Саба? С?йлемні? біры??ай м?шелері
Күні: Пәні: қазақ тілі
Cабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сабақтың мақсаты: білімділік – Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жайында жан-жақты толық мағлұмат беру; тәрбиелік – сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,эстетикалық тәрбие беру; дамытушылық- өз пікірін айтуға төселдіру,танымын кеңейту,ойлау қабілетін арттыру.
Сабақ әдісі: түсіндірмелі-мысалды әдіс.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Көрнекілік: таблица тест,кеспе қағаздар,сурет.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып оқушыларын түгелдеу,сабаққа келмеген оқушылардың себебін білу, дайындықтарын тексеру.
Сабақтың мақсаты хабарланады: екі топқа бөліне отырып, топтарда спикерлер болып, өзара бағалау, топпен жұмыс жасалынады.
ІІ Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру.
1. Сөйлемнің соңындағы сын есім сөйлемнің қандай мүшесі болатынын белгілеңіз.
А) Бастауыш. В) Баяндауыш. С) Анықтауыш. Д) Пысықтауыш. Е) Толықтауыш.
2. «Әже баспалдақпен баяу көтерілді.» Пысықтауыштың түрін табыңыз.
А) Мезгіл. В) Қимыл-сын. С) Мақсат. Д) Себеп. Е) Мекен.
3. Тура толықтауышты табыңыз.
Сәуле дүкеннен қызық кітап сатып алды.
А) Сәуле. В) Дүкеннен. С) Кітап. Д) Сатып алды. Е) Қызық .
4. Еліктеу сөзден жасалған зат есім қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз.
Оның құлағына гүріл естілді.
А) Баяндауыш. В) Бастауыш. С) Толықтауыш. Д) Пысықтауыш. Е) Анықтауыш.
5. Анықтауыш қатысып тұрған тіркесті табыңыз.
А) Кешке қарай. В) Жалғыздың үні. С) Қуанғанынан күлді. Д) Еріктен тыс. Е) Жүгіріп келді.
6. Оңашаланған айқындауыш қандай сөйлем мүшесін айқындап тұр?Сіз маған өз халқыңызды, қазақ халқын, сүюді үйреттіңіз.А) Бастауыш В) Анықтауыш С) Толықтауыш Д) Баяндауыш Е) Пысықтауыш
7. Қайсысының арасына дефис қойылады?А) Ақан сері В) әнші Әлия С) пәтер мұражай Д) Нүркен мұғалім Е) Әлкен ақсақал
(өзара тексеру) Бағалау шкаласы: 1 қате -4; 2-3 қате – 4 ; 4-5 қате -3 ; 2-1 қате -2 .
III Жаңа сабақты түсіндіру.
Балалар , үлкен мереке келе жатыр, ол қандай мереке? 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік маңдайымызға қалай бітті?
Тәуелсіздік алғалы Асан қайғы мен Қорқыт баба, Кенесары мен Сырым, Абай мен Ахмет, Ербол мен Ләззаттар әлемге танылды.
Мен туған жердің түнін, күнін, өзенін, тауын, гүлін сүйемін.
Сөйлемдегі қызметі, тұлғасы, сұрақтары бірдей және бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздер бірыңғай мүшелер деп аталады. Барлық сөйлем мүшелері бірыңғай мүше бола алады. Бірыңғай мүшелер жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады.
Бірыңғай бастауыштар: Тәуелсіздік алғалы Асан қайғы мен Қорқыт баба, Кенесары мен Сырым, Абай мен Ахмет, Ербол мен Ләззаттар (кімдер?) әлемге танылды.
Бірыңғай баяндауыштар: Тәуелсіздік жолында олар қаймықпады, тайсалмады. (не істеді?)
Бірыңғай толықтауыштар: Біз – Исатай мен Махамбетті, Амангелді мен Абайды (кімді?) пір тұтқан халықтың ұрпағымыз.
Бірыңғай анықтауыштар: Намысшыл, қайсар (қандай?) халықтың батырлары мәңгі жүрегімізде.
Бірыңғай пысықтауыштар: Қазақстанның әрбір азаматының өз елінің бақыты үшін, абыройы үшін, даңқы үшін, бостандығы үшін (не үшін?)күресетіндігін мақтан тұтамын.
Сөйлемде бірыңғай мүшені жинақтап, жалпылап, ортақ атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі жалпылауыш мүше деп аталады. Жалпылауыш сөздер кейде бірыңғай мүшелердің алдында немесе соңында тұрады. Жалпылауыш сөздер қызметінде жалпылау, сілтеу есімдіктері және жинақтық сан есім, кейде зат есім жұмсалады. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден бұрын тұрса, жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте қойылады, ал жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден кейін орналасса, жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады. Мысалы: Абай, Ыбырай, Шоқан – үшеуі қазақ елінің біртуар азаматтары. Қазақстандағы ірі өзендер мыналар: Ертіс, Есіл, Іле, Тобыл. Шешенге қажет басты қасиет: сөзге тапқырлық, ойға ұшқырлық, терең білімпаздық.
Оқулықпен жұмыс.
62-ші 63-ші жаттығу.
Тақтамен жұмыс:
Берілген сөйлемге морфологиялық, синтаксистік (сөйлем мүшелеріне және сөз тіркестеріне) сатылай кешенді фонетикалық талдау жасату.
1-топ: Ауылдан арнайы келген досым Ермек, әнші Әділ және әзілқой Арнұр – үшеуі жиынның көркі болды.
2-топ: Тәуелсіздік алғалы Асан қайғы мен Қорқыт баба, Кенесары мен Сырым, Абай мен Ахмет, Ербол мен Ләззат сынды тұлғаларымыз әлемге танылды
Сергіту сәті:
Тренинг
«Сен қайдасың?» тренинг өткізу
· Сәлем достым (қол беріп амандасу)
· Сен қайдасың? (иықтарын қағады)
· Қайда болдың? (құлақтарын тартады)
· Мен сені сағындым (қолдарын жүрекке қояды)
· Сен келдің (қолдарын жаяды)
· Жақсы болды (қатты құшақтайды)
IV. Шығармашылық кезең: Ой топтастыру
топ: ЭКСПО – 2017
топ: Теңге теңселуде? Неге?
V.Бекіту кезеңі. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен сөйлем.
Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің негізгі белгілерін анықтау тапсырылады.
«Топтастыру әдісі» бойынша жаңа сабақты бекітеміз.
3774440175895 Өзара салаласа,басқа Әрқайсысы синтаксистік
17456151098551602740176530Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
00Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
мүшелерімен сабақтаса қызмет атқарады.
байланысады.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
449834083185160274083185
Бір сөзге қатысты болады. Бір сөз табынан жасалады,
тұлғалас болып келеді.
VI. Үйге тапсырма беру: 64-жаттығу.
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» (ойтолғау жазып келу).
VII.бағалау. Спикерлер бағалайды (өзара бағалау)
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Спикер: ___________________________________________
Сынып: 8
№ Оқушының аты - жөні Үй тапсырмасы
тест Жаттығу, талдау жұмыстары Шығарма
шышық кезең Топтастыру Қорытынды баға
1 2 3 4 Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Спикер: ___________________________________________
Сынып: 8
№ Оқушының аты - жөні Үй тапсырмасы
тест Жаттығу, талдау жұмыстары Шығарма
шышық кезең Топтастыру Қорытынды баға
1 2 3 4 Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,Ой желке, үңірейген болса сағақ.Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті,Қабырғалы, жотасы болса күшті.Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы,Тояттаған бүркіттей салқы төсті.Жуан, тақыр бақайлы, жұмыр тұяқ,Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ.Жерсоғарлы, сіңірлі, аяғы тік,Жаурыны етсіз, жалпақ тақтайдай-ақ.
Өз сабағына талдау анықтамасы
Пәні: қазақ тілі
Сынып:8 «а»
Мұғалім: Муисна А.Н.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сабақтың мақсаты: жаңа материалды оқушыларға меңгерту, олардың танымдық қабілеттерін шығармашылықтар арқылы байыту, тәуелсіздік мерекесіне орай мысалдар келтіре отырып, елін, жерін шексіз сүйетін азаматтар қалыптастыру,патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа матеиалды меңгерту
Сабақтың көрнекіліктері. Калька , түрлі түсті маркерлер, тірек сызбалар, үлестірмелі қағазшалар және тест жұмыстары, суреттер.
Сабақтың әдістері: сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша құрылды
Сабақ жақсы деңгейде өтті. Оқушылар сөйлемнің бірыңғай мүшелері не екенін түсініп, мысалдар арқылы білімдерін көрсетті, тест жұмысы орындалды. Жаңа сабақ материалы 80 пайыз түсінілді. Сұлтанова Даяна мен Сулейменов Рамиль «3» алды, қалған балалар «4» және «5» алды. Сабақтың әр кезеңі өз уақытында өтті, уақыт үнемделді. Сабақ жаңа технологиямен құрылғандықтан, сабақ өз мақсатына жетті, жаңа материал меңгерілді.
Қазақ тілі пәні мұғалімі: Мусина Асия Нурлановна
Өз сабағына талдау
Пәні: қазақ тілі
Сынып:8 «а»
Мұғалім: Мусина А.Н.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сабақтың мақсаты: жаңа материалды оқушыларға меңгерту, олардың танымдық қабілеттерін шығармашылықтар арқылы байыту, тәуелсіздік мерекесіне орай мысалдар келтіре отырып, елін, жерін шексіз сүйетін азаматтар қалыптастыру,патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа матеиалды меңгерту
Сабақтың көрнекіліктері. Калька , түрлі түсті маркерлер, тірек сызбалар, үлестірмелі қағазшалар және тест жұмыстары, суреттер.
Сабақтың әдістері: сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша құрылды
Оқытушының іс-әрекетіне қойылатын талаптар. Оқушының іс-әрекетіне қойылатын талаптар. Сабақтың басталуы Сабақтың мақсаты айтылып, топтарға бөлінді Оқушылардың назары:
- сабақтың басында
- ортасында
- сабақтың соңында Оқушылардың назары сабақ барысы бойы жақсы деңгейде болды
Білімді қайталау және тексеру (Үй тапсырмасы ) тест Оқушылардың белсенділігі Жаппай орындады
Сабақ өтілуінің теориялық деңгейі:
- ғылымилылығы
- логикалылығы
- жүйелілігі
-кезектестілілігі
-қол жеткізерлілігі Барлық этаптар қарастырылды Тақырыпқа қызығушылығы Тақырыпқа қызығушулыұтары өте жақсы болды, себебі Тәуелсіздік қарсаңында өткн сабақ патриоттық тұрғыда өтті
Тақырыптың ашылуы жақсы
Зейіні жақсы
Материалдың сабаққа сай таңдалып алынуы сай Мұғалімге қатынасы жақсы
ТСО-ның қолдануы, көрнекіліктер калька, маркерлер, тест, карточкалар Сөйлеу мәдениеті жақсы қалыптасқан
Тәрбиелік іс-әрекет үнемі Еңбек мәдениеті үнемі
Жеке дара жұмыс жүрзігу тест, тапсырма лармен жұмыс Мұғалімге сұрақ қоюы орынды
Әңгімелеудің әсерлілігі жақсы Өзін -өзі ұстауы жақсы
Сөйлеу мәдениеті жақсы Тәртіп өте жақсы
Уақыттың үнемділілігі уақыт үнемделді Қоңырауға әсері орынды
Үй тапсырмасын беруі шығармашылық
басым Мұғалімнің өтілген сабағына пікірСабақ жақсы деңгейде өтті. Оқушылар сөйлемнің бірыңғай мүшелері не екенін түсініп, мысалдар арқылы білімдерін көрсетті, тест жұмысы орындалды. Жаңа сабақ материалы 80 пайыз түсінілді. Сұлтанова Даяна мен Сулейменов Рамиль «3» алды, қалған балалар «4» және «5» алды. Сабақтың әр кезеңі өз уақытында өтті, уақыт үнемделді. Сабақ жаңа технологиямен құрылғандықтан, сабақ өз мақсатына жетті, жаңа материал меңгерілді.
Қазақ тілі пәні мұғалімі: Мусина Асия Нурлановна