?МЖ ?аза? ?дебиеті ?ансонарда б?ркітші шы?ады а??а


Қысқа мерзімді жоспар
Құрастырушы: Ертаева А.Х. –қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Пәні:
Қазақ әдебиеті Сынып: 7 Мерзімі: №1 сабақ
Сабақ тақырыбы Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Ресурстар Оқулық, Электронды оқулық, интербелсенді тақта, А3 форматтағы қағаздар, фломастерлер, стикерлер
Негізгі мақсат Абай өлеңінің мағынасын терең ұғыну, халқымыздың саятшылық өнері туралы түсінік қалыптастыру.
Оқу нәтижелері Өлең мазмұнын түсінеді, талдай алады, қыран құсқа және бүркітшіге сипаттама бере алады.
Сабаққа қатысты құнды пікірлер Абай суреттеген табиғат әсемдігін тану, ұлтымызға тән аңшылық, құсбегілік өнерінің маңыздылығын білу
Этаптар Уақыт Тапсырмалардың түрі және сабаққа қатысушылардың әрекеті Бағалау процесі
1. Ұйымдастыру сәті-оқушылармен көңіл-күй жаттығуы. Топтарға бөлу. 1 мин
2 мин 1.Тренинг: «Тамаша екен!»
2.Қағаздаға жазбалар арқылы топқа бөлу: «Бүркіт», «Сұңқар», «Қаршыға». Топтардағы рөлдерді бөлу 2.Шақыру
2 мин
3 мин
2 мин
2 мин 1.Ой шақыру сұрағы арқылы тақырып пен авторына шығу. Сұрақ: -Жылдың төрт мезгілі туралы қай ақын өлең шығарды? (Абай).
2. -Абай туралы кім қандай мәліметтер біледі?
Абай туралы тақтаға ассоциация жасалынады.
3.Оқушылар білетін мәлімет толықтырылады.
1.Электронды оқулықтан «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі тыңдалынады.
-Өлеңнің басты тақырыбы не?
2.Тақтада құсбегілік өнер туралы шағын мағлұмат жазылып тұрады. Оқыту. Бағалау «Аукцион ойыны» арқылы жүргізіледі. Жауап бергендерге фишка беріледі.
3.Ойлану 2 мин
5 мин
15 мин 1.-«Бүркітші тау басында, қағушы ойда» деген жолдағы бүркітші, қағушы деген кімдер?
2.Сөздікпен жұмыс.
-Аң аулаушыларды топтастыру. Әрқайсысына түсініктеме беру.
3.-Бүркіттен басқа қандай қыран құстарды білесіңдер? Қаршыға, сұңқар, ителгі.
4.Аңшының аңға дайындалуы туралы өлеңде қалай көрсетілген?
5.Топтарға әр түрлі тапсырмалар. Оқулықпен жұмыс.
-1-топ:Өлеңнің композициялық құрылымын жасау (сюжеттің басталуы, оқиғаның байланысы, шарықтау шегі, аяқталуы)
-2-топ:Өлеңде бүркіт пен түлкінің айқасуы қалай суреттелген?
-3-топ: Өлеңдегі аңшы, қағушы, оның достарының көңіл күйі, сезімі қандай сөздермен берілген?
Барлық топ постер қорғайды.
Сергіту «Көңілді күн» биі Топ басшыларына бағалау парағы беріледі.
Бағалау критерийі топ мүшелерімен ақылдаса отырып жасалады.
4.Рефлексия 8 мин 1.Эссе жазу «Саятшылық – тамаша өнер». Автор орындығы әдісімен қорғау
2.Үй тапсырмасын беру: Өлеңді мәнерлеп оқу. Аңшылық, құсбегілік жайлы қосымша мәліметтер жинақтау.
Сабақты «Тамаша» әнінің бір шумағымен аяқтау. Эссе жазып, қорғаған оқушыға жұлдызшалар беріледі.
Мұғалім қорытынды суматив бағасын шығарады.
Кері байланыс 3 мин Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады
Практиканы талдау және бағалау Сабақ жоспарына өзгеріс енгізу Абай Құнанбаевтың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі бойынша топтарға арналған тапсырмалар (постер қорғау):
1-топқа: Өлеңнің композициялық құрылымын жасау (сюжеттің басталуы, оқиғаның байланысы, шарықтау шегі, аяқталуы).
Абай Құнанбаевтың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі бойынша топтарға арналған тапсырмалар (постер қорғау):
2-топқа:
Өлеңде бүркіт пен түлкінің айқасуы қалай суреттелген?
Абай Құнанбаевтың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі бойынша топтарға арналған тапсырмалар (постер қорғау):
3-топқа:
Өлеңдегі аңшы, қағушы, оның достарының көңіл күйі, сезімі қандай сөздермен берілген?