Тамырды? т?р?згерістері та?ырыбына презентация


Амиржанова Сауле Ботиқызы Астана қаласы. №73 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Тамырдыңтүрөзгерістері Тамырдың түрөзгерістеріТіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелерінің әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуін түрөзгеріс дейді. Түрөзгеріс түрлері жемтамырлар Тіреу тамыр Тынысалу тамыр Түйнек тамыр Емізік тамыр Тартпа тамыр Тапсырма:Суретте тамыр түрөзгерістерінің қай түрі берілген?Суретте берілген тамыр түрөзгерістерінің өсімдік үшін қандай маңызы бар? Дұрыс жауабы:Суретте орхидеяның сабақта өскен аспа тамыры және бататтың түйнек тамырлары берілген.Орхидеяның аспа тамырының маңызы, ол ағаш тамырынан сырғып аққан жаңбыр суын сіңіріпөсімдікке қажетті суды жинайды.Бататтың түйнек тамыры қоректік заттарды қорға жинайды. Тамырдың түрөзгерістері Тапсырма:Суретке қарап тамырдың түрөзгерісініңтүрін тап. Өсімдік тіршілігіндегі маңызын түсіндір. “Тамырдың түрөзгерістері” тақырыбына арналған тест жұмысы 1.Сәбіз, қызылша қандай тамырдың түрөзгерісіне жатады?А.түйнек тамыр Ә.емізік тамыр Б.жемтамыр В.аспа тамыр Г.тіреу тамыр2.Тамырдың түрөзгерісіне жатпайтын бөлігін тап:А.тіреу тамыр Ә.тыныс алу тамыры Б.негізгі тамыр В.жемтамыр Г.түйнек тамыр3.Тек негізгі тамырына ғана қорек жинайтын тамыр түрөзгерісінің түрі:А.емізік тамыр Ә.тіреу тамыр Б.жемтамыр В.аспа тамыр Г.түйнек тамыр4.Паразитті тіршілік ететін тамыр түрөзгерісінің түрі:А.жемтамыр Ә.түйнек тамыр Б.емізік тамыр В.тынысалу тамыры Г.аспа тамыр5.Техникалық жемтамыр түрін көрсет:А.қызылша Ә.сәбіз Б.шашыратқы В.шомыр Г.тарна Дұрыс жауабы:1.Б2.Б3.Б4.Б5.Б