Ма?ал с?зді? м?йегі Ерте?гілік.
Мақал сөздің мәйегі
Ертеңгіліктің мақсаты: оқушылардың ой-өрісін арттырып, интеллектуалдылық қабілеттерін дамыту, ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.
Әдісі: сайыс түрінде
Әр сыныптан 3 оқушыдан шығып, екі топқа бөлінеміз.
Топтар «Тұлпарлар» және «Тапқырлар» .
Сәлемдесу,таныстыру.
Мақалдап жауап бер
Сандарға мақал құра
Жалғасын тап
Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпайдан.
Кітапханашы:Қазақ өте шешен халық, әрбір сөзін мақалдап –мәтелдеп сөйлеген. Бір ғана сөзбен түйіндеп, даулы түйіндерді бір ауыз сөзбен шешкен. Ендеше біздің ертеңгілігімізге қош келдіңіздер дей отырып, сайысымызды бастайық.
Қане ортаға келіңдер,
Жылдам жауап беріңдер.
Білімдеріңді көрсетіп,
Намысты қолдан бермеңдер»
Мақалдап жауап бер
Асығыс-үсігіс тапсырылған жұмысты алдымен орындаған адамға
Ерекше зат жасап өнерімен көзге түскенде
Басқа пәле қайдан келеді
Бір сұрақтың шешімін таба алмай, жолдасыңмен кеңескенде
Әр жұмыстың басын шалып, оны аяқсыз қалдырғанда
Бүгінгі істі ертеңге қалдырғанда
Тасты да, басты да жаратын
2. Берілген сандарға мақал құра 1,2,5,7,40,100
3.Жалғасын тап
Білекті бірді жығар,
Білімді бірді жығар.
Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
Оқу – білім азығы,
Білім –ырыс қазығы.
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Білегіңе сенбе,
Біліміңе сен.
Суреттер таратып , сол бойынша мақал құрау.
Қорытындылау.