ТЕХНИКАЛЫ? Ж?НЕ К?СІБИ БІЛІМ БЕРУ ?ЙЫМДАРЫНДА?Ы ТЕМІР ЖОЛ МАМАНДЫ?ТАРЫНЫ? БОЛАША?Ы МЕН ?ЗЕКТІЛІГІ


ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ТЕМІР ЖОЛ МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ МЕН ӨЗЕКТІЛІГІ
Жакупов Алишер Терикбаевич, жетекшісі Смагулова Айым Нуржаубаевна
Шалқар аграрлық-техникалық колледжіҒылыми жұмыстың өзектілігі: Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында дуалды білім беруді  қолданудың тиімділігі.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Техникалық  және  кәсіптік білім  жүйесін дамытуда  әлеуметтік  серіктестіктер  негізінде дуалды білім беру жүйесін қолдана отырып, заманауи техникалармен жұмыс жасау әдістерін меңгерту, бәсекеге  қабілетті білікті маман даярлау.
Жобаның міндеті:
- дуалды білім беруде жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеу;
- болашақ жас маманды оқу орны мен өндірісте қатар оқыту;
- еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті жұмысшы мамандар дайындау.
І.Кіріспе бөлім.
Дуалдық білім беру жүйесі − жаңа
индустрияландыру үшін кадрлар
дайындаудың тиімді жолы.
Н.Ә.Назарбаев.
Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында  «Таяудағы 2-3 жылда дуалды, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек»  яғни, келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет деп  атап көрсеткен.  Қазақстанның инновациялық болашағы еңбек ресурстары сапасына сай тікелей байланысты болғандықтан түбегейлі жаңа әдіс және технология  қажеттілігі туралы мәселеге  Елбасы аса назар аударды. Осыған орай, мамандарды даярлау жүйесінде оқытудың дуалдық жүйесін енгізу тапсырылды. Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады.
Дуалды білім беру дегеніміз, ол – техникалық-кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы  мамандарын даярлау деген сөз.
 ІІ. Негізгі бөлім.
"Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал" - дегендей, шынында бұл әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар екен. Осы көп салалы мамандықтар арасынан таңдау жасау әрине оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қоса алатындай болуы шарт деп есептеймін. Менің таңдаған мамандығым халқыма, адамзатқа көмегімді тигізсем екен деп армандайтынмын. "Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенді білдіреді екен.
"Сен де бір дүниеге Кетігін тапта бар,қалан!" -деп Абай атамыз айтқандай әр адам өзі өмірден орнын тауып, өзінің қалауымен бір мамандық таңдап, сол мамандық иесі болу керек. Олай болса, мамандық таңдау - өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау деген сөз емес пе?!Міне, менде бұл өмірімдегі бір кірпішімді қалай қалаймын? Болашақты кім боламын деген ойлар сансыз мазалады. Осылайша мен «Шалқар аграрлық-техникалық колледжінің» «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету» мамандығының «Тепловоз машинисінің көмекшісі» біліктілігін таңдадым. Бүкіләлем бойынша темір жол саласы мәнін жоймайтын мамандықтардың бірі, оның ішінде менің мамандығым темірдей тәртіпті талап етеді. Қиыншылығы мен қызығы қатар жүретін мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін, себебі, тәртіпке бағынған құл болмайды. Мен осы мамандығымды дуалдық оқыту жүйесімен байланыстырғанды жөн көрдім.
Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз-теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Ол алғаш Германияда пайда болып негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген. Дуалды оқыту жүйесі қазіргі дүние жүзілік тәжірибеде бар дүние. Оның жарқын мысалдарының бірі-германиядағы кәсіптік-техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық жүйесі. Мұнда оқушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды. Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі.
Теориялық біліммен қатар өндірістік практика кезінде білікті мамандар дайындау мәселесін шешуше бағдарланған құрылымдармен, сондай-ақ кәсіптік техникалық колледждерде сұранысқа ие болатын білім беру жүйесін енгіз жан-жақты талқылануы қажет. Мұндағы оқу процесінің ерекшелігі, 40% теория мен 60% өндірістік практика болса, онда білімгерлер өндірісте көп уақытын тиімді пайдаланып, мамандықты жан-жақты меңгеруге жағдайы болады. Осының нәтижесінде білімгерлердің жұмысқа жауапкершілікпен қарап, қызығушылығы мен өзіне деген ссенімділігі артады. Қазіргі кезеңде кәсіптік техникалық колледждер заманымызға сай жаңару үстінде. Мұның барлығы кәсіптік білім беруде оқытудың заманауи бағдарламалары мен оқыту әдістемелерін жаңғырту игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Дуалды оқытудың артықшылығы ең алдымен жас мамандардың жұмысқа орналасуының жоғарғы пайызын көрсетеді. Өйткені олар жұмыс берушінің талаптарына толығымен жауап береді. Дуалды білім беру процесі, ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, білімгердің шығармашылық іскерлік сапаларын, коммуникативтілігін, жұмысқа бейімділігін, рухани-адамгершілік мәдениетін және болашақ мамандардың сауаттылығын қалыптастырады
Әлемдік тәжірибеге қарағанда, білім берудің дуалды жүйесі мамандардың кәсіби дайындығын жоғарылатуға ықпал етеді. Еңбек өнімділігі артады, халықтың көшіп – қонуы азаяды, әлеуметтік шиеленіске жол берілмейді.
«Болашақ жастардың қолында»- демекші темір жол саласының бір кірпішін қалайтын еліне адал еңбек ететін нағыз азамат болатыныма сенемін.
  Қорытынды
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жүйесіне қызмет ететіннің барлығы - біздің еліміздің болашағына қызмет етеді» -деп атап көрсеткендей, дуалды білім беру жүйесі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік беріп, әрбір түлектің оқу орнын бітіріп шыққан соң жұмысқа орналаса алуына кепілдік береді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
3. «Дуалды оқыту жүйесі: кәсіби біліктілікті арттырудың жаңа мүмкіндігі»