Урок по казахскому языку на тему ?арсылы?ты ба?ыны??ы саба?тас с?йлем
Қазақ тілі
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Жаңа тақырыпты түсіндіріп беру, қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту, сауатты жазуға баулу, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Еңбекке баулу. Анық , жүйелі сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, талдау
Көрнекіліктер: тест, топтама, дидактикалық ойын, слайдтар
Сабақта қолданылатын статегиялар: топтастыру, куббизм, бес жол өлең
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
II Үй жұмысын тексеру.
Шартты бағынынқы сабақтас сөйлем дегеніміз не?
III Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
1-слайд
Сөздікпен жұмыс
Кесте тігу- вышивать
Кілем тоқиды- ткет ковер
Текемет басады- делает кошму
Ине- иголка
Біз-шило
Шыдам керек- нужно терпение
Жаңа сөздерді игерту. Сөз тіркесін, сөйлемдерді құрастырамыз.
2-слайд
Мәтінмен жұмыс
Мәтінді оқып аударамыз.
3 –слайд
Бес жол өлеңмен жұмыс
1.Зат есім
2. Сын есім, сын есім
3. Етістік, етістік, етістік
4. Бір сөйлем
5. Синоним
4-слайд
Ережемен жұмыс
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.
Басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқы сабақтас дейміз. Сұраулары: Қайтсе де? Не етпестен? Қайткенмен? Не ете тұра? Не еткені болмаса? Қайткенше?
№ Жасалу жолы Мысал
1 -са,се/ да,де,та,те Қыс келсе де,қар жаумады.
2 -ғанмен, -генмен,- қанмен,-кенмен Қыс келгенмен,қар жаумады.
3 (-а,-е,-й)/ тұра Қыс келе тұра,қар жаумады.
4 (-ғанына,-геніне,-қанына, кеніне) / қарамай (қарамастан) Қыс келгеніне қарамастан,қар жаумады.
5 (-ған,-ген,-қан, кен) тәуелдік жалғау / болмаса Қыстың келгені болмаса,қар жаумады.
6 -ғанша, -генше,-қанша,-кенше Далаға шығып жаурағанша, үйде отыр.
5-слайд
Топтастыру
Оқулықтан 74 беттен тапсырманы орындаймыз.
Көшіріп жазып, сабақтас сөйлемдердің тыныс белгілерін қойыңдар.
Ол қанша жақсы дәрігер болса да ақылдасатын әріптестерін іздеді. Маған жәрдем берсе де мен қуана қоймадым. Менің денсаулығым мықты болғанымен әлі де шынығу керек болды. Бүгінігі ауа райы жылы болғанымен суық жел соғып тұр.
6-слайд
Ой толғаныс
Оқушылар 3 топқа бөлінеді:
Орындаушы топ
Шығармашылық топ
Ізденуші топ
Орындауышы топ «Құрмалас сөйлем »атты топтама құрады.
Шығармашылық топ мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Ізденуші топ «Куббизм» стратегиясы бойынша жұмыс жасайды.
7-слайд
Куббизм
Сипаттаңыз. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас деген не?
Салыстырыңыз. Басқа сабақтаспен салыстыр
Саралаңыз. Жасалу жолы, ерекшелігі
Қолданыңыз. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлем ойла.
8- слайд
Тестпен жұмыс
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемнің жасалу жолы:
А) шартты райлы етістік жұрнағы арқылы
Б) тұйық етістік жұрнағы арқылы
В) қалау рай жұрнағы арқылы
Г) жалғаулық шылау арқылы
2. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас есімшенің қандай жұрнақтары арқылы жасалады?
А)- атын,-етін
Б) –мақ,-мек
В) –ғанша,-генше
Г) –майынша,-мейінше
3. Келер шақ есімшенің болымсыз түріне қандай септік жалғауы жалғану арқылы жасалады?
А) Ілік
Б) Барыс
В) Жатыс
Г) Шығыс
4. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың сұрақтары
А) Қашан? Қашаннан бері?
Б) Неліктен? Не себепте?
В) Не үшін? Неге?
Г) Қайтсе де? Не етпестен?
9-слайд
IV. Сабақты қорытындылау.
Бүгін мен сабақта .... үйрендім.
Маған.... оңай болды.
Маған.... қиын болды.
Енді мен .... өзім орындай аламын.
10-слайд
V. Үй тапсырмасын беру.
Ережені жаттау.
VI. Сабақты аяқтау. Сау болыңыздар!
Пайдаланған әдебиеттер:
С.Дюсебаев, Г.Байтилеуова, А.Кошкари, Г.Боранбаева, Алматы «Мектеп», 2012 ж
Ибрагимов Қанат «Шың- кітап» 2011 ж.