Саба? жоспары.?аза? тілі.?арсылы?ты ба?ыны??ылы саба?тас.8 сынып


Қазақ тілі 8-сынып (кілті)
№3 тақырып : Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас (аралас сабақ – 45 минут)
Балалар, төмендегі бос орындарға жауап жазыңдар.
(асты сызылған курсив сөздердердің орнына оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне: І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың ІІІ кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді
«Көпір»
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөздерді қой.
1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу ерекшелігі ?
Ж: Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі.
2.Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасына байланысты неше мағыналық түрі бар?
Ж: Сабақтас құрмалас сөйлемнің 6 мағыналық түрі бар.
1. Шартты бағыныңқылы сабақтас
2. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
4. Себеп бағыныңқылы сабақтас
5. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас
6. Мақсат бағыныңқылы сабақтас
3. Сурет арқылы ой салу. .............................................................................................................................................
..............................................................................................................................................
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
Теориясы:«Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелуі керек) Бос орынға қажетті сөздерді қой.
1. Басыңқыдағы іске бағыныңқыдағы айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске қарсы қойыла айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқылы сабақтас дейміз.
2. Қарсылықты бағыныңқылының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады.
А) Шартты райлы етістікке да , де шылауы жалғас келуі арқылы;
Ә) Шартты райдың болымсыз түрі ( -ма+са) арқылы;
Б) Есімшеге көмектес септік (-мен) жалғауы қосылуы арқылы;
В) Есімшеге -ша,-ше жұрнағы жалғануы арқылы;
Г) –а, -е, -й жұрнақты көсемше түрі арқылы;
Ғ) Келер шақ есімшенің болымсыз түріне (-тан, -тен) шығыс септік жалғауының жалғануы арқылы.
Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады) Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөздерді қой.
Төменде берілген сөйлемдерді неліктен қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас дейміз ?
1. Май құйған шам сөнсе де,
Үмітің сөнбес дүниеде.
2. Жастар білім жағынан артық болғанына қарамастан, тәжірибелі
жұмысшылардың жәрдеміне мұқтаж болады екен.
3. Жетпіс жыл өмір сүре тұра , аз секілді білгенім.
Ж: Себебі, біріншіден, бағыныңқы сөйлемнің баядауышы тиянақсыз, екіншіден, бір сөйлемдегі ой екінші сөйлемдегі ойға қарама- қарсы, үшіншіден, жасалу жолдары қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемге сәйкес келеді.
Теориясы:
«Талдау»
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады. Берілген сөйлемдерді салыстыр, айырмашылығын тап.
Қарсылықты салалас құрмалас
М: Өлеңімен жүрегіңді жылытқан ақынның бәрін де жақсы көресің, бірақ соның ішінде өзгелерден ыстық боп танылатыны болады. Ортақ белгілері Қарсылықты
бағыныңқылы сабақтас
құрмалас
М: Көп балалы үйдің шаң-шұңы көп болғанымен, іші бауырмалдық пен қарапайымдылыққа толы.
1. Құрмаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышы тиянақты және салаласа байланысқан.
2. Қарсылық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы жасалған. 1. Күрделі ойдың көрсеткіші
2. Екеуінде де қарама- қарсылық мағына бар. 1. Құрмаластың бірінші
жай сөйлемінің
баяндауышы тиянақсыз.
2. Екі жай сөйлем бірі екіншісіне бағына, сабақтаста байланысқан.
Тақырыптың басты идеясы неде? Екеуі де құрмалас, екеуінде де қарама-қарсылық мағына бар. Олардың айырмашылықтары: бірінің баяндауышы тиянақты, біреуінің баяндауышы тиянақсыз, бірі салаласа байланысса, бірі сабақтаса байланысады.
Теориясы: «Жинақтау»(Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас туралы білгеніңді жинақта

Ее,ЖжЖасалу жолы

Шартты райлы етістікке Шартты райдың болымсыз
(-са, -се) да, де түрінен (-ма+са)

Есімшеге көмектес септік Есімшеге -ша,-ше жұрнағы
(-мен) кейде да, де шылауы (-ған+ша) жалғануы

–а, -е, -й жұрнақты Келер шақ есімшенің болымсыз
көсемшенің жалғануынан түріне (-ма+с) (-тан, -тен) шығыс
септігінің жалғануынан
Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.
Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады ) Оқулықпен жұмыс. Берілген сөйлемнен қарсылықты бағыныңқылы құрмалас сөйлем жаса.
1. Жас болсам да, көп ізденуді мұрат еткем.
2. Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.
3. Талабы күшті бола тұра, жемісті еңбек етуге еңбекқорлық жетелейді.
4. Әлгі түсімді қайта-қайта көргім келгендей көзімді жұмғаныммен, ұйқым келмеді.
Практикасы
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөздерді қой.
Сен қалай ойлайсың, қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты сабақтастың басқа мағыналық түрлерінен қалай ажыратуға болады ?
Ж: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты сабақтастың басқа мағыналық түрлерінен құрамындағы жай сөйлемдерінің мағыналарының бір-біріне қарама-қарсы болып келетіндігінен анықтауға болады және жасалу жолы арқылы да ажырата аламыз.
ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзіреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қорытынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қорытынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.
І деңгей (5 балл)
Теориясы: «Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай? нені? қашан?не істеді?сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктелініп, ІІ кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады) Бос орынға қажетті сөздерді қой.
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді жасауда етістіктің қандай тұлғалары қолданылады?
Ж: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді жасауда етістіктің есімше, көсемше, шартты рай тұлғалары қолданылады.
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады) Сәйкестендір
1. Сексен сұлу сылаңдап тұрса дағы,
2. Малдыбай қарт өзінің сырқаттанып жатқанына қарамастан,
3. Жұмыс қанша қиын болғанмен,
4. Ара-тұра шоқтала өскен сексеуілдерге үйірілген құм төбелер болмаса, 1. атқа қоныпты.
2. менің сол кездегі өмірім қуанышты өмір болды.
3. бұл тақырда көз тоқтатарлық еш нәрсе жоқ.
4. Ғалияның татымайды кірпігіне.
ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)
Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады) Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөздерді қой.
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмаластың бағыныңқы сөйлемінің баяндауышы неліктен тиянақсыз болып жасалады?
Ж: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмаластың бағыныңқы сөйлемінің баяндауышы тиянақсыз болу себебі, бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемге бағына, сабақтаса байланысады.
Теориясы:
«Талдау»
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады. Берілген сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштарын тауып, астын сызып, тұлғаларын салыстыр.
1. Бала ата-анасына қанша ыстық болса да, есейгенде ұясынан
қанаттанып ұшары анық.
2 . Тәуелсіз Қазақстан жас мемлекет болғанымен, бүгінде бүкіл әлем таниды.
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(ІІ кезеңдегі қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады) Оқулықпен жұмыс.
131-жаттығу. Берілген қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмаласқа айналдыр.
1. Бас болмақ оңай, бірақ бастамақ қиын.
2. Жаз ортасы болып қалды, әйтсе де күн қыза қоймады.
Ж: 1. Бас болмақ оңай болғанымен, бастамақ қиын.
2. Жаз ортасы болып қалғанына қарамастан, күн қыза қоймады.
ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)
Теориясы:
«Жинақтау»
(Қорытынды шығаруға бағытталған:
мазмұнды
жүйеле, анықтама бер,
кесте, сызба, ребус шеш деген сөздер тапсырма шартында болу керек). Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас туралы білгеніңді жинақта

Практикасы
«Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?Не істер едің?сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөздерді қой.
Сөйлеуде қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмаласты қолданудағы қажеттілік неде деп ойлайсың?
Ж: Адам өмірдегі құбылыстарды тану мен оларды тіл арқылы білдіруде, өз ойын қарсыластыра, қарама-қарсы нәрселерді салыстыра жеткізуде, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің қызметі ерекше.
Ойды жалғастыр: ............................................................................................................
.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
ІV деңгей
Шығармашылық
тапсырма «Мен елімнің ертеңімін» тақырыбында қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмаластарды қолданып, шағын шығарма жаз.
Қазақ тілі. 8-сынып. Оқушы дәптері
№3 тақырып : Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас (аралас сабақ – 45 минут)
Балалар, төмендегі бос орындарға жауап жазыңдар.
(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне: І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың ІІІ кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді
«Көпір»
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөздерді қой.
1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу ерекшелігі ?
Ж: Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы ........................ болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі.
2.Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасына байланысты неше мағыналық түрі бар?
Ж: Сабақтас құрмалас сөйлемнің ........... мағыналық түрі бар.
1. ......................... бағыныңқылы сабақтас
2. ........................... бағыныңқылы сабақтас
3. ............................ бағыныңқылы сабақтас
4. ............................ бағыныңқылы сабақтас
5. .................... -сын бағыныңқылы сабақтас
6 ...................... бағыныңқылы сабақтас
Сурет арқылы ой салу .......................................................................................
.............................................................................................................................. ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
Теориясы:«Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай?нені? қашан?не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелуі керек) Бос орынға қажетті сөздерді қой.
1. Басыңқыдағы іске бағыныңқыдағы айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске қарсы қойыла айтылған сабақтасты ............................. бағыныңқылы сабақтас дейміз.
2. Қарсылықты бағыныңқылының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады.
А) Шартты райлы етістікке .................. шылауы жалғас келуі арқылы;
Ә) Шартты райдың болымсыз түрі ......................... арқылы;
Б) Есімшеге көмектес септік ........................ жалғауы жалғануы арқылы;
В) Есімшеге ......................... жұрнағы жалғануы арқылы;
Г) .............................. жұрнақты көсемше түрі арқылы;
Ғ) Келер шақ есімшенің болымсыз түріне .................... шығыс септік жалғауының жалғануы арқылы.
Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады) Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөздерді қой.
Төменде берілген сөйлемдерді неліктен қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас дейміз ?
1. Май құйған шам сөнсе де,
Үмітің сөнбес дүниеде.
2. Жастар білім жағынан артық болғанына қарамастан, тәжірибелі
жұмысшылардың жәрдеміне мұқтаж болады екен.
3. Жетпіс жыл өмір сүре тұра , аз секілді білгенім.
Ж: Себебі біріншіден, бағыныңқы сөйлемнің баядауышы ......................, екіншіден, бір сөйлемдегі ой екінші сөйлемдегі ойға қарама-.................., үшіншіден, жасалу жолдары ...................................... бағыныңқылы сабақтас сөйлемге сәйкес келеді.
Теориясы:
«Талдау»
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады. Берілген сөйлемдерді салыстыр, айырмашылығын тап.
Қарсылықты салалас құрмалас
М: Өлеңімен жүрегіңді жылытқан ақынның бәрін де жақсы көресің, бірақ соның ішінде өзгелерден ыстық боп танылатыны болады. Ортақ белгілері Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас
М: Көп балалы үйдің шаң-
шұңы көп болғанымен, іші
бауырмалдық пен қарапайымдылыққа толы.
1. Құрмаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышы ....................
және салаласа байланысқан.
2. Қарсылық мәнді жалғаулық .........................
арқылы жасалған. 1. .....................
ойдың көрсеткіші
2. Екеуінде де қарама-.................... мағына бар. 1. Құрмаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышы ..........................
2. Екі жай сөйлем бірі
екіншісіне бағына,
......................... байланысқан.
Тақырыптың басты идеясы неде? Екеуі де құрмалас, екеуінде де қарама-қарсылық мағына бар. Олардың айырмашылықтары: бірінің баяндауышы ......................., біреуінің баяндауышы тиянақсыз,бірі ......................... байланысса, бірі сабақтаса байланысады.
еориясы: «Жинақтау»(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас туралы білгеніңді жинақта

Ее,ЖжЖасалу жолы

Шартты райлы ......................... Шартты райдың ...........................
(-са, -се) да, де түрінен (-ма+са)

............................ көмектес септік ............................ -ша,-ше жұрнағы
(-мен) кейде да, де шылауы (-ған+ша) жалғануы

–а, -е, -й жұрнақты келер шақ есімшенің болымсыз
.......................... жалғануынан түріне (-ма+с) (-тан, -тен) .................
септігінің жалғануынан
Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.
Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады ) Оқулықпен жұмыс. Берілген сөйлемнен қарсылықты бағыныңқылы құрмалас сөйлем жаса.
1. Жас .................. ...., көп ізденуді мұрат еткем.
2. Таң алдында бір сағат мызғығаны ...................., Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.
3. Талабы күшті бола ................, жемісті еңбек етуге еңбекқорлық жетелейді.
4. Әлгі түсімді қайта-қайта көргім келгендей көзімді .............................., ұйқым келмеді.
Практикасы
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөздерді қой.
Сен қалай ойлайсың, қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты сабақтастың басқа мағыналық түрлерінен қалай ажыратуға болады ?
Ж: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты сабақтастың басқа мағыналық түрлерінен құрамындағы ................. сөйлемдерінің мағыналарының бір-біріне ................... -қарсы болып келетіндігінен анықтауға болады және жасалу .................. арқылы да ажырата аламыз.
ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп, (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзіреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қорытынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қорытынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.
І деңгей (5 балл)
Теориясы: «Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай? нені? қашан?не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктелініп ІІ кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады) Бос орынға қажетті сөздерді қой.
1.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді жасауда етістіктің қандай тұлғалары қолданылады?
Ж:Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді жасауда етістіктің .......................... , көсемше, ............................ рай тұлғалары қолданылады.
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады) Сәйкестендір
1.Сексен сұлу сылаңдап тұрса дағы,
2.Малдыбай қарт өзінің сырқаттанып жатқанына қарамастан,
3.Жұмыс қанша қиын болғанмен,
4. Ара-тұра шоқтала өскен сексеуілдерге үйірілген құм төбелер болмаса, 1. атқа қоныпты.
2. менің сол кездегі өмірім қуанышты өмір болды.
3.бұл тақырда көз тоқтатарлық еш нәрсе жоқ.
4.Ғалияның татымайды кірпігіне.
ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)
Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмаластың бағыныңқы сөйлемінің баяндауышы неліктен тиянақсыз болып жасалады?
Ж: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмаластың бағыныңқы сөйлемінің баяндауышы ............................. болу себебі, бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемге бағына, ......................... байланысады.
Теориясы:
«Талдау»
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады. Берілген сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштарын тауып, астын сызып, тұлғаларын салыстыр.
1. Бала ата-анасына қанша ыстық .......................... , есейгенде ұясынан
қанаттанып ұшары анық.
2 . Тәуелсіз Қазақстан жас мемлекет .......................... , бүгінде бүкіл әлем таниды.
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады) Оқулықпен жұмыс.
131-жаттығу. Берілген қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмаласқа айналдыр.
1. Бас болмақ оңай, бірақ бастамақ қиын.
2. Жаз ортасы болып қалды, әйтсе де күн қыза қоймады.
Ж: 1. Бас болмақ оңай ............................. , бастамақ қиын.
2. Жаз ортасы болып қалғанына ........................... , күн қыза қоймады.
ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)
Теориясы:
«Жинақтау»
(Қорытынды шығаруға бағытталған:
мазмұнды
жүйеле, анықтама бер,
кесте, сызба, ребус шеш деген сөздер тапсырма шартында болу керек). Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас туралы білгеніңді жинақта

Практикасы
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың?Не істер едің?сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөздерді қой.
1.Сөйлеуде қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмаласты қолданудағы қажеттілік неде деп ойлайсың?
Ж: Адам өмірдегі құбылыстарды тану мен оларды тіл арқылы білдіруде, өз ойын қарсыластыра, ................ -қарсы нәрселерді салыстыра жеткізуде, қарсылықты ............................... сабақтас құрмалас сөйлемнің қызметі ерекше.
Ойды жалғастыр: ............................................................................................................
.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
ІV деңгей
Шығармашылық тапсырма «Мен елімнің ертеңімін» тақырыбында қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмаластарды қолданып, шағын шығарма жаз.