Т?рбие са?аты: Жеті саны киелі
Тақырыбы: Жеті – адамгершілікке бастайтын сара жол.
1.Сабактын барысы: Білімділік.Оқушыларға ұлтымыздың ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүр,әдет-ғұрыптары мен тәлім-тәрбие үрдісінен ұғымдар беріп, ұлт мәдениетінің нәрімен сусындатып, адамгершілік асыл қасиеттер үлгісін саналарына сіңірі.
2.Дамытушылық: Оқушылардың білімін толықтыру.
3.Тәрбиелік: Өз мемлекетінің, өз елінің, өз Отанының мәдениетімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру.
4.Құрал- жабдықтар: Нақыл сөздер жазылған плакат, жұлдыздар картасы, нота, 7 ұғымына қатысты деректі заттар.
5.Әдісі: Ойын түрінде өткізу.
Қазақ халқының байырғы әдеби мұраларында, ауыз әдебиетінде, халықтың тұрмыс салт өмірінде 3,5,7,9 сандарымен келетін атауларды және олармен байланысты айтылатын тұрақты сөз орамдарының алуан түрін ұшыратамыз.Бұл топтағы сөздердің білдіретін мағынасы,қамтитын ұғымы қазіргі тіл қолданысымызда көмескі тартып, “жұмбаққа” айналып барады.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да,әңгіме де сол сандар жөнінде болмақ.Біз соның ішіндe “7”санына тоқталайық.
“7” санын ата бабамыз киелі сан деп ұғынған.Әлдебір оқыс жағдайлардан,кездейсоқ апаттан аман қалса жеті шелпек таратқан.
Дүниежүзін,шартарапты ғалам десек,түн ортасын,бейуақытты – “7”түнде деп шамалаймыз.Дүйсенбіден дүйсенбіге дейінгі аралықты бір жеті деп бағдарлаймыз.
Аспан әлемі де жетіден кенде емес.Ғаламның Солтүстік жартышарындағы шоқ жұлдызында “Жетіқарақшы” жатыр.Тарих арқылы бізге “Жеті жарғы белгілі”.
Ал әлемнің “7 кереметін” білмейтіндер кемде кем шығар.Ол дүниенің ғажайып жаратылысы емес пе? /Мысыр пирамидалары,Родос алыбы,Галикарнас мавзолейі,Вавилонның аспалы бағы,Артемида ғибадатханасы,Александрия маягі,Зувс мүсіні/
Музыка әлемі де жетіден кенде емес.Тіпті нотаның өзі жеті дыбыстан тұрады ДО - РЕ – МИ - ФА - СОЛЬ – ЛЯ - СИ.
Ұлттық “Жетіген” аспабының бетінде жеті қыл ішегі және жеті асығы болады.Асық тиектің қызметін атқарады.
Наурыз көжеге жеті түрлі астың қосылатыны қазір бәрімізге мәлім.
Махаббат пен адалдық,таза сүйіспеншілік символдары – “ Жеті ғашықтар” ше?
“Жұт – жеті ағайынды” дейміз.Оның да қазақ санасында ерекшелеп,сарапқа түсіп,бір қалыпқа келген ұғымдар екенінде дау жоқ.
“Жеті қазына” да әр нұсқада әр қилы кездеседі.Олардың қай- қайсысында сөз жоқ,халықтың күнделікті тыныс-тіршілігінде маңызды орын алады.
Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп,оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы.Оның тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп.Халықтың ғасырлар бойы жасаған зор еңбектерін қамтып шығу үлкен,қыруар жұмыс.Оның бәрін қамти алмасақ та, сол жұмыстың бір тамшысын бойға сіңірдік деп ойлаймын.
Бөлтірік шешен:
7 атасын білмегенді жетесіз дейді
7 руды білмегенді жер көріп,
Ел танымаған ессіз дейді
7 жарғыны білмегенді жөнсіз дейді
7 құбыланы білмегенді көкірегі көзсіз дейді
7 жақсыны білмегенді жаман дейді
7 жаманды білмегенді арзан дейді
7 жетіні білмегенді адам дейді,- деген екен.
Иә, халық ұғымында жылдар бойы жатталып қалған осынау қасиетті “7” ұрпақтар санасынан өшпешін.Ол да біле- білсек, ұлылық үрдісіміздің бір бөлшегі емес пе?
Бөлтірік шешен айтқандай,7 адамгершілікке бастайтын сара жол.
Ендеше сара жолдан таймайық.Осы жолда тәлім-тәрбие алып жүрген оқушыларымыздың сый тартуын тыңдап, қабыл алыңыздар.