Математика, Информатика, Физика п?ндері кешіні? сценариі


«МИФ» кеші
Мақсаты:
• Мектеп көлемінде ұйымдастырылған апталықтың негізгі мақсаты – мүмкіндігінше мектептің барлық оқушыларын белсенді қатыстыру;
• Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;
• Математика, информатика, физика пәндер бойынша білімдерін тереңдету;
• Математикаға, физика және информатикаға деген қызығушылығын арттыру;
Құрал –жабдықтар: Математика, информатика, физика пәндер туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар, зал шарлармен безендірілген
Барысы:
Әуен ойнайды.
Жүргізуші:
-Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде,
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппенен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық .
Бүгінгі кешіміз сайыс түрінде өтеді. Сайысқа үш команда қатысады. Командаларды сахынаға шақырамыз!!!! ( Командалар сахнаға шығады).
Әділқазылармен таныстыру.
Жүргізуші:
Асып әсте саспайық
Батыл қадам бастайық
Кеш қызығын ей, достар.
Осылайша шабытпен
Кәне енді бастайық.
I тур . «Таныстыру» (команданың аты, ұраны)
II тур. «Миыға шабуыл» әр командаға математика, информатика, физика пәндерінен сұрақтар қойлады.
1 команда: Суға салсан батпайды,
Отқа салсан жанбайды (мұз)
Атомның құрамы қандай? (ядро, электрон)
Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6 тең. Ол қандай сандар (1,2,3)
Жеті туыстың бір бірден қарындасы бар. Олар барлығы нешеу? (8)
Кішкене ғана саусаққа ұқсайды ма білмеймін. Сақтай алар өзіне барлық қызық дүниені. (Флэшка)
Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі (процессор)
2 команда:
Қасқырдың жылдамдығы 15 км\с болса, онда ол жылдамдығы 72 км\сағ болатын ақбокенді қуып жете ала ма? (жоқ)
25 қанша? (32)
Билл Гейтс алғашқы программасын неше жасында құрды? (13 жас)
Бұл құралдың жасы 2000-5000 жылдар шамасы. Бұл құралды гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан» деп, жапондықтар «серобян» деп атаған. ( счет)
a2+b2=c2 – бұл кімнің теоремасы? (Пифагор)
3 команда:
Екі жұмыртқа берілген. Біріншісі пісен, екіншісі шикі. Піскені мен шикісін қалай анықтауға болады? (айналдырамыз)
Тон жылу береді ме? (жоқ, сақтайды)
«Компьютердің атасы» деп кімді атаған? ( Бэббидж)
Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы (сканер)
III тур. «Жазушылар» сайысы
Берілген сөздермен мәтін құрастыру керек.
1 команда: градус, процент, шеңбер, биссектриса, параллепипед, өлшем, қосындысы, жатпайды, қиылыспайды , жазықтық
2 команда: су, салмақсыздық, динамометр, күш, Гук, алтын, шам, Ньютон, диффузия, қайнау.
3 команда: принтер, слайд, парта, мәтін, тышқан, Билл Гейтс, информатика, графика, мегабай.т, флешка
Музыкалық номер
IV тур. «Әртістер» сайысы
Берілген мәтін бойынша инсцинировка жасау.
V тур. Капитандар сайысы.
«Түбір», « тышқан», «термометр» сөздерін әр команда мүшелері капитандарына сөзсіз, мимика, жест арқылы түсіндіру керек, ал капитаны не туралы айтып тұрғандарын түсіну керек.
VI тур . «Суретшілер» сайысы
Берілген геометриялық фигуралармен сурет құрастыру
Музыкалық номер
VII тур. «Музыкалық» сайысы
Сандары бар өлеңдердің үзінділерін орындау.
Музыкалық номер.
VIII. Қорытынды. Марапаттау
Музыкалық номер.
Жүргізуші:
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.
Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт, деп «МИФ» атты кешімізді аяқтауға рұхсат етіңіздер. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.