Мектеп жасына дейінгі балалар?а экологиялы? т?рбие беруді ?алыптастыру жолдары
“Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруді қалыптастыру жолдары ”. Экологиялық мәдениетін қалыптастыруда жас ұрпақты елін, жерін сүюге ,табиғатты аялауға экологиялық сананы қалыптастыруға баулу. Міндеттері: Өлі және тірі табиғат арасындағы байланысты ұғындыру. Адамзат -табиғаттың перзенті сөзінің мағынасын бала жасына сәйкес үйрету. Жер, күн, су, ауа төрт құдірет мәнін түсіндіру. Балаларды зиянды әдеттерден сақтандыру . Табиғатқа байланысты мақал – мәтелдердің мағынасын ашу. Жұмбақ жаңылтпаштар үйрету. Табиғатты қорғаудағы халық болжамдары. Туған жердің табиғатын сүюге тәрбиелеу, халықтық тағылымдарды бойларына сіңіру. Дене күтімін білу, өзін таза ұстау, аурудан сақтануға тәрбиелеу. Табиғат туындыларына қиянат жасамауға тәрбиелеу . Міндетті жүзеге асыру жолдары: 1. Аздап ақыл қоясың, бұзба құстың ұясын.2. Бекер елікпе, қызба, Құмырсқа илеуін бұзба.3. Жалғыз ағашты кеспе, Жұма күні көшпе. Мысық қабырғаны тырмаласа, ауа райы бұзылады.Қарға қанатының астына тұмсығын жасырса, күн суытады. Сары шымшық ысқырса – шынымен күздің болғаны. Халық болжамдары
Ырым-тиымдар Жаңылтпаштар 1. Қыста боран, қар болар Қыздар шәлі,орамал оранар.2. Гүлім гүлге қарап күлімдеді, Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді.3. Қыста құлағым үсіп кетті, Үсіп, үсіп, үсіп кетті. Мақал – мәтелдер 1. Сәуір болса, күн күркірер Күн күркіресе, көк дүркірер. 2. Қаз келсе, жаз келер3. Бір ағаш кессең, Он ағаш отырғыз. Кәусар ауа, мөлдір су Күте алмасаң болар у ( экология)Әуеден күбі түсті, Күбінің түбі түсті (күннің күркіреуі)Қара таудың басында,Киік кетіп барады.Қол аяғы бауырына,Тиіп кетіп барады.(тұман) Ырым-тиымдар Экология көшбасшысы Экологиялық процесс Тәжірибелер жинағы Тестілеу әдісі Шиеленіскен сұрақтар Тәжірибе алаңы Экологиялық жарғы Қасиетін, дәмін жеткізе сипаттау Балалардың экологиялық білімдерін жетілдіру әрекеттері
Тірі табиғат Ертегілер Жануарлар әлемі Өлі табиғат Өсімдіктер әлемі Қоршаған орта Экологиялық тәрбиенің қозғаушы күштері Табиғат құбылыстары Ойындар
Топтастыру әдісі:Табиғат деген не?Табиғат бізді қоршаған орта.Табиғат нешеге бөлінеді?Екіге, өлі және тірі табиғат. Тіріге: гүлдер, ағаштар, шөптер, құстар. - Өліге: су, құм, топырақ, қар, мұз “Кубизм” әдісі арқылы судың қасиеттерін түсіндіру.Судың қандай қасиеттерін білесіңдер? Айтып беріңдерші. Иісі жоқ, түссіз, мөлдір. 1. Судың иісі бар ма? 2. Судың пайдасын білесіңдер ме? 3. Судың қандай зиянды қасиеті бар?Ү. Тәжірибе көрсету. Судың қасиетін әңгімелеуКөл, мұхит, өзен, көл сулары күн көзі жылуынан буға айналып, жаңбыр болып жауады екен.Жаңбыр жауса жер көгеріп, шаңбасылады, ауа тазарады. Дәрігер кеңесі:Қайнамаған су ішуге болмайды,су ішерде әр адамның жеке өз ыдысы болу керек т. б кеңестер айту. өте жақсы - 6 жақсы - 8 орта - 5 Зерттеу нәтижесі - 74 % Жалпы қорытындылай келіп, балаларымның білім деңгейіне зерттеу нәтижелерін жасағанда барлығы да өте жақсы және жақсы деген бағаны иемденді Терезедегі ою – қырауды бақылап, оны қағаз бетіне бейнелеуге үйретілді Көктемде терекке құстар ұясын іліп, оларды жақын жерден бақылау үшін балаларға мүмкіндік жасалды. Қыстап қалатын құстарға «Жем шашар» жасап олардың қоректенуі бақыланды Шатырдағы мұздақтың неге ұқсайтыны бақыланды Ақпан айының аязды күндері тал - терекке қонған қыраумен таныстырылып, оның жабысқақ емес, сәл қозғалса сауылдап түсетіні бақыланды.