Мектептегі п?н апталы?ы туралы ереже
Бекітемін ___________
Рудный қаласы әкімдігінің
«№7 орта мектебі» КММ
директоры Қ.И.Бірманова
Мектептегі пән апталығы туралы ЕРЕЖЕ1. Жалпы ережелер1.1. Мектептегі пән апталықтарын әдістемелік бірлестіктер жыл сайын мұғалімдердің кәсіптік құзіретін арттыру мақсатымен әдістемелік жоспар шеңберінде, сондай-ақ оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамыту үшін өткізеді.1.2. Пән апталығының міндеттері:• мұғалімдердің кәсіптік шеберліктерін ашық сабақтар мен сыныптан тыс шараларды дайындау, ұйымдастыру және өткізу арқылы жетілдіру;• оқушыларды дербес шығармашылық қызметке тарту, олардың зерделенетін пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру;• белгілі бір оқу пәнінен шығармашылық қабілеттерге ие оқушыларды айқындау.2. Пән апталығын ұйымдастыру және өткізу тәртібі2.1. Пән апталығы мектептің жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.2.2. Пән апталығын дайындау және өткізу жоспарын оны өткізу басталардан бұрын бір аптадан кешіктірмей мектеп директоры бекітеді.2.3. Пән апталығын ұйымдастырушы әдістемелік бірлестік болып табылады. 2.4. Пән апталығына қатысушылар:• ол бойынша пән апталығы өткізілетін пәнді немесе мектептегі пәндер тобын оқытатын барлық мұғалімдер;• ол бойынша пән апталығы өткізілетін пәнді немесе білім беру саласын зерделеуші мектеп оқушылары болып табылады.2.5. Пән апталығы шеңберінде:• пәндік олимпиадалар;• пән бойынша дәстүрлі емес сабақтар;• қатарлас оқу сыныптарында сыныптан тыс шаралар;• мектепішілік шаралар өткізілуі мүмкін.2.6. Пән апталығын өткізуге мектептегі АТҚ қолдану. 2.7. Пән апталығының қорытындылары бойынша оқушылардың қалалық пәндік олимпиадаға ,зияткерлік сайыстарға қатысушылар анықталуы мүмкін.2.8. Пән апталығының қорытындылары бойынша белсенді қатысушылар ескеркіш сыйлықтармен, жүлделі орындармен және мақтау қағаздарымен марапатталады.2.9. Пән апталығы аяқталғаннан кейін әдістемелік бірлестік отырысында пән апталығы барысында ұйымдастырылған шараларға талдау жасалады.3. Пән апталығының қорытындылары бойынша директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарына мәтіндік есебі тапсырылады.