Айналамен танысу Алтын адам туралы а?ыз
Сабақ тақырыбы: Алтын адам туралы аңыз Мектеп: КММ «№11 ЖОББМ»
Күні: 24.02.2017 Мұғалімнің есімі: Адильбекова Л.А.
СЫНЫП: 1 «А» сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты: 1.3.1.2 көне заманның танымал тарихи ескерткіштері/ жәдігерлері туралы әңгімелеу
Тілдік мақсат: нумизматика – нумизматика – numismatics; аңыз – легенда – legend;
батыр – батыр – batyr.
Ресурстар: Балмұздақ таяқшалары, аю терісі, ұлу балауыздары, тұз, бидай, ұн, тары, күріш, монеталар, «Алтын адам» суреті.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Алтын адам туралы аңызбен танысy;
бұрынғы заман мен болашақ арасындағы айырмашылықты түсінy;
Оқушылардың басым бөлігі:. сұрақ қоюды, тарихи оқиғалар туралы үзінді айтуды үйренy.
Кейбір оқушылар: сұрақ қоюды, тарихи оқиғалар туралы үзінді айтуды үйренy.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басталуы І. Шаттық шеңбері
(Ұ)Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық, достарым
Арайлап атқан күнге!
А) топқа бөлу
Балмұздақ таяқшалары
Ортасы ІІ. Кітаппен жұмыс /Ертедегі айырбас/
Оқушылар суретте бейнеленген заттар туралы ойларын айтады. Ерте заманда ақша ретінде тұзды, мал терісін, малды, ұлу қабыршағын және т.б. қолданған.
Сұрақ: Бұл саудада заттарды қолдану ыңғайлы ма?
ІІІ. Зерттеу жұмысы / Ертедегі айырбас қалай болған?/
Осындай айырбас түрі адамдарға ыңғайсыз болғандықтан адамдар монеталарды ойлап тапты.
Нумизматика
Нумизматика – тиын, құйма ақша коллекциясы арқылы тиын соғу, ақша айналымы тарихын зерттейтін қосалқы тарихи ғылым саласы. Осы саладағы ғылыми зерттеудің негізін қалаушы австралиялық ғалым, «Ежелгі осы нақты ма? Жайнар! туралы ғылым» еңбегінің авторы И.И. Эккель (1737–1798).
Тиын – бұл белгілі бір салмағы, пішіні, құндылығы бар металл құйма. «Тиын» атауы Монета Юнон әйел құдайының атынан шыққан.
Аверс – тиынның немесе медальдің оң жағы. Реверс – тиынның теріс жағы.
Аңыз деген не? «Аңыз» сөзі бізге латын тілінен енген. Бұл халық ауыз шығармасы түрлерінің бірі. Бірақ ертегілерден ерекшелігі шынайы өмірді суреттейді. Жазу әлі болмаған кезде аңыз ауыздан ауызға беріліп отырған. Тиындардағы барлық жазбалар да аңыздар деп аталады.
ІV. Видеоролик /Алтын адам туралы аңыз./ Ерте заманда қазақтың ұлан байтақ даласында бір тайпа мекендепті. Бұл тайпаның балалары бір-біріне ұқсас болған және бір тілде сөйлеген екен. Халқы күшті әрі бай болған. Қасқалдақ батырдың отбасында 9 ұл болыпты. Күндердің күнінде оныншы ұл дүниеге келіпті. Оның ұзын алтын бұрымы болған дейді. Сондықтан оны Алтын Айдар деп атаған екен. Оны барлығы еркелеткеніне қарамастан Алтын Айдар қыңыр болмапты. Кішкентай кезінен бастап ол атпен шабуға құмар болып, бәйгеде әрқашан бірінші келеді екен.
Күндердің күнінде тайпаға шығыстан қаһарлы жау келе жатқаны туралы жаман хабар келеді. Халық жиналып, жауға қарсы шығуға шешім қабылдайды. Батыр Қасқалдақ бас қолбасшы болады. Атты әскерлер темір сауыт киіп, болаттан жасалған өткір семсер мен қылыш тағынады. Бәрінен де Алтын Айдар жақсы жасақталады. Жас батыр алтын сауыт-сайман тағынады, басына дулыға киіп, кеудесі мен арқасын алтын кіреукемен жапты, беліне алтын белдік тағынды. Аяғына ұшы үшкір, алтын өрнекпен өрнектелген қонышы биік етік киді. Ол өз әскерімен жауға қарсы шапқанда, алтын киімі ұшқын шашады екен. Оның пайда болғанының өзі жауға үрей туғызады. Жау Қасқалдақ әскерін жеңе алмады. Үш күндей айқасқан соң екі жақ та бітімге келеді. Бірақ жау Алтын Айдарды қулықпен жойып жібергісі келеді. Жау оғы да, басқаның семсері де Алтын Айдарды жеңе алмады. 18 жасында ол қатты науқастанып, қайтыс болады. Оны сол үстіндегі алтын киімімен жерлеген екен. Қабірінің жанына «Сен бізден болашаққа ерте кетіп қалдың.....» деген жазуы бар күміс ыдыс қойылған.
1969 жылы Алматыға жақын Есік қорғанында археологтар «Алтын адамды» тапты. Ол жерде көмілген адамның шамамен алғандағы жасы 18 жас. Қабірінде киімдерге, аяқ киімге және бас киімге тігілген, алтыннан жасалған төрт мыңнан астам әшекей бұйымдар, сонымен қатар алтын балдақ сақиналар, мүсіншелер, қалайы және алтын қару-жарақ, әртүрлі ыдыстар табылды. Жазуы бар күміс ыдыс тар біздің ата-бабамызда жазу өте ертеде пайда болғанын дәлелдейді.
V. Жұлдызды сәт. Жаңа тақырып бойынша сұрақтар. Әр дұрыс жауап үшін жұлдызша беріледі.
VІ. Ширату жаттығуы.
VІІ. Топпен жұмыс.
1.топ: Алтын адам бейнесін бояу.
Дескриптор: Алтын адам бейнесін бояйды.
2.топ: Алтын адамға тән заттарды топтастыру.
Дескриптор: Алтын адам бейнесін тән заттарды ажыратады.
3.топ: «Өз монетаңды ойлап тап»
Дескриптор: Топта талқылай отырып өз монеталарын ойлап табады, суретін салады.
VІІІ. Бекіту
Оқушылар «Мен түсіндім ағашына» жаңа тақырып бойынша не түсінгендерін жазып, жапсырады. АКТ
«Алтын адам» бейнесі, А3 қағаз, фломастер, түрлі-түсті бояу қарандаштар
«Мен түсіндім ағашы», стикерлер
Соңы ІХ.Кері байланыс: «Ғажайып аралдар»
Кемелер
Бағалау Оқушылар
–– теңгенің пайда болу тарихын; –– Алтын адам туралы аңызды білді;
Оқушылар
–– аңыздың мазмұнын айтуға; –– сұрақтар қоюға және оларға жауап беруге үйренді.
Оқушылармен «Жұлдызды сәт» ойынын өткізіңіз. Жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойыңыз. Әр дұрыс жауап үшін жұлдызша беріледі. Кімде жұлдызшаны көп болса, сол жеңеді.
–– Теңгелер туралы ғылым қалай аталады? (Нумизматика).
–– Алтын Айдар қандай болып өсті? (Оны барлығы еркелетті, бірақ ол қиқар болған жоқ).
–– Алтын Айдардың сауыт-саймандарын сипаттаңдар (Жас батыр алтын сауыт киді, басына дулыға киді, кеудесі мен арқасын алтын кіреуке жауып тұрды, беліне алтын белбеу тағынды, аяғына алтынмен безендірілген үшкір биік етік киді).
–– Археологтар Алтын адамды қай жерден тапты? (Алматы маңындағы Есік қорғанынан). Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?