Математикадан cыныптан ж?мыс Математика — ?ылымдар патшасы 5-6 сыныптар
Шалқар қалалық «№1 мектеп-гимназиясы» КММ математика пәні мұғалімі Көпжасарова Нұршаш
Тақырыбы: «Математика ғылымдар патшасы» ( интеллектуалдық сайысы)
Мақсаты: Оқушыларды математика пәніне, математиканың таңғажайып
ғылым екенін, математика ғылымының ең қасиетті, әлемдік пән екенін білдіріп, оқушының ғылымға деген көзқарасын қалыптастыру. Сонымен қатар оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру, жас ұрпақтың
сана-сезімін, қоғамдық саяси ой-өрісін дамыту, ойлау,сөйлеу қабілеттерін шыңдау.
Сабақ түрі: Топтық сайыс сағаты.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер,слайдтар, шаршы,кеспе қағаздары,логикалық тапсырмалардың қажетті құралдары
Пән аралық байланыс: Әдебиет, информатика, бейнелеу,тарих
Барысы
жүргізуші:
Армысыздар математика сүйер қауым! Тылсым, тылсым дүние Ұшсын десең денелер Қиын терең суларда Жүзсін десең кемелер Математика – ең негізгі ғылым бұл Сондықтан сол ғылымның тілін біл,
2-жүргізуші:
Ақыл-тон аңдағанда тозбайтұғын, Білім-кен қанша болса азбайтұғын. Қатарың оза шауып бара жатса, Арқаның ауруы не қозбайтұғын, -деп Т.Ізтілеуов айтқандай, құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар бүгінгі 5 және 6 сынып оқушыларының арасында өткелі отырған «Математика ғылымдар патшасы» интеллектуалдық сайысына
қош келіпсіздер!
жүргізуші:
Ендеше білім сайысына құлшынып тұрған оқушыларымызға қол соғып қояйық. «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады» демекші, бүгінгі сайысқа қатысушы оқушылардың сұраққа жылдам әрі дұрыс, уақытында айтуы талап етіледі.Сонымен қатар бүгінгі сайсымыздың жақсы өтуіне барлығыныз үлес қосады деп ойлаймыз
жүргізуші:
Олай болса сайысымыздың жоспарымен таныстырып отейік
1. «Математика және Қазақстан» (топтың өзін таныстыруы)2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)3. Сиқырлы шаршы (біліктілік сайысы)4. Адасқан әріптер (математикалық сұрақтар, кеспе қағаздары топқа беріледі)5. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)
6. Шебер оқушы 7. Қорытынды
1- жүргізуші:
І кезең «Математика және Қазақстан» (топтың өзін таныстыруы)
Әр топ өз тобын таныстырады, ұранын айтады.Әр дұрыс жауап 10 ұпай
2-жүргізуші:
II кезең Тапқырлық сайысы (логикалық есептер) Әр дұрыс жауап 10 ұпай
Қорада тауықтар және қояндар бар. Олардың барлығы 15 бас, 50 аяқ болса қорада неше тауық, неше қоян бар? ( 5 тауық,10 қоян)
Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады.
Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
1- жүргізуші:
III кезең Сиқырлы шаршы (біліктілік сайысы)
Әр топтан бір оқушыдан шығып шаршы лақтырады ,денеге байланысты сұрақтарға жауап береді. Әрбір орындалған 30 ұпай
- Әдебиет пәні бойынша халық есебі
Саяхатшылар қайықпен өзеннен өтпекші болды. Қайықтарға 3 адамнан отырса, 3 адам сыймай қалады, ал 5 адамнан отырса, 1 қайық артық қалады.Саяхатшылар нешеу?Қайықтар нешеу? 15 адам,4 қайық
Еркін тақырыпта жұмбақтар
Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)
Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық.
(координаталар осі)
Бейнелеу пәнінен 7 математикалық денелерді қолданып сурет салу
Математика тарихы
100 арасындағы сандарды тиімді тәсілмен қосып шығарған ғалым
(Гаусс)
2-жүргізуші:
IV кезең Адасқан әріптер (математикалық сұрақтар, кеспе қағаздары топқа беріледі)
Толық орындалған тапсырмаға 30 ұпай
т е к а ц и ж и к м о ж о
т ң в з а ф р ы е а д е ң
ү с а д й т у н с а у т п
з і з р а т а қ і у л ь і
у ө д і к ы н а н д і қ с
п р н е к н а с л а ы ш е
ш о п о р ц и я а н р а ы
а м а р а ц и о н б ұ р ш
р а т к е г г р а д у с қ
і ш ж б ұ р с а н а р қ а
о і а й б ы к е н л а с Р
р к к е ө с л ш ы а қ ы т
т ң е ш л б ө б ң с н б у
а қ е с е л д ө л с а ө л
с а л ы с і ұ г і ш е к у
а у р ы т к р і ө л к ө б
з а й т у қ ы с б у т й е
ш ш і г л о с у е ң ү л к
е ң б е ө б қ а т р о н е
к о о р н а л ы ә у т е ң
ұ р р д и т а қ с л е е д
қ а м а с а н д ө ң г у к
м а т е м а т и к а е л е
Көрермендермен ойын: оң қол мен сол қолды қатар қолданып математикалық фигураларды салыңдар
1- жүргізуші:
V кезең Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер). Әр дұрыс жауап 10 ұпай
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды) 8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
2-жүргізуші: VI кезең Шебер оқушы. Бүгінгі сіздерге қатырма қағазды бүктеу арқылы құс
моделін жасауды тапсырамыз.Барлықтарың қағаздарыңды алыңдар. Істеріңе,
сәттілік тілейміз
1- жүргізуші: VII кезең Қорытынды
Бүгін біздер балалардың білімдерін сынап, өнерлерін тамашаладық. Балалардың барлығы да жақсы өнерлерін көрсетті деп ойлаймын. « Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден ерек» деп Абай атамыз
жырлағандай бүгін балалар ақылдылығымен, жүректілігімен,
қайраттылығымен тапсырмаларды орындай білді, балаларға өмірде сәттілік тілейміз! Ендеше сөзді бүгінгі сайысымыздың қонақтарына берейік !
Оқушыларды марапаттау.
«№1 мектеп-гимназиясы» КММ
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы:
«Математика ғылымдар патшасы»
( интеллектуалдық сайыс)
Өткізген: Көпжасарова Н.С
Шалқар қаласы
т е к а ц и ж и к м о ж о
т ң в з а ф р ы е а д е ң
ү с а д й т у н с а у т п
з і з р а т а қ і у л ь і
у ө д і к ы н а н д і қ с
п р н е к н а с л а ы ш е
ш о п о р ц и я а н р а ы
а м а р а ц и о н б ұ р ш
р а т к е г г р а д у с қ
і ш ж б ұ р с а н а р қ а
о і а й б ы к е н л а с р
р к к е ө с л ш ы а қ ы т
т ң е ш л б ө б ң с н б у
а қ е с е л д ө л с а ө л
с а л ы с і ұ г і ш е к у
а у р ы т к р і ө л к ө б
з а й т у қ ы с б у т й е
ш ш і г л о с у е ң ү л к
е ң б е ө б қ а т р о н е
к о о р н а л ы ә у т е ң
ұ р р д и т а қ с л е е д
қ а м а с а н д ө ң г у к
м а т е м а т и к а е л е