Презентация Адыраспанны? емдік ?асиеті
Адыраспан өсімдігінің емдік қасиеті
Зерттеу мақсаты: Адыраспан-дәрілік өсімдік екендігіне зерттеу жүргізу. Зерттеу міндеттері: 1.Адыраспанның биологиялық ерекшелігіне, құрылысына талдау жасау. 2.Адыраспанның емдік қасиетін және емдеу тәсілдерін зерттеу. Зерттеу болжамдары:Егер мен адыраспанның емдік қасиетін қолдансам,онда ауылымдағы аурукісілердің денсаулығын сақтауда,тегін емдеп,мақсатыма жетер едім.Зерттеу әдістері:1.Ақпараттарды жинау және өңдеу.2.Көрнекіліктер пайдалану.Зерттеу кезеңдері:2014-2015 оқу жылы материалдар жинақтау,іріктеу және жобаға дайындау.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтынжол ізде» Табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін алға қойған басты мақсат
Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Әбу - Насыр - Әл Фараби, Әбу - Әли Ибн – Сина қазақ халқының медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып, пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40 %- ы өсімдіктен дайындалады екен. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды
Адыраспанның морфологиялық сипаты.Адыраспан – түйетабандар тұқымдас тарамдалған бұтағы мол көп жылдық өсімдік. Бозғылт сары түсті гүлдері жеке-жеке өседі, жемісі қоңыр түсті.Биіктігі 30 – 60см иісі өте жағымсыз.Гүлдеу мерзімі маусым,шілде айлары.Кездесетін орны сортаң топырақты далаларда.Пайдаланылатын бөлігі шөбі,жапырағы,гүлі.Жинау мерзімі тамыз,қыркүйек.Қандай ауруға пайдаланады бел ауруы, бас ауруы, асқазан, ревматизм, тіс ауруы, буынның қабынуы, ұмытшақ ауруы, тарамыс ауруы.
Адыраспанның: Тұқымында 3,5-6 % алкалойд,60% гармалин,30 гармалин және шамалы ғана мөлшерде гармалоп,пеганин мен дезоксивицинон шөбінің құрамында 1,5-3%алкалойд,60 % пеганин мен вазицинон бар. Тамырында -1,7-3,3%, Сабағында -0,23-3,57 % , Жапырағында -1,07-4,96% , Гүлінде -2,82 % , Жемісінде -1,08% , Тұқымында 2,38-4,59% алкалойдты заттар,хинализин мен индол бар. Ал жас өсімдіктің тамырындағы алкалойдты заттың мөлшері 2 есе көп келеді.
Қазақ емшілерінің ауру - сырқаулармен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі - дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғаттағы өсімдіктер дүниесі
style.rotation
Адыраспанның емдік қасиеттері
style.rotation
Адыраспан өсімдігінің емдік қасиеті1. Сабағы мен жапырағын қайнатып, мөлшерімен ішсе, талма, сал, ұмытшақтық, суықтан болған ми қабынуы және тарамыс ауруларына жақсы ем болады.2. Сабағы мен жапырағын 30 грамм алып, жаншып, 120 миллилитр суға қайнатып, шырынын сүзіп алып, 90 грамм бал, 60 грамм күнжұт майымен араластырып ішсе дереу құстырады. 3. 500 грамм шөбін 0,5 литр қызыл араққа қайнатып, күніне 30 грамнан бір ай ішсе, талма, бастың созылмалы ауруынан айықтырады. Белгілі себеппен бала көтеруден тоқтап қалған әйелдер үш күн ішсе жүкті болады.4. Күніне 4-6 грамнан он бес күн ішсе, реуматизмауруын басады. Оған жаншылған зығыр тұқымын қосып, жалғастырып ішсе, демікпені жазады.5. Тісті адыраспан шөбімен ыстаса, қақсап ауырғаны басылады.6. Буының жел-құз қоздырған қабынуына қолданылады. Ол үшін жас сабағы мен жапырағын жаншып буынға таңады
Адыраспанды тасшөппен, қарааңдыз тамырымен қосып қайнатады да, радикулитті, сегізкөз невралгиясын емдеуге қолданады. Бұл ауруларды емдеген кезде жоғарыдағы қайнатындыны ішумен бірге шөбімен белді булау да жақсы нәтиже беретіні байқалады. Ол үшін кептіріліп ұнтақталған адыраспан шөбінің 50 грамын шүберек қалтаға салып, сыртынан қайнаған су құяды. Сәлден соң суын сығып, қалтаны жылы күйінде белдің ауырған тұсына басып, үстіне қыздырғыш (грелка) қояды. Белді осылай күніне 30-40 минуттан бір рет булау керек. Бір қалта адыраспанды ыстық суға қайталап салып төрт рет пайдалануға болады. Адыраспан улы өсімдік болғандықтан, оны емге ішкен кезде аса сақ болған жөн. Адыраспан шөбінің қайнатындысы мен тұнбасы ауруды басып, адамды тыныштандырады, сырқатты асқындырмауға, тер шығаруға көмектеседі. Тұнбасын суық тигенде пайдалануға болады. Ал қайнатындысы ауыз қуысы мен тамаққа суық тигенде ауыз шаюға, басқа да шөптермен қосып аяқты жууға қолданылады.
тұрғын саны- 2003 адамОның – 21 аяқ-қолы ауырады- полиартрит – 8- артроз – 2қант диабетімен – 8 адам ауырадыАсқазан қабынуы (гастрит)-9Головацкий ауылында
үй тұрмысында жасауға болады.Шөптің тұнбасы:1 стакан қайнатылған суға 1 үлкен қасық адыраспан шөбін салып 30мин қойып қою,дәкемен сүзіп алу.Бәр касық даындалған ерітіндіні күніне 2-3 рет суық тигенде және малярия ауруына қолданылады.Тұқымынан «Дезоксипегании гидрохлорид» деген препарат алынады.Бұл препарат мононеврит,неврит,полиневрит, және миазтенид ауруларын емдеу үшін қолданады.
Адыраспан өсімдігінің емдік қасиеттеріГастрит – асқазанның қабынуы ауруын емдеу ушін 10 грамм қоспаны (адыраспан) жарты литрдей суға салып , 2 сағат тұндырады. Содан соң оны сүзіп тазалайды. Дайындалған препаратты тамақтанардан жарты сағат бұрын 50 г төрт рет ішеді. Осылай 4-6 ай емделу керек. Белі ауыратын үлкен кісілерге адыраспанды пайдалану арқылы емделуге болады. Ол үшін кептірілген, ұнтақталған адырас пан шөбінің 50 г шүберек қалтаға салып, сыртынан қайнатылған су құяды. Осылай күніне 30-40 минуттан бір апта булайды.Ревматизммен ауыратын адамдар 100 г адыраспан шөбін алып, беті жабылатын ыдысқа салып, үстіне 10 литр су құйып 15-20 минут қайнатып, салықындағаннан кейін сүзіп алады. Сол қайнатпаны 38-39 градус температурада ваннаға құйып әрбір екі күн сайын 10-15 рет ваннаға түсіп отырса , ревматизм ауруынан айығады.
Адыраспан өкпені тазалап,жөтелді басады,денедегі уды қайтарады.Оны жөтел,демікпе,несеп бұзылу,себебі белгісіз ісіктер,буын қабыну,асқазан,рак, сияқты ауруларды емдеуге қолданады. Адыраспанның жас шөбін ыстық суға батырып,мыжып,ауырған буынға тартады.Сыртынан тартып орап тастайды.Күн сайын бір ауыстырып,15 күн емделсе әжептәуір нәтижесі болады. Адыраспан тұнбасымен ішкі мүшелерге суық тигенін, малярия, безгек, мерез ауруларын жазған. Сол сияқты емшілер шөптің тұнбасымен ірі қара малдарының қотырын емдеген. Шөптің қайнатпасын невростения және қояншық ауруларына қарсы ішкізеді. Ауыздың қызыл иегі ауырғанда оны сол қайнатпамен шаяды. Бұдан бөлек, адыраспанды іш ауруын алғашқы кезеңінде жазуға жаратады. Адыраспан түтінімен сал ауруын емдейтін де емшілер бар. Оның жапырағын ісікке таңып, булама жасаса, ол тез қайтады. Рецептер.
Адыраспаннан жүн мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді. Оның құрамында алкалоидтар бар. Адыраспан қазақ үшін қасиетті шөп болғандықтан бәле-жаладан сақтайды деп үйдің ішіндегі көрнекілеу жерге - кереге басына іліп қояды. Жаңа үйге кірерде босағаға жын-шайтан мүлдем жоламасын деп, адыраспанмен аластаған. Сонымен қатар, бұл өсімдікті иесіз үйді иесі жоқ кезде жайлап алған беймәлім жын-шайтандардан тазарту үшін адыраспанның бір бұтағын отқа салып тұтатып, аластайтын болған.
Зерттеу жумыстары
. Тұқымында 3,5-6 % алкалойд,60% гармалин,30 гармалин және шамалы ғана мөлшерде гармалоп,пеганин мен дезоксивицинон шөбінің құрамында 1,5-3%алкалойд,60 % пеганин мен вазицинон бар. Тамырында -1,7-3,3%, Сабағында -0,23-3,57 % , Жапырағында -1,07-4,96% , Гүлінде -2,82 % , Жемісінде -1,08% , Тұқымында 2,38-4,59% алкалойдты заттар,хинализин мен индол бар. Ал жас өсімдіктің тамырындағы алкалойдты заттың мөлшері 2 есе көп келеді.
Оңтүстік Еуропа, Батыс жіне Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексика, ҚазақстанҚазақстанда: Алтай, Тарбағатай, Іле және Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Шу, Сырдария! Дәрілік өсімдік ретінде қолданатын жерлер
Үндістанда жақында ғана адыраспанды ішек құртқа қарсы инсекцидтік құрал ретінде және аборт жасау үшін қолданады.Кавказда адыраспанның жаңадан жасалған шырынын іш ауруының алғашқы стадиясын емдеу үшін береді.Көз нашар көрсе адыраспанды балмен,шараппен,фенхель шырынымен және тауық өтімен араластырып ем ретінде қолданған.Буындарға суық тигенде ауырған жерге жағады.Бұл өсімдікті 1928 жылдан бері дәрі –дәрмекке пайдаланып келеді.Мұны жүйке және сал ауруына қарсы қолданады.Адыраспан жасалған гормалин алколоиды әсері жағынан банистерин алкалоидынан асып түседі.Ауғаныстанда адыраспан түтінімен сал ауруларын емдейді,ал жапырағынан ісікке таңатын буылма жасайды .Тұқымның қайнатпасымен демікпені емдейді.Зәр қуалайтын қасиеті бар
Ақын с.кеттебайұлының “дала дәріханасы”деген өлеңінде дәрілік өсімдік адыраспанның биологиялық ерекшелігі,морфологиялық құрылысы өте жақсы сипатталған.Тақырға өсер тарбиып,Тұрар бүрі арбиып.Салалы әр бұтағы,Бойына ащы нәр жиып.Біле білсең тұрағыКөшкен жұртқа шығады.Жаз бойы өңін өзгертпей, Сарғайып қана тұрады.Қандай ауру болса да,Жұғымы оның соншама.Күз келіп ол піскендеАлуды жинап жөн сана.
Әсем, сұлу табиғатымыздың аясы өсімдіктер дүниесіне бай. Халық медицинасында емдік мақсатқа қолданылатын, фармацевтика өндірісінде дәрі жасауда пайдаланатын шипалы өсімдікке бай.Адыраспанның құрамында улы гармин және гармалин алкалоидтары, ал гүлі мен бұтағында пеганин алкалоиды болады. Адыраспан-улы өсімдік, сондықтан оны тек дәрігердің нұсқауымен ғана пайдалануға болады. Халық медицинасында адыраспан ревматизм, қышыма және басқа да тері аурулары кезінде бұлау жасауға пайдаланылады, ал шөбінен жасалған қайнатынды суық тигенде, безгек ауруларына, нерв жүйесінің әлсіреуіне және ұстама ауруларына ем болып табылады. Адыраспанды Кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде пайдаланады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы сырқаты бар адам жатқан бөлмені ыстап залалсыздандырады. Қорытынды.
Назарларыңызға рахмет!