Тай-тай технологиясы ауыл балаба?шасында


АУЫЛ БАЛАБАҚШАСЫНДА  «ТӘЙ - ТӘЙ»
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯНЫ
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
 
 

 
Баяндамашы:
 
Ауыл балабақшасында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы  «Тәй-тәй» технологиясының тиімділігі.
 
Ел болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие-адам қалыптасуының алғашқы сатысы. Заманға лайық тәрбие мен білім беру жүйесін кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, шығармашылықты, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді.
         Балабақшада балалардың білім-тәрбие алуына барлық жағдай жасалған. Балабақшаның басты мақсаты балалардың шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал ету, бүлдіршіндерге білім  мен тәрбие беріп қана қоймай әр баланың «менін» ашу. Сол «менді» шығармашыл тұлғаға айналандыру. Балалардың жеке тұлғалық қабілетін ашу үшін тәрбиешілер жаңашылдықпен, ізденімпаздықпен «Тәй-тәй» технологиясы бойынша жұмыс істеуде.
         «Тәй-тәй» инновациялық технологиясының басты мақсаты балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту болып саналады.
         «Тәй-тәй» технологиясының басты міндеттері:
-  Оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлға ретінде қарау;
-  балалардың іс-әрекеттерді таңдау мүмкіндігі;
-  белсенділік және дамытушылық орталықтарының жеткілікті болуы; сонымен бірге отбасының оқу-тәрбие ісіне қатысы;
- ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне, шараларға бірлесіп қатысуы.
         Біздің балабақшада ересек пен естияр топтарына бірнеше белсенділік орталықтар: математика, бейнелеу (өнер), көркем әдебиет, ғылым, тіл дамыту (сауат ашу) және сюжеттік-рольдік ойын  орталықтары жасақталып, керекті құралдар балалардың өз бетінше алып пайдалануына қолайлы жерге орналасқан. Белсенділік орталықтарында балалар саны 5-6 дейін, бұл әр баламен «көзбе-көз» қарым-қатынаста болып, жеке сөйлесіп, жұмыс жүргізуге берілген материалды игеруге мүмкіндік береді.
Белсендік орталықтарында көрнекі құралдарды мазмұнды суреттерді, ертегі кейіпкерлерінің қуыршақ театры, түрлі ойыншықтардың, үлестірмелі құралдардың жеткілікті болуы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізуде тиімді нәтиже береді.
         Көркем әдебиет орталығында балалар ертегідегі кейіпкерлерге бөлініп ойнайды, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында тапсырмаларды орындайды. Елестету және зейін қою дағдыларын дамыта отырып, сөздік қорларын дамыту.
 
         Ғылым орталығында зерттеу және шығармашылық әрекет, ғылыми түсініктерді дамыту және зерттеу әрекеті балалардың қызығушылығын арттырады. Бала «Қалай?» және «Неге?» деген сұрақтарға жауап алып, өздерін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды танып біледі.
 
         Өнер орталығында балалар шығармашылық ойларын жүзеге асырады. Бейнелеу өнерінің түрлері туралы түсініктер беріледі. Сурет салуға беймдеу арқылы мүсіндеу, жапсыру арқылы сәндік қолданбалы өнерге үйретіледі.
 
Еліміздегі тілдердің үш тұғырлы саясатын жүзеге асыруға байланысты бүлдіршіндер тіл дамыту орталығында орыс және ағылшын тілдерін үйренуде. Оқу іс-әрекеттері ойындық формада өткізіледі, балалардың шаршамауына мүмкіндік береді, ғажайып сәттерді, ойын – саяхаттарды, көркем сөзді пайдалану жаңа сөздерді тез меңгеруге көмектеседі. Бұл технологияның тағыда бір ерекшелігі – балалар санының аз болуы, бұл кезде әрбір балаға жеткілікті уықыт бөлуге болады. Мектеп жасына дейінгі балаларды үш тілге үйретуде бала тілді қарым-қатынас құралы ретінде меңгереді, жекелеген сөздер мен сөйлем үлгілерін үйреніп қана қоймай, пікірін айта білуге машықтанады.
       
         Сюжетті-рольді ойындар орталығында «Асхана», «Отбасы», «Емхана», «Дәріхана», «Құрылыс» ойыны, «Дүкен», «Пошта» т.б. ойындары арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын жетілдіріп, диалогты сөйлей білуге үйрету, үлкендер еңбегін құрметтей білуге, бірін-бірі сыйлауға, ұйымшыл ойнауға және бір біріне көмектесуге тәрбиелейді.
         
         Балабақшамызда ата –анамен  ынтымақтастықта отбасы ролін түсіну және бағалау, қоғаммен араласу үшін әртүрлі тәсілдерді меңгеру  көзделеді.
Ата – аналармен бірлескен жұмыста  күтілетін нәтиже:
Бала дамуы туралы ақпарат, бала жетістіктері үшін ризашылық, оқып – үйрену және балаларға білім беру үдерісіне қатысу мүмкіндіктері.
«Тәй – тәй» технологиясын толық меңгеру үшін «Жауқазын» балабақшасының  10 тәрбиешісі  «Step by step» инновациялық әдістемесі бойынша «21 ғасырдың білікті педагогы» курсын аяқтап, сертификат алды.   
  «Step by step» инновациялық технологиясы: ізденіс пен шығармашылық тақырыбында және «Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үрдісті жаңаландырудағы инновациялық педагогикалық технологиялар» атты облыстық семинарларға балабақшаның тәрбиешілері мен пән мұғалімдері қатысып жаңа «Тәй-тәй» технологиясының ерешеліктерімен танысты.
              
 
2014 ж. сәуір айында балабақшада «Тәй-тәй» инновациялық технологиясын ұйымдастыру» тақырыбында Түпқараған аудандық білім үйлестіру орталығының басшылығымен аудандық семинар өткізілді. «Балдәурен» ересектер тобында «Құстар біздің досымыз», «Балдырған» естияр тобында «Жеміс ағаштары» тақырыбында кіріктірілген оқу іс-әрекеттері ұйымдастырылды. Семинардың соңында ауданның балабақшаларынан келген тәрбиешілер, пән мұғалімдері «Тәй-тәй» технологиясын пайдаланудың тиімділігі және ерекшеліктері жөнінде пікір алысты.
     . 
Баланың ерте жастан шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында тек оқу іс - әрекетімен немесе жаңа технологиямен шектелмей, өнердің әртүрлі саласы бойынша іргелі жұмыстар атқарылып келеді.
Балаларды өнерге баулуда оқу іс-әрекеттерінен тыс бірнеше үйірмелер- би, көркем сөз оқу, вокал, қуыршақ театры, бейнелеу өнері, ер балалар хоры, фольклорлық ансамбль жұмыс істейді. Осы үйірмелер нәтижесінде балабақша өнерпаздары республикалық байқаулардан көрініп жүр. Сонымен қатар облыстық деңгейде үлкен мәдени шараларда өнер көрсетеді.
 
 
 
 
 
Облыстық және аудандық дәстүрлі түрде өтетін мектеп жасына дейінгі балалардың «Жауқазын» шығармашылық байқауында бүлдіршіндеріміз Балғабай Досбол «Әнші балапан» номинациясы бойынша бас жүлде, «Жауқазын» бишілер тобы «Би Ырғағы» номинациясы бойынша бас жүлде, Ақболатқызы Аружан «Нұрға бөлену» номинациясы бойынша екінші орынды, Мұрат Жамила «Әрқашан күн сөнбесін!» атты сурет сайысында І орынды, Мырзабек Інжу ІІ орынды  иеленді.
         
 
Жалпы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы негізге ала отырған  «әдіс» баланың бойындағы дарынын ашып көрсету үшін «Мадақтау» тәсілі басты назарда болу керек.
Ата – анаға немесе балаға қандай жағдайда да бірінші «жақсы» жәйттарға көбірек тоқталып, соңынан «түзету», «үйрену», «көңіл бөлу», «жаттығу» деген сөздер арқылы кемшілігін аса назар аударатындай жұмсақ сөзбен жеткізіп айту керек.  Мысалы: Балаға өте жақсы айтып тұрсың, киіміңде әдемі, тек «мына бір жерін жөндесең, өте тамаша болайын деп тұр» десең, бала өлеңді немесе әнді айтып келе жатқанда тәрбиеші ескерткен тұсқа келгенде жігерленіп, мән беріп орындауға машықтанады.
Ата – анаға да сол сияқты «балаңыз өте тамаша,жақсы көңіл бөліпсіз, тек екеуіміз бірлесіп «мына жерін» дұрыс айтуға үйретейік» деп назар аударту арқылы бала бойындағы дарындылықты айқындап, шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде дамыта аламыз. Ата – анамен бірлесіп жұмыс жасау әрбір «мектепке дейінгі ұйым» қызметкерлерінің басты ұстанымы болуы керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  «Жаңа әлемде Жаңа Қазақстанды құратын, XXI ғасырдағы Қазақстанды беделді, мықты, гүлденген мемлекет жасайтын азаматтар ұрпағы, Отаны мен өзінің игілігі үшін саналы таңдау мен шешімдер жасауға қабілетті, жан – жақты дамыған тұлғалар болып тәрбиеленуі керек» деген.Елбасы сенім артқан еліміздің өркендеуі мен гүлденуі-болашақ  ұрпақ  қолында.Олай болса, болашақ ұрпақты тәрбиелеуші әріптестер: Жас ұрпақты жаңа инновациялық технологиялар арқылы тәрбиелеу, олардың жан – жақты дамуының алғашқы баспалдағы және «Тәй – тәй» технологиясының тиімділігі бала жанын түсінетін тәрбиешілер мен пән мұғалімдерінің шеберлігінің арқасында күшіне ене алады.