Конспект MS Word м?тіндік редакторыны? графикалы? м?мкіндіктері
MS WORD мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері. Сурет кірістіру, Word Art оъектісі.
Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: Оқушыларды MS WORD мәтіндік редакторының мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға үйрету. Қарапайым графикалық элементтер салу, автофигураны енгізу, Жақтау (Рамка) ішіне мәтін енгізу, мәтінге салынған суретті форматтау (бұру, түзету, толықтыру, топқа біріктіру, топтан шығару) іс-әрекеттерін орындап үйрету. Мәтінге сурет кірістіру, Clip Gallery және басқа программалардан, файлдан және Word Art объектілерін енгізу, өңдеу, объектіні мәтін ішінде жылжыту әдістерін үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерлік жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және түрлі қарапайым графикалық элементтерді қолдана білуге ықпал жасау, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
ъ3. Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: зертханалық- машықтану сабағы
Сабақтың әдісі: Оқытудың компьютерлік технологиясы
Пән-аралық байланысы: математика, сызу, арнайы пәндер
Сабаққа қажетті материалдар: ДК, Microsoft Office Word 2007 бағдарламасы, интерактивті тақта, Activslate құрылғысы, деңгейлік тапсырмалар, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысымын түгелдеу. Дәрісхана тазалығын бақылау. Оқушылардың сабаққа дайындығын, оқу –құрал жабдықтарын тексеру. Оқушылардың ықылас-зейінін сабаққа аудару.
2. Өткен сабақты қайталау
1-тапсырма. Sin Kaz электрондық оқулығында тапсырмаларды орындайды.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап береді.
СҰРАҚТАР:
MS Word мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
Мәтіндік редактордың терезесі қандай элементтерден тұрады?
Қаріп деген не?
Жаңа құжатты қалай құрамыз?
Құжатты сақтау әдістерін атаңыз?
Пішімдеу панелі дегенді қалай түсінесің?
Орфографиялық қате мен синтаксистік қатенің сызықтарын қандай түстермен белгіленеді?
Әріптерді қалай бояуға болады?
Қағазға басып шығару үшін қандай әрекеттерді орындау қажет?
Айналдыру сызықтары, сызғыш ұғымдарын түсіндіріңіз.
3. Жаңа сабақ
«MS WORD мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері. Сурет кірістіру, Word Art оъектісі».
Microsoft Word-та векторлық графикаға негізделген суреттер жасауға мүмкіндік бар, ол үшін қосымша салынған нысандар – Өзкескіндер және сызбалық мәтін – WordArt бар.
Құжатқа өзкескінді кірістіру үшін Кірістіру мәзірінде Сурет әмірін, содан кейін – Өзкескіндер әмірін немесе Сурет салу үстелінің Өзкескіндер мәзірін таңдаңыз. Өзкескіндерге сызықтар, кескінді көрсеткілер, жұлдызшалар мен таспалар, тілше деректер және басқалары жатады.
Тізімнен қажетті кескінді таңдаңыз. Бұндайда тінтуір көрсеткіші “+” бейнесіне өтеді. Оны құжаттағы қажетті орынға апарып, бір шертіп өзкескінді кірістіріңіз.
Автофигуралар – геометриялық объектілер, ромбылар және тағы басқа фигуралар. Құжатқа автофигураларды қосу үшін мына әрекеттерді орындаңдар.
1.Тінтуірдің нұсқағышын құжаттың графикалық бейнені
кірістіру қажет болатын жеріне апарыңдар.
2. Вставка- Фигуры командасын таңдаңдар.
Автофигуры инстументтер панелі пайда болады.
3. Өздерің пайдаланғыларың келген автофигуралар түріне шертіңдер.
Экранда әр түрлі фигуралардың қажет болатын жеріне апарыңдар.
2. Вставка- Фигуры командасын таңдаңдар. Автофигуры инстументтер панелі пайда болады.
3. Өздерің пайдаланғыларың келген автофигуралар түріне шертіңдер.
Экранда әр түрлі фигуралардың суырмалы менюі бейнеленеді. 4. Өздерің құжатқа кірістірмек болған фигураға шертіңдер.
Тінтуірдің нұсқағышы шағын крест пішінін қабылдайды.
5.Тінтуірдің нұсқағышын құжаттың автофигураны салғыларың келетін
жеріне апарыңдар, тінтуірдің сол жақ батырмасын басңдар да оның нұсқағышын жылжытыңдар.Сендер таңдап алған бейне құжатта пайда болады.
6.Экраннан Автофигуры инструменттер панелін алып тастау үшін жабу батырмасын шерт.
АВТОФИГУРАЛАР
Word мәтіндік редакторында сурет кірістіруге болады. Ол үшін Мәзір жолынан Вставка- Рисунок командасын орындаймыз.
Фигуралық мәтін жазу үшін WordArt объектісін қолдан. Ол үшін:
Кірістіру►Сурет► WordArt объектісі ... командасын таңда;
WordArt коллекциясы терезесінен мәтін жазу стилін таңда;
OK батырмасын шерт;
WordArt мәтінін өзгерту терезесінде форматын таңдай отырып, мәтін теріп жаз;
OK батырмасын шерт;
WordArt объектісін пайдаланып, рефераттың, курстық жұқмыстың сыртқы беттерін безендір;
Clip Gallery программасын, WordArt объектісін пайдаланып шақыру қазазын дайында;
Дайындалған құжаттарға ат беріп, дискіге сақта.
WordArt мәнеріндегі сызбалық мәтінді тінтуірдің оң жақ пернесімен нысанды шерткен кезде ашылатын мәтінмәндік мәзір әмірінің көмегімен өңдеуге болады. Мысалы, мәтін түсін өзгертуді WordArt пішімі – Түстер мен сызықтар – Бояу – Түс (сурет) әмірлерінің көмегімен орындалады.
WordArt объектісін пайдаланып, құттықтау қағазын дайындаңяыз.
6. Дайын болған жаңа жылдық құттықтау қағазын Сурет 2 деген атпен Менің құжаттарым бумасына сақтап қойыңыз.
7. Word редакторының терезесін жабыңыз.
Суреттің жарықтылығын, контрастын, көлемін, мәтін тасымалы мәнерін өзгерту үшін Сурет құралдар үстелі қолданылады.
Осы құралдар үстелін жұмыс терезесіне шығару үшін мына әмірлер тізбектерінің бірін орындау қажет: Көрініс – Құралдар үстелі – Сурет немесе Құралдар – Баптау – Құралдар үстелі.
Құжат құрамындағы Wordart объектісін өңдеу
Объектіні өңдеуге арналған аспаптар Wordart аспаптар панелінде берілген. Олардың көмегімен келесідей өңдеу жұмыстарын жүргізуге болады:
тақырып мәтінін өзгерту (Изменить текст) батырмасы;
тақырып пішінін өзгерту (форма Wordart) батырмасы;
безендіру стилін өзгерту (коллекция Wordart) батырмасы;
объектіні бұру (свободное вращение);
объектінің өзін қоршаған мәтінмен қарым-қатынасының сипаты (Положение) батырмасы;
мәтінді тігінен орналастыру (вертикальный текст Wordart) батырмасы;
5.Сабақты бекіту.
А) Кеспе қағаздарындағы орындалатын командалардың қызметін интерактивті тақтада көрсете отырып орындау.
Б)Сұрақтарға жауап беру:
1. Word мәтіндік редакторына қандай объектілер енгізуге болады?
2. Объект енгізу қандай командалардың көмегімен орындалады?
3. Объект файлдан қалай енгізіледі?4. WordArt объектісі қалай енгізіледі?
5. Енгізілген WordArt объектісін форматтау әрекеті қалай орындалады?
6. Суреттер салу әрекеті қандай командалардың көмегімен іске асырылады?
7. Сурет салу саймандар тақтасы экранға қалай шығарылады?
6. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.
Бағдарламаның көмегімен беттерге жиектер қою, сурет салу, графикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы көркемді, сапалы рефераттың титулын жасауды үйренді.
Wordart құжаттарды әсерлі етіп безендіре алады. Суреттерді кірістіріп, оларды өңдей алады. Құжаттарды басып шығаруға да тиімді екенін өз тәжірибелерінде көреді. Орындаған тапсырмаларына қарай тиісті бағаларын қою.
7 .Үйге тапсырма беру: Ә-8, 80-81 беттер бойынша конспектілеу. О.Камардинов «Информатика» Шымкент 2000ж. 218-224 беттерді оқып, бақылау сұрақтарына жауап беру.
Қолданылатын әдебиеттердің тізімі:
О. Камардинов «Информатика», -2000 ж.
М.К.Байжұманов, Л. Жапсарбаева «Информатика», Астана-20004 ж.
Word мәтін редакторы. Лабораториялық практикум, Алматы- 2001 ж.
Е. Балапанов, Б. Бөрібеков «Информатикадан 30 сабақ», А-2004 ж.
Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал. Алматы- 2007 ж.