С?йлемні? дара ж?не к?рделі м?шелері


Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сабақтың мақсаты: 1. Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы түсінік
бере отырып, жүйелі сөйлеу, сауатты жазу машықтарына үйрету.
2. Өз ойын тиянақтап, дәлелдеуге дағдыландыру. Шығармашылық ойлауын, тілін, сөздік қорларын дамыту.
3. Халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ;
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу;
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, слайд, ауыл сызбасы бар суреттер, парақшалар,сандық,ағаш үй,бейнеүзік;
Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу, ұлттық дүниетаным,музыка;
Сабақта қолданылатын технология: СТО
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіңдер ме?
- Сәлеметсіз бе!
- Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын, мына бейнеүзікті мұқият қарайықшы.
- Бейнеүзіктен не көргеніміз туралы не айта аласыңдар?
(Қазағымыздың салт-дәстүрі туралы.)
Өте жақсы!
Балалар, мен өткен сабағымызда сабақ жүргізгенімде «Жеті ата» ауылына саяхат жасаған болсақ, бүгін «Жеті мұраның» не екенін білетін боламыз.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Бірінші мұраны білу үшін , өткен сабағымызда қандай жаттығуды үйге берілгенін айта қойыңдар?
1439545204470Бұл не? 
Жер. Яғни, 1-ші Мұра-жер екен. 
ІІІ. Жаңа сабақ
Ал, екінші мұрамызды білу үшін, күннің жадын жазып, оқулықтағы 22 – жаттығуға назар салайық.
22 – жаттығу
Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді салыстырып оқып, қарамен жазылған сөйлем мүшелеріне сұрақ қой. Не байқадың?
Аптада жеті күн бар.Бір жылда он екі ай бар.
Айгүл мектепке келді.Дулат үйге келе жатыр.
Ақ көбелек гүлге қонды. Ақ сары балапан сүйкімді-ақ.
Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасала береді.
Жеке бір сөзден жасалған сөйлем мүшесін дара мүше деп атайды:
Марал мектепке келді.
Екі не одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесін күрделі мүше деп атайды: Марал мектепке келе жатыр.
137858588265
2-ші мұра-шаңырақ екен.
3-ші мұраны білу үшін оқулығымыздағы 23-жаттығуды орындайық. 
Жаңылтпашты оқып,жатқа жаз.
Толағайдың торы ала аты бар,
Толағай, торы ала атыңды тағалатып ал.
Күрделі мүшені тап, оның қай сөзбен байланысқанын сызбамен көрсет.
Күрделі мүшенің айтылуы мен жазылуын салыстыр.
184150142875

3-ші мұра, ол-бесік. 
ІV. Бекіту. 
24 – жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Болат екеуі қырманға барды.
Марат Сабырұлы жақсы оқиды.
Сәуле шай құя бастады.
Жолаушылар жүріп кетті.
Мен ініме сары ала доп сыйладым.
Қар күні бойы жауды.
582295628650Сөйлем мұшелеріне талда. Күрделі мүшелердің қай сөз табынан жасалғанын айт.
4-ші мұра, ол-ұлттық ойындар
Сергіту сәті. 
Келесі мұраның атын білу үшін жұмбақ шешейік. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
Бұл не?
Ол – дастархан.

5-ші мұра –дастархан. 
6-шы мұраны білу үшін 25 – жаттығудың берілгенін кім оқиды?

Мәтіннен күрделі мүшелерді тауып, неліктен күрделі мүше болып тұрғанын дәлелде.
Мамықтай майда бар. Тығыздалған ескі қардың бетін жаңартып, қалқып келіп түсіп жатыр. Ауаның да салқын, сергек лебі шарпып өтті. Қосман атын жетелеп қойына қарай аяңдайды.
Жауған қарды елең қылмай қой – ешкілер жайылып жүр. Жоталарына бір еліден аппақ қар тұрған.
Иесіне жауап қатқандай қара ала лақ маңырап қоя берді. Өзге қойлар да жерден басына алып, бақташысына қарады.
(Тахауи Ахтанов)
Ойыңды дәлелдеп үйрен.
Бұл күрделі мүше, екі сөзден құралған.
өйткені
бәрі бір ғана сұраққа
жауап беріп, сөйлемнің
бір ғана мүшесінің
қызметін атқарады.



6 – шы мұра – қыран құс. 
Келесі 7-ші мұраның не екенін білу үшін 26 – жаттығуды қарайық.
1356995358140 Ешкі малын сипаттап жаз.
Құраған мәтініндегі сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
3960495124460
7 – ші мұра - ою-өрнек екен.
Қосымша тапсырма.
Сөзжұмбақ шешу.

Зат есімнің сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесі.(бастауыш)
-лар, -лер, -дар,-дер,-тар,-тер қандай жалғаулар? (көптік)
Тұрлаулы мүшелерден басқа құрамында тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем қалай аталады?(жайылма)
Екі не одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесін жаз. (күрделі)
Баяндауыш қай сөз табының сұрақтарына жауап береді?(етістік)
Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем. (құрмалас)
Түбірге қосылған бөлшекті қалай атайды? (қосымша)
Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін ата. (түбір)
Кімнің? ненің? нешінші? қанша? қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесі (анықтауыш)
Зат есім, етістік, сын есім түбір сөзден болса, қалай аталады? (негізгі)
МАҢҒЫСТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Қазақ тілі пәнінен байқау сабағы
Тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
80581536195



Практикант: Жәнгірова Асима
Тобы: ББ-41
Мектебі: № 21
Сыныбы: 4 «а»
Сынып жетекшісі: Байпақова Ж.
Әдіскер: Алтыбаева Р.А.
Күні: 19.10.2015
Бағасы:
Қолы:
Ақтау – 2015