Лексикадан ?ткенді ?айталау ашы? саба?


Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталауСабақтың мақсаты: Лексика бөлімдерінен алған білімдерін, іскерлік дағдыларын тексеру, бағалау, таным белсенділігін арттыру;Оқытуда қолданылатын модульдер: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту мен оқудағы әдіс - тәсілдер, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;Оқу нәтижелері: Іскерлік дағдылары, сыни ойлауы қалыптасады, таным белсенділігі артады, бірін - бірі бағалайды, логикалық ойлауы, сауаттылықтары артады;Сыныптағы өзара әрекеттестік, әдіс - тәсілдер: Топтық, жұптық, жеке жұмыс,талантты және дарынды оқушылармен жұмыс “Деңгейлік тапсырмалар” «Мюнстенберг» әдісі, тест;Бағалау, оқыту үшін бағалау: Формативті бағалау (қол шапалақтау, жұлдызшалар беру, жетондар арқылы бағалау)Сілтеме: АКТ, үлестірме, деңгейлік тапсырма, тірек - сызба, интернет - сайт материалдарыСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңіСыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруТопқа бөлу (Білімділер, намыстылар, көріктілер)Бағалау парақшаларын таратуПсихологиялық тренингІІ. Мұғалімнің сөзі:- Құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің сабағымыз лексикадан өткенді қайталау. Лексикадан өткен тақырыптардың барлығын қайталап, қорытындылап ой қорытамыз, ой түйіндейміз. Лексика ғылымы нені зерттейді? (Тірек сызбаға назар аударайық)ІІІ. Берілген антонимдерді мақал - мәтел арқылы жалғастыру (топтық жұмыс)“Білімділер” Дұшпан - дос, жақсы - жаман“Көріктілер” Әдепті - әдепсіз, туады - өледі“Намыстылар” Қорқақ - батыр, суық - жылыІV. Деңгейлік тапсырмаларІ топ. Табу сөз дегеніміз не?- Бикеш - ау, күйеу таңдаймын деп, сен де жұртты басындырып болдың - ау!(Мәтін қай ертегіден алынған үзінді. Ішінен табу сөзді көрсету)ІІ топ. Эвфемизм мен дисфемизм дегеніміз не?Мылжың, сараң, аузы жеңіл, өлді, қолының сұғанағы бар, ақсақ, қоспай айт, саңырау, боқмұрын, бақиға аттанды, қолынан түк келмейді, қолды болды, сөзуарлау.( Эвфемизмді бір бөлек, дисфемизмді бір бөлек топтап жазу)ІІІ топ. Көнерген сөздер дегеніміз не?Басына дулығасын киіп, көп қол, әскерін жиып, мылтығын асынып ағаш үйдің қасында отырған кім?(Бұл кім еді? Кімнің шығармасы? Тарихи сөздер мен архаизмдерді табу)Сергіту сәті: «Жүйрік болсаң, озып көр»(Мақал - мәтел арқылы жалғастыру)1. Қар жана ма?2. Инемен құдық қазуға бола ма?3. Аппақ қарға бола ма?4. Ең тәтті не?5. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?6. Етікті қонышынан басып киюге бола ма?7. Ер неше рет батыр, неше рет қорқақ?8. Тауық түс көре ме?9. Көрдім, көрмедім деген неше сөз?10. Оттан да ыстық не?11. Отқа түсіп күймеуге бола ма?12. Қандай бала сүйкімді?Оқулықпен жұмыс:216 - жаттығуСөздердің тура мағынасын табу217 - жаттығуСинонимдік қатар жаса218 - жаттығуСөздерді фразеологизм, тұрақты тіркеске айналдыру«Мюнстенберг» әдісі(Шатысқан әріптер арасынан мағыналы сөз шығару)Вншағашшедышыршанемоедарынжаотанымдплпоқуогшнәтижелдплджылоллдмектеплдолғылымолплдәлеуметлдлоқушыолаплкөрушгдзейінждыжэхзппбалашещзбілімгещскезеңолвщкміндетлдыжоблыспнущдамытузелжойындвщшәрекетопгпедагогжвщшуақытжхухбасшыолпагшуақлдазжылущлдхтәжірибезхкндтдтұқымырщқұралдыушзпсезімдлаплпсыныпдмдвшввхат Білімді тиянақтау:Тест1. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы.А. Синтаксис. В. Морфология С. Лексика2. Тұрақты сөз тіркесін ажырат.А. Ашық жер. В. Қоян жүрек. С. Хат жазу.3. Мақал - мәтелді тап.А. Бала шаба жөнелді. В. Білімді бол. С. Ақылды бала - арлы бала.4. Антонимді ажырат.А. Қызыл - ақ. В. Ақ - қара. С. Қызыл - көк.5. Омоним сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.А. Ел үмітін ер ақтар. В. Көк алманы алма. С. Қарақұс - жыртқыш құс.6. Дұрыс жазылған сөз.А. Жыуу В. Жуу С. Жуыу7. «Жалығу» сөзінің синонимін табыңыз.А. Зерігу, құмар болу. В. Еріну, көшіру. С. Зерігу, іш пысу.8. Неологизм сөзді белгіле.А. Несие. В. Гарантия. С. Процент9. Көнерген сөзді тапА. Саяжай. В. Найза. С. Сәулет10. Табу сөзді көрсет.А. Шырайлым. В. Бауырмал. С. Қайратты. Үйге тапсырма:Сынақ тапсырмаҰлттық құндылықтар туралы“Досыңа хат” (баяндау, суреттеу тәсілін қолдану)