Презентация ?ылыми ж?мыс Адыраспанны? пайдасы


Адыраспанның пайдасы
Зерттеу мақсаты. Адыраспан өсімдігін зерттей отырып емдік ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау .Зерттеу жұмысының негізгі болжамы: Адыраспан өсімдігінің емдік ерекшелігін пайдалану арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады.Зерттеу жұмысының әдістемесі:- Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау;- Тәжірибелер жүргізу;- Емдік өсімдіктерге сенетін адамдар арасында сауалнамалар жүргізу;Мақсаты
Біз бірде жаңа пәтерге көшіп барғанда анам үйге адыраспан түтетіп, аластап шыққан еді. Содан бір күні ағам үйленіп, үйге жеңгем келді. Әжем мұндада табаға адыраспан салып түтетіп аластап жатыр. Содан маған ,неге адыраспанды түтетеді, босағаға іліп қояды , ол сонда соншалықты жақсы шөппе деген,- ой келді.Бір күні әжемнен сұрадым .-Әже, осы адыраспан қандай шөп?Әжем былай жауап берді.-Адыраспан киелі шөптердің қатарына жатады. Оның көптеген пайдасы бар. Түтінінің өзі ем- деп жауап берді.Содан мен осы адыраспан туралы әрі-қарай білсем қайтеді деген ой мазалады. Бір күні құрбым Аксанаға ұсыныс жасадым.-Құрбым, біз екеуіміз адыраспан бойынша зерттеу жұмысын жасасақ қайтеді?- деп сұрадым. Құрбым келісімін беріп, міне бүгінге дейін адыраспан туралы көп нәрсе білдік.Өзектілігі Адыраспан сырының құпиясы қайда жатыр?
Елімізде өсетін өсімдіктердің 20 мыңнан астам түрлерінің 2500 – інің шипалық маңызы бар. Бұның 600-ге жуық түрінен дәрі дайындауға шикізат ретінде пайдалануға болады. Алайда медицинаға 200-ге жуық дәрілік өсімдіктер түрі белгілі. Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық өсімдіктің түрінің 500-і дәрілік өсімдіктерге жатады. Мұның ішінде Адыраспанда бар.Дәрілік шөптер – денсаулық кепілі .«Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр» Халық даналығы жүрек ауруларын емдеуге - 70%, ішек – қарын, бауыр дәрілерінің 75%, жатыр ауруларының шипалы дәрі –дәрмектерінің 80%, қақырық түсіретін дәрілердің 80%, қан тоқтатын дәрілердің 65% тек өсімдіктен алынады.

Адыраспан — түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік.Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі адыраспан өседі. Адыраспанның қарапайым түрі Өзбекстан мемлекетінде көптеп кездеседі. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр – шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады.Адыраспанға сипаттама

Ақ гүлді адыраспанҚызыл гүлді адыраспанАқ, сары гүлді адыраспанАдыраспан түрлері
Адыраспан өсімдігінің өсу орыны.Адыраспан -үйге өспейді. Ол тек ыстық жерлерде , шөлді далаларда өседі. Суды өте керек етпейді. Адыраспанды үй жануарлары жемейді. Қанқызы қоңызы адыраспанды паналайды. Осыданда киелі шөп екенін аңғаруға болады.Адыраспанның көбеюіАдыраспан жылдан-жылға өз-өзінен көбейіп отырады. Оның түбі қыста топырақтың астында қурамай жатады да, көктемде қайта көгереді.


 Қолдану бөлігі: жапырағы, гүлі. Емдік мақсатқа көбіне кепкен түрі жарайды. Жинау уақыты: күз айы . Қасиеті: кермек дәмді, улы келеді.Адыраспанның қолданылуы
Қазақтың ата-салт дәстүрінің бірі – бесікке бөлеу. Сондықтан ана-әжелеріміз осыған көп көңіл бөледі.Баланы бесікке бөлер алдында адыраспанды түтетіп алса, бала тыныш ұйықтайды ,шошып оянбайды дейді- сұхбат берген әжеміз. Үйді қалай аластау керек екенін көзімізбен көріп , сұхбат алдық
Адыраспанды отбасында пайдалану ежелден келе жатқан әдет-ғұрып. Өйткені біздің ата-аналарымыз жас келін түскенде алдынан адыраспан түтетеді. Оның себебі: адыраспан тіл-көзден, жаман көзқарастан сақтайды. Ал, үйдің оң босағасына адыраспанды іліп қоямыз, жаман әдеттерден, ауру-сырқаттан аман сақтайды деген наным бар.Ал, тұмау болған кезде осы адыраспанның 4-5 басын түтетсек , үйдегі микробтарды жояды, адамдарға жұқтырудан сақтайды.Отбасы бұрышы
30-60 смМаусым,шілде айларыСортаң Топырақты далалардаШөбі, сабағы, гүліБиіктігіГүлдеумерзіміКездесетін орныПайдала-нылатын бөлігіАдыраспан









САУАЛНАМА НӘТИЖЕСІСауалнаманы көшеде кездескен 10 адамнан алдық.Адыраспанның емдік қасиеті барын білетін адамдар-9 адамАл, білмейтіндер саны -1 адам
Қорыта айтқанда, қазақ халқы «киелі» деген ұғымға аса назар аударған. Күнделікті қолданатын киелі шөптерді үйде, отбасында , емханаларда қолданылады. Киелі шөптердің адамға тигізетін әсерін халық ертеден- ақ білген. Алғашқы қауымдық құрылыс, ертедегі тайпалардың дәуірлері, көшпелі тайпалардың да өмірде пайдаланған емдік дәрілері осы киелі шөптер болған. Оның ішінде біздің адыраспанымыз болғанына еш күмәніміз жоқ. Демек, қазіргі бізге жеткен киелі шөптердің қай - қайсысы болса да ортамызда көрсетіліп, кең таралуда. Қорытынды

Ұсыныстар:1.Адыраспан өсімдігінің емдік қасиетіне байланысты халық еміне арналған қоспа жасау әдістері мен қолдану ерекшеліктері жөнінде кітапшалар шығарылып көпшілік оқырмандарға ұсынылса. 2. Адыраспан жайлы киелі ұғым бар екені баршаға аян, сондықтан біздің қалаларға өсіру үшін жағдай жасап жылыжай жасалса, нұр үстіне нұр болар еді;3.Адыраспан біздің аумағымызға өспейтін болғандықтан, жылы жақта өскен шөптен фармацевтік жағдайда жасалып, дәріханаларда сатылса.

Назар қойыпқарағандарыңызғарахмет!!!