Урок по казахскому языку на тему Тіркесті с?здер


Мұғалім: Икласова Н.К.
Сабақтың тақырыбы: "Тіркесті сөздер".
Сабақтың  мақсаты: Оқушыларға  өтілген  сөзжасам  туралы  қайталай  отырып,тіркескен  сөз  түрін   түсіндіру, сөйлем  құруға  үйрету
а)Алған  білімдерін  әр  түрлі  тапсырмалар  арқылы  бекіту;
ә)Сөздік  қорын  молайту,ауызша  және  жазбаша  тілдерін  дамыту,  шығармашылық  қабілеттерін  арттыру;
б) оқушыларға  адамгершілік  қасиеттерді  айта  отырып   тәрбиелеу;
Сабақтың  әдіс-  тәсілі: Баяндау , түсіндіру,  сұрақ- жауап,
Сабақтың  көрнекілігі: кітап,  компьютер, ойын  тапсырмалар, Сабақтың  жоспары:
Ұйымдастыру бөлімі.
а)  Амандасу
ә) Кезекшімен сұхбаттасу
Үй тапсырмасын  сұрау
1-тапсырма (70-бет)
Сұрақтарға жауап беру.
1.     Сөз  тұлғасы  деген  не?
2.  Жасалу  жолына  қарай  күрделі сөздердің  қандай  түрлері  бар?
3.     Біріккен  сөз  деген  не? 
4.     Кіріккен  сөз  деген  не?
5.     Қос сөздің  қандай  түрлері  бар ?
6.     Қосарлама  қос  сөздің  құрамы  қандай ?
7.     Қысқарған  сөздердің  емлесі  қандай ? Жаңа   тақырыпты  түсіндіру.
Ал  енді  балалар,  бүгінгі  күнді , жаңа  тақырыпты  жазамыз. Тақырымыздың  аты «Тіркесті  сөздер» деп  аталады.  
1.     Сөз құрамы  жағынан  нешеге  бөлінеді? (екіге; дара, күрделі)
2.     Күрделі сөздің  қандай  түрлері  бар?
3.     Тіркесті сөз  деген не?
-         Балалар  ережені дәптерге  жазамыз. Екі  я одан  да  көп  сөздер  тіркесіп  келіп бір ұғымды  білдіретін  күрделі  сөздер  тіркесті  сөздер  деп  аталады. Бұлар  мағынасы  жағынан  біріккен  сөздер сияқты  бір ұғымның  атауы  болып  келеді, бірақ  бір- бірінен  бөлек  жазылады.
Мысалы: қара торы, сөз таптары, үш  жүз т.б.  Енді осы  мысалға  бір-бір  сөйлем  құрайық.
Мысалы: Асан  қара торы  бала екен.
     Тіркесті  сөздердің  құрамы:
1.     Күрделі зат есімдерден: ауыл шаруашылығы, Сәтбаев көшесі;
2.     Күрделі сын  есімдерден: қоңыр ала, қара көк, торы төбел;
3.     Күрделі сан  есімдерден: он сегіз, жиырма  жеті, екі мың үш;
4.     Күрделі үстеулерден: күні бүгін, күні кеше, ертеден қара кешке;
5.     Есім сөздер мен  көмекші  етістіктердің  тіркесінен: қызмет қыл, жәрдем ет,  сабыр ет т.б.
Бекіту.
65- жаттығу. Берілген сөздерді көшіріп жазып, қалай жасалғанын айт.
67-жаттығу. Мәтіннен күрделі сөздерді теріп жаз.
«Шыңға  өрлеу»  ойыны: 1, 2, 3 қатар
«Менің   шығар  биігім»  деген  тақырыптағы  деңгейлік  тақтаға  көңіл  аудару. Шыңға  шығар  кезде  әр  түрлі  аңдарға  кездесеміз, олардың  бізге  дайындаған  сұрақтары  бар, соған  жауап  берейік. Аңдар: қасқыр, қоян, түлкі т.б.
1.Қасқырдың  сұрағы: Біріккен  сөзге  сатылай  кешенді  талдау  жасап беріңіз?
2. Қасқырдың  мінезі қандай?
3. Қоянның  сұрағы: қос сөздерге  сатылай  кешенді   талдау  жасап  беріңіз?
4. Қоянның  мінезі  қандай?
5. Түлкінің  сұрағы: Тіркескен сөздерге  сатылай кешенді талдау  жасап  беріңіз?
6. Түлкінің  мінезі қандай?
а)  Үлестірмелі  қағаз
Карточка № 1
1.Біріккен  сөзге  бес  мысал  жаз.
2. Дене мүшесіне  байланысты  атаудан  үш мысал жаз. 
Карточка № 2
1.     Кіріккен  сөзге бес мысал  жаз.
2.     Ән, күй, өлең атауларына  үш  мысал  жаз.
Карточка  № 3
1.     Қос  сөзге  бес мысал  жаз.
2.      Мезгілге  байланысты  атауларға  үш  мысал жаз.
Карточка № 4
1.     Құлагер,  Жанбота,  күздігүні  осы сөздерге  сөйлем құра.
2.     ата- ана,  ет-мет  жасалу  жолын  жаз.
Карточка № 5
1.     Еш  бала, еш  жерде  бірге жазыла ма,  әлде бөлек  жазыла ма?
2.     Сан  есімнен  жасалатын  күрделі үш сөз жаз.
Карточка № 6
1.     Қысқарған сөздерге  бес мысал  жаз.
2.     Тіркесті сөздер  қандай сөз  табынан  жасалады.
 
6. Үйге  тапсырма: 72- жаттығу Қосымша  тапсырма: көркем шығармалардан  күрделі  сөздерді  теріп  жазып  келу.
(ереже  жаттау)
7. Бағалау: оқушылар  білімін  бағалау.