-анасының баласымен қарым қатынасы қандай екенің өз көзқарасынды қалыптастыруға болады.
Құрметті ата-аналар, біз енді топқа бөлінеміз.
1 топ-Әке
2топ-Шеше
3 топ-Отбасы
( ата-аналар топқа бөлінеді)
Мен сіздерді не үшін бұлай бөлді деп ойлайсыздар? (Ата-аналар жауап береді)
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек,
-дегендей,баласының ыстық-суығына күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар,сірә.Олай болса,бауыр етіңіз балаларыңызды жақсы көріп,еміренгенде не дейсіздер? (Ата-аналар жауап береді)
-Құрметті ата-аналар,енді түрлі-түсті бояуды пайдаланып,үлкен жүректің суретін салайық. (Ата-аналар постерге жүректің суретін бейнелейді)
-Ал, ашуыңызға тигенде, шыныңызды жазыңыздаршы, қандай сөздерді көп қолданасыздар?
(Стикерлерді таратамын, соған ата-аналар сөздерді жазады)
-Енді осы стикерлерді алдарындағы «Жүрекке» жапсырыңыздар. (Стикерлерді жүрек суретіне жапсырады)
Слайдтан «Сызат» бейнеролигін тамашалайды. («Сызат» бейнеролигі)
-Осы бейнеролик туралы қандай ойларыңыз бар, қандай әсер алдыңыздар, өз пікірлерімізді ортаға салайық, кұрметті ата-аналар. (Ата-аналар өз ойларын айтып шығады)
Жауаптар тыңдалады. Постерлерін қорғайды , түсіндіреді.
- Осындайда, Л.Н.Толстойдың «Ата-аналардың басты қателігі- олардың ең алдымен өздерін тәрбиелеп алмай, балаларын тәрбиелеуге тырысатындығын- да» деген қанатты сөздері еске түседі.
Ата-ана мен бала арасындағы осындай қарым-қатынастың салдары слайдтан көрсетіледі.
Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар. /Әр топ кезегімен жауап береді./
«Ата-анаға баласынан жаднама» ұсынылады.
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым демектің бәрі де-ақымақшылық», - деген шығыс даналығын келтіре отырып, ой түйіндегім келіп отыр:
-Бүгінгі жиналысымыздың жүрісін еске түсірейік. Бұрынғыдан өзгеше ме?
Ата-аналардың жауаптары:
-Шеңбер құрып,топқа бөліндік.
Жүрек суретін бейнелеп, сұрақтарға шынайы жауаптарымызды жаздық, жапсырдық, пікірімізді қорғадық.
Бейнероликтер тамашалап, ситуациялық сұрақтарға жауап бердік. Ата-аналар жиналысы өзгеше болып өтті.
-Бала- үйдің айнасы ғой, балаңызбен әңгімелескенде, ендеше, балаларыңыздың сабағында өзгеріс бары байқала ма?
-Тәуелсіз елдің ертеңгі қожасы, иесі-балаларымыз. Ертеңгі азаматтарымыз заман талабына сай озық ойлы, тәрбиелі, жан-жақты білімді болуы үшін оқыту саласында, соның негізінде мектебімізде оң өзгерістер бар. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» бағдарламасы негізінде мектебімізде сыныптар топқа бөлініп оқытылып жатыр.
Біз де бүгінгі тренинг-жиналысымызда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақтарымызда қолданғанымыздай, осы сіздерге салып көрдік. Балаларыңыздың осы әдісте білім алғанына қандай пікір білдіресіз? Жауаптары тыңдалады.
Ата-аналардан рефлексия алу.