Технологическая карта,на тему:«Цифр мен затты? саны арасында?ы с?йкестікті табу.Сол жа?та, о? жа?та. Жыл мезгілі – к?ктем.»
«Құлыншақ» тобында ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы.
Күні: 17.02.16 ж.
Білім беру саласы: «Таным»
Тақырыбы: «Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу.Сол жақта, оң жақта. Жыл мезгілі – көктем.»
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Мақсаты:
Білімділік: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету;
Дамытушылық: заттың орналасу ретінде қарай сөзбен баяндау қабілетін арттыру; жыл мезгілдерін (көктем, жаз, күз, қыс) айыра білу және атап көрсету қабілетін нығайту.
Тәрбиелік: сұраққа толық жауап беруге тәрбиелеу.
Үлестірмелі материал: әр балаға 1-ден 5-ке дейінгі сандарды үлестіріп беру, көктем көрінісінің суреті.
Қостілділік компонент: сәбіз-морковь, қоян-заяц, тиін-белка, алма-яблоко, көктем-весна.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғау
Ұйымдастыру кезеңі Балалар шеңбер бойына тұрып, төмендегі өлең жолдарын қайталап қимылдар жасайды.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Таза ауа да салайық,
Жүрек жылуын салайық
Осы жақсы лебіздерді
Апайларға сыйлайық –Бәрекелді,қандай тамаша! Мен сендер сияқты ақылды, сүйкімді, тәртіпті балалардың болғанына өте қуаныштымын. Енді бәріміз орнымызға барып жайғасып отырайық.
Педагог жұмбақ жасырады.
Үш бұрышы,
Үш қабырғасы бар
Бұл қандай пішін?
Ал қанекей балалар кім маган, геометриялық пішіндерді атап береді.
-Балалар пішіндер туралы тақпақтар айтып береді Балалар шеңбер бойына тұрып, төмендегі өлең жолдарын айтып, қимылдар жасайды.
Мұқаметжан Шеңбер
Доп емес,дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ,достарым.
Пішін ол ең негізі,
Дәл жауапты қостадым.
Қуаныш
Шаршы
Математикалық таңба ол,
Бірдей ұзындықтағы
Төрт қабырғасы бар
Ойланып,өзің қарашы
Аты оның (Шаршы)
С.Мұхамеджан
Тікбұрыш
Математикалық таңба ол,
Егер бұрышы 4-еу,түзу болса,
Төртбұрыш деп атаймыз,
Тікбұрыш деп жаттаймыз.
Үшбұрыш.
Іздену-ұйымдастырушы шы 1-тапсырма.
«Жұмбақтар және оның шешуі»ойыны
Педагог балаларға жұмбақ жасырады.Бұл жұмбақтарда айтылатын сандар балалардың жұмбақты шешуіне көмектеседі.
Іздену-ұйымдастырушы Асан жеді бір кәмпит,
Үсен жеді бір кәмпит.
Қосқан кезде барлығын
Болады екен неше кәмпит?
Мен беремін екі кесе
Сен бересін бір кесе
Бәрін қоссаң дастарханда.
Болады екен неше кесе?
Екі торғай,
Алты қарға.
Балалар барлығы қанша?
2-тапсырма.
Педагог сол жақтағы цифр қандай санды көрсетіп тұрса, сонша заттар салуды тапсырады.
«Қандай пішін шықты»дидактикалық ойыны
Мақсаты:
таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер құрастыра білу.
Педагог орындалған тапсырманы тексереді және мынадай сұрақ қояды:
цифрларының қасына неше заттың суретін салдыңдар? Себебін түсіндіріп беріңдер.
Үнтаспа арқылы балалармен санау әнін айтады.
3-тапсырма.
Педагогтің оң қолында қоян, сол қолында тиін (ойыншықтар) тұр. Балалардан тиін мен қоянды қай қолына ұстап тұрғанын сұрайды.
Осыдан қорытынды жасайды:
-Егер адам сендерге қарап тұрса, оның «оңы» сендердің «сол жағын» болып табылады.
Педагог балаларға тапсырманы дәптерге орындау керектігін айтады. Содан соң сұрайды:
-Бала бетімен қарап тұр ма, әлде арқасын беріп тұр ма?
-Оның «оң жағы» қайсы, «сол жағы» қайсы?
-Жалауша оның қай қолында?
-Шар баланың қай қолында?
Педагог баланың оң қолындағы затты қызыл қарындашпен бояуды тапсырады.
4-тапсырма.
Педагог өлеңде суреттелген жыл мезгіліне байланысты суретті тауып бояп, ал артық суретті сызып тастауға тапсырма береді.
Балалардан сұрайды:
-Алма салынған себетті не алатынын сызып тастандар?
-Қандай суреттерді боядыңдар және неге?
-Көктемнің тағы қандай белгілерін білесіндер?
Сергіту сәті
Сыңғыр-сыңғыр сырғалар,
Құлағымда ырғалар.
Оң қолымда – білезік,
Сол қолымда – білезік,
Саусақтарда сақина,
Санап қане көрсетші:
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
Сыңғырлайды сырғалар. Балалардың жауабы 2 саны
Өйткені 3 саны
8 саны
Балалар сандарды заттармен салыстырады.
Өйткені сол жақтағы цифр осындай затты білдіреді.
Балалар педагогпен бірге қайталайды.
Арқасын беріп тұр.
Дәл біздікі сияқты.
Оң қолында.
Сол қолында.
Қызыл түсті жалаушаны бояйды.
Өз бетінше сурет салады.
Балалар суреттерді бояйды.
Алманы көктемде емес, күзде жинайды.
Көктемде мұз ериді.
Көктемде құстар ұя салады.
Көктемде көбелектер пайда болады.
Балалар жауап береді.
Балалар қимылдар жасайды
Рефлексивті коррекциялаушы Қорытындылау:
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға береді.
Оқу іс-әрекетін Білгішбек қорытады:
-Кім өз тамағын себетке салды?
-Мен сендерге қарап тұрмын. Менің «солым» қайсы, «оңым» қайсы?
Білгішбек балаларды мадақтайды.
Балалар өз жұмыстарын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 1-ден 10-ға дейінгі цифрларды. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін (көктем,);
Меңгереді: өзіне қатысты бойынша заттардың жағдайын сөздермен бере білу түсініктерін;
Игереді: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді.