Алтын адам туралы а?ыз


Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абаймен таныстыру, адам бойында кездесетін 5 асыл қасиет пен 5 дұшпан қылықтарды ұғындыру, ақын шығармаларын оқып үйренуге баулу;
ә) дамытушылық: мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын байыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;
б) тәрбиелік: адамгершілікке, ғылым, білімге бейімдеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, cөздікпен жұмыс
Сабақтың көрнекіліктері: А.Құнанбаевтың портреті, тірек сызбалар.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.2. Үй тапсырмасын тексеру.
Ы.Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық» өлеңін мәнерлеп оқыту.
3. Жаңа сабақ.1 . Абай өміріне қысқаша тоқталу
аудармалары Ибраһим 1845-1904ж
2057400232410
8 мыңға жуық өлеңдері әкесі Құнанбай

45 қарасөзі Шешесі Ұлжан
Ахмет-Риза медресесі әжесі Зере
2 . Әдебиет теориясы.
Өлең – поэзиялық жанр түріне жатады. Онда ұйқас болады.
Мысалы:
Ғылым таппай/ мақтанба, -а
Орын таппай/ баптанба, -а
Құмарланып/ шаттанба, -а
Ойнап/ босқа күлуге. -б
Өлеңнің құрылымдық жүйесі
1- шумақ
4 тармақ
2 бунақ
ұйқас – 1-а, 2-а, 3-а, 4-б қара өлең ұйқасы
3. Оқулықпен жұмыс.
Абайдың көп өлеңдері мәдениет пен білімге арналған. Бүгін біз Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен танысамыз.
А.Өлеңді мәнерлеп оқу
Б.Өлеңді оқушыларға шумақ бойынша тізбектеп оқыту, мазмұнын ашу.
5. Семантикалық картаны толтыру.
Тақырыбы Авторы Жанры Түйінді ой Негізгі идеясы
Ғылым таппай мақтанба Абай Құнанбаев поэзия Жас уақытта оқып, білім алуға шақырады Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
6. Мағынаны тану стратегиясы.
Бес асыл іс дегеніміз не?
Бес дұшпан дегеніміз нелер?
6.Сабақты бекіту.
Адамдарға
қандай қасиеттер
керек?

- Мына қасиеттерді оқып, қажеттісін белгілеңдер. (параққа жазылған қасиеттер, таза парақ «Топтастыру» үшін).
Қасиеттері:
Еңбекқор
Әдепсіз
Мейірімді
Ақылсыз
Надан
Дарынды
Залым
Өз Отанын сүйетін патриот
Еріншек
Сауатты
Білімді

7.Үйге тапсырма.
Өлеңнен үзінді жаттау.
Өз таңдаулары бойынша өлең шумағын талдау.
8. Бағалау.