Внеклассное мероприятие ?ызы?ты генетика
Күні:
Сынып:9-10
Сабақтың мақсаты: оқушыларға генетика ғылымының пайда болуы және дамуы туралы білім беру, генетик ғалымдардың еңбектерімен таныстыру. Генетика ғылымының биология заңдылықтарын түсіну туралы айту.Сабақтың міндеттері: генетика ғылымы нені зерттейтіндігі туралы түсінік беріп Г. Мендельдің гибридиологиялық әдісі жайлы тереңірек сипаттау.Генетикалық есептерді шығаруды еске түсіру.
Сабақтың жоспары:
1.Эстафета: «Генетикалық сұрақтар»
2.Мендельдің заңдарын еске түсірү
3.Есеп шығару.
4. Қорытынды
1.Эстафета: «Генетикалық сұрақтар»
Генетика дегеніміз не? (Организмдердегі тұқымқуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылым)
Тұқымқуалаушылық дегеніміз не?(Белгілерді ұрпақтан ұрпаққа беруі)
Генетика терминін кім ұсынды? (Бэтсон 1906 ж)
Генетика ғылымының негізін қалаушысы кім? (Г.Мендель)
Ген д-з не? (ген хромосома немесе ДНК бір бөлшегі)
Геноитп д-з не? (ата-анадан алынатын гендердің толық жиынтығы)
Фенотип д-з не ? (организмге тән ішкі және сыртқы белгілердің жиынтығы)
Доминанты д-з не? (бірден жарыққа шыққан белгі)
Рецессив д-з не? (көрінбей қалған белгі)
Гомозигота д-з не? (тек бірыңғай доминнтты немесе рецессивті аллельдерден тұратын организм)
Гетерозигота д-з не? (әртүрлі аллельдерден тұратын организм)
Моногибридті будандастыру д-з не? (бір белгі бойынша будандастыру)
Дигибридті будандастыру д-з не? (екі белгі бойынша будандастыру)
Полигибридті будандастыру д-з не? (бірнеше белгі бойынша будандастыру)
2.Мендельдің заңдарын еске түсірү.
Оқушыларға екі конверт беріледі,біреуінде 1 заң,екіншісінде 2 заң.оны дәлелдеу керек.
3.Есеп шығару.
Аа хАа
АА х Аа
Аа х АА
Аа х аа
Осы генотиптерден қандай гамета түзіледі?
АА
Аа
аа
АаВв
АаВвСс
ААВВСС
1 есеп:Көккөзді ер адамның ата-анасы қаракөзді.Ол қаракөзді әйелге үйленді.Осы әйелдің әкесі көккөзді,ал анасы қаракөзді болған.Осы некеден қаракөзді бала туыпты.Осы баланың әке шешесінің генотиптері қандай?(Қаракөз доминантты белгі)
Белгі ген генотип
Қара көз А АА ,Аа,А-
көккөз а аа
Р♀Аа х ♂ аа
А а а
F Аа
Жауабы: ер адамның генотипі- аа,ал әйелдікі- Аа.ал баланікі –Аа
2 есеп : Гомозиготалы қара сиыр қызыл бұқамен будандастырды.(Қара –доминант).Бұзаудың түсі қандай болады?генотип және фенотипті анықтаңыз.
Р ♀ВВ х ♂ вв
В в
F Вв
Жауабы:бірінші ұрпақ фенотип бойынша қара,генотип бойынша гетерозиготалы.
4.Қорытынды.