?ыз ?ссе — елді? к?ркі та?ырыбында т?рбие са?аты
Мектеп: Бірлік ОМ; Күні 21-28/09 № 3-4
Тақырыбы: Салауаттық – өмір негізі
Құндылығы: Дұрыс әрекет;
Қасиеттер: әдепті болу, зиянды әрекеттерге жоламау,төзімділік;
Мұғалім: Д.Омарова;
Сыныбы: 9 Оқушы саны: 7
Сабақтың мақсаты: оқушылардың денсаулық, салауаттық туралы түсініктерін кеңейтіп, оларға өмірдегі «дұрыс әрекет» құндылығының маңызын түсіндіру;
Сабақтың міндеттері:
- салауатты өмір сүрудің мәнін ашу;
- Салауатты өмір сүруге ықпал ету;
- Денсаулығын бағалауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу; Ресурстар: дәптерлер, оқулық, нақыл сөз, ақ қағаздар, тыныштық сәтіне арналған баяу музыка
Сабақтың барысы: Ескертулер:
І. Үйымдастыру кезеңі.
2. «Нұрға бөлену» тыныштық сәті
Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет. Тыныс алу тыныштық сәтін орындату.
Авторы: «Бөбек» қоры
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Денсаулық, салауаттық дегенді қалай түсінесіңдер?
Осы екі ұғымның арасында қандай байланыс бар?
Өздерің салауатты өмір салтын ұстану үшін қандай әрекеттер жасайсыңдар?
«Салауаттық-өмір негізі» деген ойға қөзқарасыңыз қандай?
Оқушылардың жауаптары тыңдалып, салауаттық туралы ұғымды нығайта түсу мақсатында А.Самиғоллаұлының «Ойлан, достым» әңгімесі оқылып, талдау жасау арқылы олардың адам денсаулығына зиян әкелетін жағдайларды болдырмауға, әр істен өздері қорытынды жасай білуді үйренулеріне назар аударылады. Алдын-ала берілген тапсырма
ІІІ. Дәйек сөз.
«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі»
Т.Карлейль
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндері оқушылардан сұралады.
Балалар дәйексөздің мағынаасын қалай түсінесіңдер?
Мұғалімнің тұжырымы.
Оқушылардың денсаулық сақтау, нашақорлықтан аулақ болу туралы түсіктерін кеңейту мақсатында оқушыларға Р.Пернеханқызының «Қателіктің арты өкініш» атты әңгімесі оқылып, талдануға ұсынылады.
Қойылатын сұрақтар:
Ғабит неліктен өкінішті жағдайға тап болды?
Ғабитке қандай кеңес айтар едіңдер?
Мұғалім: -Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімінң, мінез-құлықн бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады. Есірткіге біреу алдауға түсіп, біреу қызық көріп, ал біреулер біреудің ықпалымен барады.
Шығатын жол біреу – ол салауатты өмір сүру, өз сеніміңе берік болу, үлкен ерік-жігері болуы керек. Дәйексөз дәптерге жазылады.
Мұғалімнің сыйлығы.
Аңыз «ӨМІР СҮРУДІҢ ЕҢ ЖАҚСЫ ЖОЛЫ»
Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Американың түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды.
Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:
- Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің арттағы дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллардан беремін. Осы долларға бір нәрселер алыңдар. Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.
Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы:
- Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым – деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Екінші баласы:
- Дүкенге барып екі жастық алдым – деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Үшінші ұлы:
- Долларды ұсақтап, 50 центін мешітке бердім, 20 центін қайырымдылық қорға бердім, 20 центін да садақа ретінде тараттым. Қалған 10 центке екі нәрсе алдым – деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.
Әке баласына риза болып:
- Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы – айналаңа жарық тарату! Авторы: Ф.Тайтелиев
Шығармашылық жұмыс.
Оқушыларға оқулықта берілген Ұлықпан Хакімнің жеті өсиетін оқып, әр өсиетті талдап, денсаулықты сақтау туралы өз ойларымен бөліседі. /Топпен жұмыс/
Салауатты өмір сүру үшін... және зиянды әрекеттер мен олардың денсаулыққа әсері тақырыбында ойларын білдіру. Кітаппен жұмыс.
Ауызша ой-толғау жасау.
Оқушылар 2 топқа бөлініп,постер қорғайды. /5-10 минут/
Топпен ән айту.
МузАрт тобының «Есіл ағады» өлеңін орындау. Үй тапсырмасын беру.
Б.Үсеновтың «Өз жолымбар, сонан соң өз үнім бар» атты өлеңін үйден мәнерлеп оқып келу. Алдын ала берілген тапсырма
Қорытынды тыныштық сәті:
Балалар бір сәтке көзімізді жұмып, бойымыздағы жақсы қасиеттерімізден жиналған күн сәулесі бар деп сезінейікші.... (пауза) енді сол сәулемізді өзіміздің жақын бір адамымызға силайықшы... (пауза) /30 сек/
Рахмет сендерге, сабағымыз аяқталды. Балаларды белсенділіктері үшін бағалаймыз