Урок на теме Жана жыл, Жана н?р
Тақырыбы: Қош келдің, жаңа жыл!
Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын,
Шайтанды да алдадым.
Алдау деген түк емес,
Мыстанды да алдаймын.
Еее… Ту алыста болайын деп жатқан Жаңа жыл мерекесіне қалай жетсем екен? Мыстанның алдап сыпыртқысын алып алу керек еді. Оны қалай алдасам екен?
(Сол кезде мыстан ұшып келеді)
О,өзі де келді, бәрекелді!
Мыстан: Сенсің, бе Алдар?
(Алдар екі қолын қосып ішіне қарап тұрады)
Алдар: Иә, Мыстан кемпір, мазалама мені.
Мыстан: Не болыпты? Не істеп тұрсың?
Алдар: Ой, мына сиқырлы тесіктен Жаңа жыл мерекесі қалай өтіп жатқанын көріп тұрмын.
Мыстан: Ей, Алдеке, мені жаңа жылға ешкім шақырған жоқ,берші маған мен де көрейін!
Алдар: Ал жарайды,көрсең көр.(Алдар мыстанға тесікті көрсетеді,мыстан тесікке қарап тұрғанда Алдар сыпыртқысына мініп ұшып кетеді)
Мыстан: Ей, Алдар,мені алдап кеттің ғой! Мен саған көрсетейін Жаңа Жылды! (Ашуланып кетіп қалады)
(Қарақшылар билеп,айқайлап шығады)
Атаман: Еее… Бауырларым,ақша табу қиынға түсіп бара жатыр. Оңай ақшаны қайдан табамыз екен?
1-қарақшы: Оу, бұл ауылда кімді тонаймыз? Бәрі өздеріміз сияқты.
2-қарақшы: Ей,тоқтаңдар!Осы ауылда бір джипті көрдім. Сол джиптің иесі бай шығар. Соны тонайық.
Барлығы. Жүріңдер, кеттік.
(Сол кезде мыстан келеді)
Мыстан: Оңай ақша тапқыңыз келе ме?
2-қарақшы: Мыстан, бізге бір жұмыс тауып бергін келіп тұр-ау деймін.
Мыстан: Иә, сендерге бір жұмыс бар. Егер сол жұмысты келістірсеңдер сендерге көп ақша беремін.
3-қарақшы: Ол қандай жұмыс?
Мыстан: Сендер қандай мейрам болып жатқанын білесіңдер ме?
Қарақшылар: Жоқ….
Мыстан: Жаңа Жыл мейрамы. Бәрі де Жаңа жыл шыршасына жиналып Аяз ата мен Ақшақарды күтеді. Барлығы қуанышты мейрам өткізеді. Ал біздерді шақырған жоқ. Сол себептен Жаңа жыл мейрамын болғызбайық. Сендер Аяз ата мен Ақшақарды ұрлап алып кетіңдер.
Қарақшылар: Кеттік….Кеттік….
(Жүргізушілер шығады)
1-жүргізуші: Ақжібек, Қайырлы кеш, құрметті қонақтар! Біздің Жаңа Жыл шыршасына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Рысбек, Сіздерге осы Жаңа жылда зор денсаулық,мол бақыт және ашық аспан тілейміз!
1-жүргізуші: Ақжібек,
Жаңа Жыл– туындаған жаңа армандар,
Жаңа Жыл- шуылдаған жаңа армандар.
Ал мынау- мәңгі бақи жаңа дүние,
О, сәлем, жаңа жылда жаңарғандар2-жүргізуші: Рысбек,
Жаңа Жыл- қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Біз Жаңа жылдарға қол соғамыз
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
1-жүргізуші: Ақжібек,
Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу жыр-әні.
Мынау әсем шыршаға
Қош келдіңдер, оқушылар -дей отырып ортаға жаңа жылдық шыршаға келіп отырған оқушыларды шақырайық.
Залға «Қыс ханзадасы» оқушыларды бастап кіріп шыршаны айнала тұрады. (Музыка)
2-жүргізуші: Рысбек,
Төрлетіңдер, төрлетіңдер,
Шырша сәнін көріңдер.
Әсем әнмен би билеп,
Күй-жырларды төгіңдер.
(Сол кезде Алдар көсе сыпыртқымен ұшып келеді де әнін айтады)
Алдар: Мен Алдармын, Алдармын,
Шайтанды да алдадым.
Алдау деген түк емес,
Мыстанды да алдадым.
1-жүргізуші: Ақжібек, Біздің мейрамымызға қош келдіңіз,Алдеке! Кімді алдадым деп айттыңыз?
Алдар: Оу, мыстанның өзін алдап,сыпыртқысымен ұшып келдім. А, айтпақшы ол өте ашулы болды. «Жаңа жыл шыршасына ешкім шақырмады» дейді.
2-жүргізуші: Рысбек, Сен мыстанды алдадың, ал кесірі бізге тимей ме?
Алдар: Ол жағын білмеймін,мен өзім концерт көруге келдім. Бастайық.
(Ол жайғасып отырады)
1-жүргізуші: Ақжібек, Ал ендеше бастайық. Ортаға…
Сол кезде мыстан кіріп:Ал ортаға мен шығамын. Мені шақырмағасын өзім келдім. Ал Алдармен басқаша сөйлесемін… Алдар қайда… Қашып кетті.
2-жүргізуші: Рысбек, Мыстан апа ашуланбаңыз. Бізбен бірге Жаңа жылды қарсы алыңыз.
Мыстан: Менде сендерге айтатын бір жаңалығым бар.Сіз күтіп жүрген Аяз ата мен Ақшақарды мен ұстап отырмын.
1-жүргізуші: Ақжібек, Оныңыз қалай? Аяз атасыз мереке қалай өтеді? Кәнеки, балалар , мыстан ападан жақсылап сұрайықшы.
Балалар хормен: Қардан аппақ әдемісіз, мыстан апа,
Шашың күміс жылтыраған мұздай, апа.
Келіп қосыл арамызға, қарсы аламыз,
Сіз боп, біз боп Жаңа Жыл салтын, апа.
Мыстан: Жарайды, жарайды, ал сендерде маған беретін сыйлық бар ма? (Сол кезде сиқыршы шығады)
Сиқыршы: О, мыстан, не шу шығарып жатсың? Саған сыйлық берсем Аяз ата мен Ақшақарды жібересің бе?
Мыстан: Енді оны қандай сыйлық алғанымызға қарай көреміз.
Сиқыршы: Менде сиқырлы айна бар. Қарашы қандай әдемі! Айнаға қарап тұрып сиқырлы сөзді айтсам болды, не көргің келсе, соны көруге болады.
Мыстан:(ойланып,ойланып) Үнділердің биін көргім келеді, ал көрсетші.
Сиқыршы: Айнам менің, айнам,
Жан-жағыңды жайнат.
Үнділердің өнерін,
Осында әкеп сайрат.
Суф- суф- суфБи: Бердібек Ақбөбек, Қабылберді Дариға
Мыстан: О, мынау тамаша екен. Ал енді ән айтқызып бере аласың ба?
Сиқыршы: Айнам менің, айнам,
Жан-жағыңды жайнат.
Ерасылдың әнін сайрат.
Суф- суф- суфӘн: Баймұханбетұлы Ерасыл. «Жаяу»
Мыстан: Керемет, керемет. Ал енді өзбек биін көргім келеді.
Сиқыршы: Айнам менің, айнам,
Жан-жағыңды жайнат.
Өзбек биін
Осында әкеп сайрат.
Суф- суф- суф
Өзбек би: «Нозли гүлім» Мұратқызы Асылжан
Мыстан: О, мынау тамаша екен. Ал енді мен ән тыңдағым келеді.
Сиқыршы: Айнам менің, айнам,
Жан-жағыңды жайнат.
3 «Ә» сынып қыздарының әнін
Осында әкеп сайрат.
Суф- суф- суф
Ән: «Мерекем» Мауытбай Қамар, Жанұзақ Айқын
Мыстан: Ай, тамаша, ризамын, ризамын. Мен Аяз атаны өзім алып келемін.(Мыстан айнаны алып кетеді)
1-жүргізуші: Ақжібек, Ал балалар, сиқыршыға рахмет айтайық.
Барлығы: Рахмет.
1-жүргізуші: Ақжібек, Рахмет,рахмет, сиқыршы.
2-жүргізуші: Рысбек, Балалар, Аяз ата келіп қалған шығар. Бәріміз шақырайық.
Барлығы: Аяз ата, Ақшақар!
Аяз ата: Амансың ба, қыздарым?!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем билерің!
Аталарың сендерге,
Асау желмен алысыпШаршап келді алыстан.
Қаршақыз бен ескі жыл,
Олар да жүр қасымда,
Өздеріңдей балаларменСағынысып табысқан.
1-жүргізуші: Ақжібек, Кел, төрлет, Жаңа жылым, құтты жылым,
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.
Қарсы алдық сені еселі еңбекпенен,
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.
1-жүргізуші: Би: 3 «Ә» сынып оқушылары. «Флешмоб»
1-жүргізуші: Ән: «Сенде, менде» Есенбай Қосымбек
2-жүргізуші: Рысбек, Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,
Қиналып әр отбасы тарылмасын.
Аяз ата бүгінгі келген күндей,
Жүздеріңнен қуаныш арылмасын.
2-жүргізуші: Ән: «Жаңа жыл» Асылай, Асылжан, Ақбөбек
2-жүргізуші: Ал енді тақпаққа кезек берейік:
1. Жанболат
2. Адай
3. Ақтілек
4. Аяулым
5. Даниял
1-жүргізуші: Ақжібек, Жаңа жылда көңілді болу керек,
Қыздардың әнін тамашалайық, демек, Жалғасқызы Асылайдың орындауында ән: «Ізін көрем»
1-жүргізуші: Ал енді тақпаққа кезек берейік:
1. Еділ
2. Райымбек
3. Бектас
4. Сағыныш
5. Нұржан
6. Мирас
2-жүргізуші: Рысбек, Жаңа жыл-ақ ниеттің алаулары,
Жаңа жыл- тарихтардың тараулары
Жаңа жыл- жалындаған алқызыл нұр
Сенімен мен көтерген жалаудағы дей келе, Айқын мен Арсеннің орындауында әке – ана әнін тамашалайық
1-жүргізуші: Ақжібек, Оу, балалар, біраз ойнап көңілімізді көтердік, бірақ осы Жаңа жылымыз қайда? Неге шақырмаймыз.
Ақшақар: Балалар, барлығымыз қосылып Жаңа жылды шақырайық.
Барлығы: Жаңа жыл…
Залға Жаңа жыл келеді де құттықтау сөзін айтады.
2-жүргізуші: Рысбек, Амансың ба, Жаңа жыл,
Биылғы келген жыл- Мешін жылы
Келген қадамың құтты болсын.
Сен әкелген бақыт жылы болсын.
Береке-бірлік, татулық, ырыс жылы болсынХалықтар достығы нығая берсін!
Ақшақар: Аяз ата, Ескі жылды шығарып салайық.
Аяз ата: Дұрыс айтасың! Ал Ескі жыл,сен құтты жыл болдың! Біз ризамыз саған,Ескі жыл! Біз сенімен қоштаспаймыз, тағы да кездесеміз. Ал сау бол, Ескі жыл!
Барлығы: Сау бол, Ескі жыл!
Аяз ата: Балалар, біз Ақшақар екеуіміз тамаша демалдық. Ойнадық, ән айтып, би биледік. Біздің баратын жерлеріміз көп. Сендер әрі қарай жалғастыра беріңдер, ал біз аттанайық. Сау болыңдар оқушылар. Рахмет сендерге.
Ақшақар: Сау болыңдар, оқушылар, келесі жаңа жылда кездескенше!
Барлығы: Сау болыңыздар Аяз ата, Ақшақар!
1-жүргізуші: Ақжібек, Мерекеміз- жаңа жыл,
Тойында қызық думан бар.
Жаңа жыл- бұл жаңа өмір,
Сайранда, туыс-туғандар.
Осылай басты қосайық,
Ашық боп аспан әрдайым.
Тыныштық тойын жасайық,
1-жүргізуші: Бейбітшілік - береке, бола берсін мереке, - дей отырып, Мұратқызы Асылжанның индиский биін тамашалайық.
1-жүргізуші: Енді кезекті әнге берейік, Ерасылдың орындауында «Орал - орал» әнімен.
2-жүргізуші: Рысбек, Жайраңдап жаңа жыл келді,
Бар аймақ жаздай түрленді.
Қуаныш май гүліндей төрге сыймай,
Көңілдер жас үмітпен гүлденеді, дей келе Гүлсезім мен Қамардың биін тамашалайық.
2-жүргізуші: Енді кезекті әнге берейік, Қосымбектің орындауында «Жаса Қазақстан»
1-жүргізуші: Ақжібек, Жыл бойы бақыт бақша жаз гүлденсін,
Жемісі қуаныштың үзілмесін.
Сүйсініп ерлігіне азаматтың,
Сүйікті ұлым десін, қауым десін.
Бірге: Асыға күткен Жаңа жыл,
Кел, Жаңа жыл,Жаңа жыл!
Жаңа заман, жаңа ойлар
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Жүргізушілер: Осымен Жаңа жыл мерекесі аяқталды. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілейміз.
Ән: Жаңа жыл