«ИНФОРМАТИКА» ЭЛЕКТРОНДЫ? О?У ??РАЛЫН ЖАСА?ТАУ
ІІ «информатика» электрондық оқу құралын жасақтау
2.1 «Информатика» электрондық оқу құралын жасақтауда пайдаланылатын бағдарламаларБілім беру саласында электрондық оқулықтарды пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Оқу материалы студентке компьютер көмегімен тез, жылдам түсіндіріледі. Соның нәтижесінде студенттердің пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылады. Сондай-ақ, оқытушылар да өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші кұралдарды молынан ала алады. Міне, білімді жоғарылатуға электрондық оқулықтың қаншама пайдасы бар. Ал біздің елде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп. жұмыстар атқарылуы тиіс, мектептің, кәсіптік -оқу орындарының, колледждердің, жоғары мектептің және қосымша білім беретін курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар шығарылуы тиіс. Заман талабына сай жас үрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды пайдалану - білім берудің жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.
1. Пәнге байланысты қажетті оқу материалын іріктеп алу және оныңкүрылымын анықтау дәстүрлі оқыту материалының мейлінше нақтылап, ықшамдап алуға және ондағы сөздердің, сөйлемдердің, абзацтардың, тақырыптардың, тараулардың өзара байланысын мүқият зерттеп, айқындауға саяды.Мүны бай тәжірибелі пән маманының орындағаны жөн.
2. Оқулықтың интерфейсін жобалау кезеңі. Бүгінде жүргізіліп жатқанзерттеулер компьютерлік оқыту программаларының тиімділігі көпшілік жағдайларда оның интерфейстік жүйесіне байланысты болатындығын көрсетуде.Программаның безендірілуі студенттің ынтасына, қызығушылығына материалды қабылдау жылдамдығына, т.с.с. маңызды көрсеткіштерге тікелей әсерін тигізеді.
Шет ел психологтарының еңбектерінде компьютерлік программалардын безендірілуі жайлы көптеген зерттеулер жүргізілген. "Жақсы интерфейс ыңгайлы аяқ киімге ұқсас, - деп жазады атақты безендіру маманы М.Донской. -Оған ешкім көңіл бөлмейді. Көңіл аударған күнде де, "Мұнда тұрған не бар" – дейді. Ал нашар интерфейс барлық жұрттың назарында. Шындығында жақсы ұйымдастырылған интерфейсті пайдаланушы байқамайды, өйткені ол программаның ажырамас функционалдық бөлігі ретінде қабылданады" .
Шет ел және Ресей мамандарының зерттеулері негізінде компьютерлік окыту күралдарының интерфейсін жобалауда келесі мәселелерді ескерген жөн:
1. Безендіруде жүйелік тәсілді қолданудың ерекшеліктері. Жүйелік тәсіл -жүйелік безендірудің негізі, ол қүрылып жатқан үлгіні жобалау мен жасаупроцесіне, оны пайдалану мен оның ары қарай жұмыс істеуіне әсерін тигізетінфакторлардан қүралатын шығармашылық жобалаудың ерекше түрі. Бұлтәсіл программаны безендіруде дәстүрлі баспалық әдістерден басқа, информа-тика, семиотика, құрылымдық, лингвистикалық, функционалдық, коммуника-тивтік, компоненттік, құндылық т.б. сияқты ғылыми бағыттарды пайдалануғамүмкіндік туғызады.
2. Оқу материалдарының мазмүны мен қүрылымына койылатын талаптарды аньщтау. Студент жаңа оқу материалымен алғаш танысқан кезіндематериал мен осы материал жайлы өзі білетін информацияны салыстыруданбастайды. Мүндай салыстыру үйрену тиімділігін арттырады және бүл оку материалының психологиялық негізін, логикалық байланыстарын көрсету деңгейіне тәуелді анықталады. Электрондық оқу материалына және оның берілуіне қойылатын талаптар студенттің жаңа информацияны қабылдау қабілеттілігін және қызығушылық деңгейін анықтауға да тікелей қатысы бар.
3. Іздеу, жылжу, гиперсілтемелер жүйесін үйымдастыру. Оқу материалында бағдар алу оның мазмүндық жылжу, ауысу, сілтемелер жүйесінің қаншалықты тиімді үйымдастырылғанына байланысты.
“Ни одна болыиая книга, не должна выходить без указателя. Книга без указателя - дом без окон, тело без глаз, имущество без описи: не так легко ими вослользоваться", - дейді Я.А. Коменский .
Іздеу, жылжу, гиперсілтемелер жүйесі мынадай негізгі талаптарды қанағаттандыруы тиіс: электрондық оқулықтың оқытудың негізгі этаптарын бейнелейтін графикалық схема орналасқан кілттік экраны болуы тиіс, бұл студентке өзінің оқытудың қай кезеңіне жеткендігін біліп отыруға мүмкіндік туғызады; гиперсілтемелердің асты сызылатындықтан, оқулықтың материалын-Да асты сызылған мәтін бөліктері болмауы тиіс; гиперсілтемелер тізбегінде Жылжығанда олардың келесі қадамы қатар логикаға сүйеніп қүрылуы керек (Қайда алып барады? Нені көрсетеді?); программаның міндетті түрде іздеу жүйесі болуы қажет және кілттік сөздер мен мазмүн элементтері арасындағы мета-тегтер дұрыс қойылуы тиіс, т.с.с
4. Адамның түстер мен формаларды қабылдауының физиологиялық ерекшеліктерін ескеру. Адам көру сезімінің көмегімен 180 түрлі түсті қабылдай алады. Түс пен оның косылыстарының безендіру мүмкіндігі шексіз. Түрлі түстер адамның көңіл-күйіне түрліше эмоциялық әсер ететіні белгілі. Кей түстер адамды дем алдырса, кей түстер шаршатады. Түстер комбинациясы да адамға түрліше әсер етеді.
Оқыту программаларын жобалағанда адамның түстер мен формаларды кабылдауының физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Сонымен бірге құрамында қозғалып тұратын объектілері (анимация) көп оқу материалын қабылдау өте қиын, себебі қозғалып түрған объект адамның назарын өзіне аударады. "Анимациялык интерфейс - өте күшті қару, сондықтан оны аса сақ колдану қажет. Пайдаланушыны таң қалдырамын деген әрекет көп жағдай-ларда, пайдаланушының тез шаршауына себеп болады да, оның бүкіл жүйені кабылдамай тастауына соқтырады",-дейді М.Донской .
5. Оқулықты қүруда колданылатын қүралдарды анықтау. Казіргі талап-тарға сай электрондық окулық жасап шығаруда программалау тілдері (Dеlрhі,Vіsual Ваіс, С++, НТМL, Jаүа Sсrірt т.с.с.) және FгоntРаgе Ехргеss, МісгоsоftРublіshег. программалары да информациялық байланыстарды гиперсілтемелікұйымдастыру орталары және информацияны бейнелеудің мультимедиалыққұралдары сияқты жаңа компьютерлік технологияларды пайдалану арқылығана жүзеге асыруға болады.
Бүгінгі таңда окушылар мен студенттер үшін электрондық оқулық мектепте, ЖОО-да оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер қоры болып келеді. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады.
Оқытушы үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады. Сол себепті электрондық оқулықтарды әзірлеп, оны дамытудағы Республикалык білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығының (РБАО) жұмысы да қайта оралып келіп түсіп жатқан ұсыныстар мен пікірлер арқылы тиімділігін бірте-бірте арттыратыны талас тудырмаса керек
Компьютерлік оқу кұралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қәзіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақгарға қолдану үшін әлі де айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мүғалімдер де жиі айтып келеді. Соңғы кездегі компьютерлердің көптеп қолданысқа енуі бүл щюблеманың өте өзекті мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр.
Қәзіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шүғылданып келеді. Электронды оқулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықгырып отыра алатын және нәтижелік эмтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
Үйретуші программа қолданушыға теориялық материалды оқып үйренуді ұсынады. Бұл программадағы есептер мен сұрақтар адам мен машина диалогын ұйымдастыру үшін қолданылады.
Программаның талап ету типі 60 жылдардығы программалық үйретудің тікелей ұрпағы болып табылады, яғни қарапайым компьютерлік немесе автоматтандырылған үйретудің негізгі теориялық негізгі программалық үйрету болады. Қазіргі кезде “программалық үйрету” термині қазіргі кездегі компьютерлік технологиясымен тиісті. Программалық үйретудің негізгі элементі- есептердің тізбектелу ретін түсінетін программа. Көптеген құралдаржүйесі оқытушыларға әртүрлі жауаптар типін қолдана отырып үйретуші және бақылаушы тапсырмаларды құру мүмкіндіктерін береді.
1. Таңдаулы жауап. Үйренушіге тапсырма және дұрыс жауаптар жинағы беріледі. Дұрыс жауабын табу ықтималдығы келесілердің ең кішілеріне сәйкес келеді:
- бірнеше түрлі формада мағынасына қарай қайталануы
- таңдау үшін элемент санын көбейту
- 1-ші дұрыс жауаптың санын 2-ге немесе бірнешеге көбейту.
2. Конструкторлық бөлік жауап. Бұл типтің тапсырмасы мен жауап таңдау және бос конструкторлық арасындағы аралық. Конструкторлық бөлік жауабы оқытушы ұсынғын бөліктерден құралған.
3. Оңай конструкторлық жауап. Бұл типтің тапсырмасы автоматтандырылған үйрету және бақылау үшін қажет болып табылады. Бұл таңдаушы компьютермен өз тілінде байланыс жасауға мүмкіндік береді. Оңай конструкторлық жауап тапсырмасы үйренуші.Оңай конструкторлық жауап. Бұл типтің тапсырмасы автоматтандырылған үйрету және бақылау үшін қажет болып табылады. Бұл таңдаушы компьютермен өз тілінде байланыс жасауға мүмкіндік береді. Оңай конструкторлық жауап тапсырмасы үйренуші үшін қиып, себебі мүмкіндіктері не толық шек қояды және компьютерге жауап берерде ақылды жұмысты талап етеді.
Осындай құралдық программалар бар және ары қарай өңделуде.
Орындаушы программаның негізгі іс-әрекеттері:
- сұрақ және жауап нұсқалардың мәзірін беру
- анализ және жауап бағасы
Құралдық программаның көмегімен үйрету жүйесін құру 4 негізден тұрады:
1. Үйретуші программа сценарийін өңдеу. Мұнда педагог үйретуші программаға қандай оқу курсының қай бөлігін енгізу керектігіне шешім қабылдау керек.
2. Компьютерге жаңа программалардың жеке кадрлар текстік енгізу, сурет салу, бақылау фрагменттерін формалау. Мұнда, педагог компьютер функциясының кіші иелігі және енгізу және редакторлеу мүмкіндіктері болу керек.
3. Үйретуші программаның жеке элменттерін бүтін диалогтық жүйесімен байланыстыру, кадрлар арасында байланыс орнату.
4. Эксплуатация кезінде программаны қадағалау, оған жөндеулер және толықтаулар енгізу.
Құралдық жүйе тәсілдерімен үйретуші программаны құру басты кедергілерді құртуға көмектеседі. Компьютер технологиясын үйренудің бірінші қадамы бақылаушы программаларды қарастыру керек.
Үйрету кезінде компьютерді жеке бағытта қолдану – пәндік оқу құралы интегралдану және информатика. Мұнда компьютер үйрену үшін ғана емес, сонымен бірге математика, биология, физика, экология , геология пәндерін оқып үйренгенде ақпараттарды оң дейді: құралдық программалар арқылы компьютерде аналогтық түрдегі математикалық есептерді шешуге болады.