?ыздар , ?ыздар с?лу ?ыздар 9-11 сынып ?ыздарымен


Тақырыбы : «Қыздар,қыздар, сұлу қыздар ...» ұлттық шоу
Мақсаты : Қыз балалар бойында әдеп пен сыпайылық , тазалық пен адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, білімді де білікті қыз бала тәрбиелеу.
Түрі : Ұлттық шоу
Көрнекілігі : презентация , қыз туралы нақыл сөздер, гүлдер,шар т.б
Барысы :
Диалог
-Бір жүргізуші «Кыздарға әсемдік жарасады» әнін айтып отырады .
Жазира ;
-Нұргүл апай, не айтып отырсыз әндетіп, ана жақта бізді көрермендер, қыздар күтіп отыр, ал сіз болса отырсыз . (Апайы еш көңіл аудармайды.)
Жазира
-Апай, апай ?!
Нұргүл
-Ой, Жазира! Ұмытып кетіппінго бүгін біз «Қыздар ,қыздар, сұлу кыздар....» ұлттық шоуды жүргіземіз екенго. Кеттік онда не отырыс.
Жазира
Армысыздар, құрметті көрермендер, қонақтар , әдемі де әсем сұлу қыздар ! Бүгінгі «Қыздар, қыздар сұлу қыздар...» ұлттық шоуымызға қош келдіңіздер.
Нұргүл
Қызға құрмет -елдіктің өлшемі. « Дүниедегі сұлулық атауы күн нұрына,қыз жанының ажарына, ананың мейірінен жаралған» деген данагөйлердің сөзінде қандай қателік бар деді-Елбасы Назарбаев.Ендеше болашағын ойлаған ел ең алдымен әйелді ардақ тұтқан. Қыз-өнер атаулыға арқау болған. Қызға арнап ән шығармаған сазгер, өлең арнамаған ақын кемде-кем шығар. Олай боса қыздардың өнеріне кезек берейік.
«Шырайлым» домбыра ансамбелі . Күй «Келіншек»
«Айжан қыз»
Нұргүл
Қазақ елі қызды сұлулық, әдептілік және нәзіктік белгісі деп білген. Қызды көктемнің күлімдеген күніне теңеген. Қызды сән мен әсемдіктің нышаны тұтқан. Қызды пәк махаббат иесі деп білген. Қыздарды құлпырған әдемі гүлдерге теңеген. Олай болса бүгінгі ұлттық шоуымызда қыз тәрбиесі туралы ой қозғауға ел аналары, үлгілі отбасы әжелері келіп отыр. Олай болса кешімізге арнайы шақырылған қонақтарымызды сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз.
Жазира
.1. Үздік
2. Лұқпанова Зауре апа
3.Сисенова Батила апа
4. Мадина апа
5. Нигметова Нсихат апай
6. Жас аналар –Зинеденова Нұргүл
Амангалиева Айша
Нұргүл
Қош келдіңіздер құрметті әжелер, аналар ! Бүгінгі бағдарламамызға өзек болатын қазіргі таңдағы қыздар мәселесі. Осы орайда сіздерге сұрақ қойғымыз келіп тұр,соған өз ойларыңызды жеткізесіңіздер. Бірінші сіздерге қоятын сауалымыз.
Жазира
1.Қыз баланы еркін тәрбиелеуді қалай түсінесіз.Өз тәжірбиелеріңізден.
2. Қыз бала тәрбиелеуде әкенің рөлі қандай деп ойлайсыз.
Нұргүл
- Жазира сен білесіңбе?
Халық арасында бойжеткенді ажарына қарай жетіге бөлген екен. Әдемі қыз , көрікті қыз, шырайлы қыз, сұлу қыз ,ару қыз , ажарлы қыз , әсем қыз, - деп.
Жазира .
Рахмет апай . Мен де, көрермендерде, өзімізге қатысты жайттарды біліп алдық.
Келесі кезекті шағын көрініске береміз:
Саханалық қойылым : «Ата мен әженің өнегесі»
Сахнаға келіп шал мен кемпір отырады. Кемпір жүн түтіп , шал кітап оқып, екі немере қыз қасында сабақ оқып жатыр
Ата:
–Әй қарақтарым, балапандарым не істеп отырсыңдар сендер?
Немересі :
-Ата мен Вк-да отырым дос іздеп.Хат жазып.
2 –немересі :-
-Сенше күнім?
-Ата мен апай берген тапсырманы таппай отырмын интернеттен.
Атасы :
- Не беріп еді,ол менің басымда жоқ затпа, ана қорапта барма ол.Неге менен сұрамайсың.
Немересі:
- Ту, аташка ол ырымдар.
Атасы:
Таста ана жәшікті,сол жәшік менен көп ырым біле ме екен?
-Әй, қыз , сенде таста ана хат жазуды, бері кел.
-Әй, кемпір, сен де бір жүнмен шатаспай сериал көріп отыра бермей мыналарға бір – нәрсе айтпайсың ба?
Әже:
Қойш, шал- ау, бітеді қазір сен айта бер, сен жатқан тарихсын ғо!
«Қазақта қызға қырық үйден тыйым» деген керемет сөз бар,-қазақта.
Қыз балаға түске дейін ұйықтауға тыйым . Бұраңдап қылымсыуға. Тамақты асауға.Ұрлық – қорлыққа.
Салт – дәстүрден аттауға.Ұрыс- керіске. Үлкеннің алдынан өтуге болмаған .
Әже :
Ия, алтындарым,сонымен қатар қазақ бойжеткен қыздың киімінде ерекше мән берген.
«Адам көркі шүберек-ағаш көркі жапырақ» деп қызға киімнің жарасымды тұруына атап көрсеткен.Сол себепті, мектепте болатын кештерге, мерекелік шараларда, өзіңе жарасымды етіп талғаммен киім кие білу қыз бала үшін өте маңызды.
Немересі : Рахмет ата, әже! Сіздердің тәлім –тәрбиелеріңізді әрқашанда ұстаймыз.
/Екі немересі тұрып кетеді, ата мен әже отырып қалады/
Нұргүл
Сәби ертеңгі –қыз. Қыз – қазақ үшін бүгінгі ибалы бойжеткен, ертеңгі тәрбиелі келін,ана, сонан соң өнегелі әже. Тарихы терең­де жатқан ұлтымыздың қыз тәрбиесіндегі теңдессіз мектебі қалыптасқан. Сол мектептің арқасында бойжеткендеріміздің бойында ұлттық тәрбие толқыны қалыптасып, қадірлі әйел бейнесіне, кейін әжеге ауысады.
Сол бір кезеңдерді алдарыңызға ұсынамыз.
1.Балалық шақ - балғын шақ,
Өмірдің өзі болашақ.
Балалық шақ шектеулі,
Ойнайтын кезде асыр сап.
Жазира
2.Еш уайымы жоқ, біздің бақытты балалық шағымыздың көрінісі.
Қыз емес, қыздың аты -қызыл алтын ,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлесем,
Халқының сақтай білген ата салтын.
Алдарыңызда қылықты қыздарымыздың жарқын бейнесінің көрінісі.
Нұргүл .
Бойжеткен - кәмелетке толған, бой түзеген, есейген қыз. Халық түсінігінде бойжеткен бейнесі жастық пен әдеміліктің, сұлулық пен әдептіліктің символы болып қалыптасқан. Дәстүрлі ортада он үш жасқа толған қыз бойжеткен саналады, сырға, алқа, өңірше сияқты әшекейлер тағынып, сәнді киінуіне, жалаңбас жүруден гөрі тақия немесе бөрік киіп жүруіне назар аудара бастайды.
Алдарыңызда «Бойжеткен» қыздың бейнесі.
Жазира :
Жарқын жузді жан анам
сендей болсын бар адам
сендей болса бар адам
шаттык кетпес баладан
Алдарыңызда, келін ананың бейнесі.
Нұргүл :
Әжеме кетсем жұғысып,
Тапқандай болам сөз кенін.
Ертегін қызық ұғысып,
Тыңдаймыз көзбен көргенін.
Қабағын бір сәт шытпайды,
Жайдары ашық мінезі.
Балалар үйден шықпайды, -
Естілмес қатал бір сөзі.
Алдарыңызда немерелерінің ардақтысы -асыл әже.
Әженің сөзі .
Жазира :
Қазағымының салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлім ой тәрбие көзін қалдырған.
Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын,
Қазақ атын үлкен кіші балдырған.
«Бала болмысы құрсақтан, тәлімі бесіктен»- дегендей , көріністер негізінде «Отбасындағы ұлттық тәрбиенің пайдасы»туралы ой-қозғасақ .
Шақырылған қонақтар өз ойларын айтады.
Нұргүл :
Қыз баланың көрікті болып, икемді болып, өнерлі болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөлген. «Қыз ақылы- шешеден» деп бекер айтпаған. «Қыз еркем –кестесімен көркем» дегенді негізге ала отырып қыздардың өнерін тамашалайық. Сіздердің назарларыңызға қыздардың «Мастер классын» ұсынамыз.
Жазира :
1.«Шаш» өру –Адилханова Асыл 11 б сынып оқушысы
2. «Салат» дайындау –Сильханова Әсел 9б сынып оқушысы
3. «Гүл» жасау –Нұрлыбекқызы Мадина 7а сынып оқушысы
4. «Дастархан жабдықтау»-Өмірзахова Ару 7а сынып оқушысы
5. «Иткөйлек» қию, тігу- Мәдениетова Жанна 11а сынып оқушысы
«Айгөлек» бишілер тобының орындауындағы «Қамажай»биін қабыл алыңыздар .
Нұргүл :
Бабалары қыздарын қадірлеген ,
Қыз баладан басталар өмір терең .
Ауыл көркі қыз болып,ән айтылып ,
Күн болмаған сазды күй төгілмеген.
Жазира
Қазақ елі қызды сұлулық, әдептілік және нәзіктік деп білген. Қызды көктемнің гүліне, күлімдеген күніне теңеген.
Қызды сән мен әсемділіктің нышаны тұтқан.
Қыз әсемдік пен іңкәрлік символы.
Жібектей мінезі мен уыздай тәтті қылығымен, іскерлігімен, ұқыптылығымен, иманды, инабаттылығымен сыйлы. Қыздар пәк махаббатың иесі деп білген, оған дәлел- Қыз Жібек, Еңлік-кебек, Баян сұлу .
Нұргүл
Құдіретті жыр тудырған санамда,
Кім екен бұл, Қыз Жібек пе, Баян ба,
Әлде ару Қарлыға ма, Құртқа ма,
Әлде гүл ме өсіп тұрған даламда?!
Кім де болса періште ғой ғажайып
Әттен шіркін кетпесе екен азайып.....
Жазира :
«Айгөлек »бишілер тобының орындауындағы « Қарлығаш » биін қабыл алыңыздар .
Нұргүл :
Құрметті шақырылған қонақтар , көрермендер ! Бүгін біз «Қыздар ,қыздар, сұлу қыздар.. » ұлттық шоуымызда қыз бала тәрбиесі , олардың бойындағы әдептілік пен адамгершілік, сыпайлық , ибалылық қасиеттерінің қай ғасырда болмасын өзіндік орнын жоғалтпайтын қыз деген атқа лайық құнды дүние енін ұғындық.Бүгін бізде қонаққа ел аналар келіп , өздерінің қыз тәрбиелеудегі іс –тәжірибелерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды. Уақыт бөліп , бүгінігі шарамызға қатысқандарыңызға көп –көп рахмет айтамыз. Сіздердей аналарымыз аман болсын!.
Қыз –ұлтымыздың болашағы. Қыздарымыз қылықты, иманды , әдепті , ибалы, ізетті болсын дей келе бүгінігі ұлттық шоуымызды аяқтаймыз. Айымыз жарық, күніміз нұрлы болғай!
Резерв :
Бейнеролик: «Қыз тәрбиесі »
3. «Қазіргі қоғамдағы жастар арасында әсіресе қыз балалардың жат қылықтарға еліктеуіне не себеп?»
635-5080Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Бірлік ауылы
С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебі
00Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Бірлік ауылы
С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебі

«Ұлттық құндылығымыздың ұйытқысы –тәрбиелі қыз»
жобасы негізінде дайындалды.
Тақырыбы :
«Қыздар, қыздар, сұлу қыздар ...»
Түрі :Ұлттық шоу