Ашы? саба? Тісті? к?рылысы мен ?ызметі ж?не оны? гигиенасы.
Биология пәнінің сабағы 8-сынып
Жайлаубаева Анар АйыповнаБиология пәнінің мұғалімі
Түрген қазақ орта мектебі
Еңбекшіқазақ ауданы
Тақырыбы: ТІСТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ГИГИЕНАСЫ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Адамның тіршілік әрекетіндегі тістің атқаратын
қызметінің ерекшеліктерімен таныстыру
Дамытушылық:
Тістің құрылысын, қызметі мен тістің дамуы жайлы оқушылардың түсініктерін кеңейту.
Тәрбиелігі:
Тісті күту, тіс ауруларының алдын алу, гигиеналық тәрбие беру
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Әңгіме, тірек-сызбамен жұмыс,
Көрнекілігі: сызбалар, слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Оқытылған тақырып бойынша білімдерін тексеру
Сұрақтарға ауызша жауап беру.
а) Асқорыту мүшесіне жататын мүшелерді ата?
ә) Ауыз қуысының құрылысы қандай?
б) Жұтқыншақ пен өңештің құрылысы қандай?
в) Асқазан құрылысының қандай ерекшеліктері бар?
г) Аш ішек қандай бөлімдерден тұрады?
д) Тоқ ішектің құрылысы қандай? Ол қандай
бөлімдерден тұрады?
2. Ас қорыту мүшелерін тауып, ретімен
орналастырыңыздар
Биологиялық диктант
1.Ас қорыту..................басталады.
2. ............. ас қорыту және тыныс алу жолдары
қиылысады.
3. ..............ұзындығы шамамен 25 см болып келеді.
4.Қарынның пішіні .............. немесе қапшық тәрізді.
5.Адам ағзасындағы ең ұзын ішек ................ .
6.Ас қорыту жолында аш ішектен кейін .................. орналасады.
7.Тоқ ішектің тұйықталған бөлігі............ деп аталады.
8.Ең үлкен ас қорыту безі- ............... .
9.Бауыр көптеген улы заттарды ...................... .
10.Асқазанның астыңғы жағында орналасқан без .............
“Кім алғыр”
Аш ішектің ұзындығы.
Өт қайдан бөлінеді?
Құрт тәрізді өсінді.
Он екі елі ішек.
Өттің түсі қандай?
Бауырдың салмағы.
Ауыздағы кішкене тіл.
Дәм сезу рецепторы қайда орналасқан?
«Дәу үңгірдің қақпасы
Жаб ылады,ашылып жоқ болса да топсасы
32 қайрақ Бірін-бірі шыңдайды » -
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тістің құрылысы мен қызметі және оның гигиенасы
Тіс эволюциясы. 6-9 айда тістің шыға бастауы, 2 жаста
20 сүт тістер толық шығады. Бұл тістерді сүт тістер деп
атайды. 6-7 жаста тұрақты тістер қалыптпсады, 18-20
жаста ақыл тістер шығады.
Тіс эволюциясы
6-9 айда сүт тіс шыға бастайды 2 жаста 20 тіс толық шығады 6-7 жаста тұрақты тістер шығады 18-20 ақыл тістер шығады
Тістің құрылысы
Сауыты Мойны Түбірі
ТІС
Тістің анатомиялық құрылысы Тістің құрамы
Тіс сауыты мойыны түбірі эмаль (кіреуке) дентин(негізгі заты) борпылдақ ұлпа, жүйкелер,қантамырлар
Тіс 32
КүрекСойдақ Кіші азу Үлкен азу
8 4 8 12
Тіс аурулары
тіс жегі қан жел қан құрт
тіс тасы тіс ұлпасының қабынуы
Тіс гигиенасы
*Тісті күніне 2 рет жұмсақтығы орташа тіс щеткасымен тазалау.
*Үнемі тісті кем дегенде 2 минут, құрамында фторы бар тіс
сықпасымен тазарту.
*Тіс щеткасын үш айда бір рет ауыстырып тұру керек.
*Тамақтан соң әр уақытта тісті шайып тұру керек.
*Жылына 2 рет тіс дәрігеріне көріну керек.
*Тамаққа қатты өнімдерді пайдаланбау керек.
*Тіс щеткасы қатаң түрде әр адамда жеке болуы керек.
* Қант, конфет, тәтті тоқаш тағамдарын азырақ пайдаланған жөн.
Сабақты қорытындылау
Сәйкестігін табыңыз
1.Ас қорыту жүйесі сүт тістер
2.Тағамды майдалайды шықшыт
3.Сәбидің 6-9айлығында шыға бастайды тістер
4.Үш жұп сілекей бездер ауыз қуысы
5.Сілекейдің құрамында,бактерияларды жояды жақ асты
6.Сілекейдің құрамындағы су мөлшері 98-99%
7.Асқазан ауруын болдырмау тіл асты
асты дұрыс шайнау
лизоцим
Шатасқан сөйлемдер
1.Күніне 2 рет тазалаймын .мен тісімді.2.күлгенде жағымды.тіс тазалығы.3.тіс дәпігері қарайды .менің тісімді.4.барамын.мен жиі-жиі.тіс дәрігеріне.5.тамақты.сау тіс.жеу үшін маған.керек.6.тәтті бұзады.тісті .өте көп.
Бағалау. Оқушылардың білімін бағалау
Үйге тапсырма. §43 оқу М.Әлімбаевтың «апыл-ғұпыл ішкен ас, асқазанға түскен тас» деген нақыл сөзінің мағынасын тауып келу.