Д?ниетану п?ні. Та?ырыбы: Адам ?міріндегі ?сімдіктерді? ат?аратын ?ызметі
Пәні: Дүниетану
Сыныбы: 2
Уақыты Сабақтың тақырыбы: Адам өміріндегі өсімдіктердің атқаратын қызметі
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат – міндеттері:
А) Ақпараттық құзыреттілік
Ә) Коммуникативтік құзыреттілік
Б) Проблеманы шешу құзыреттілігі Өсімдіктер тақырыбы бойынша алған білімдерін толықтыра отырып оның пайдасы туралы ақпарат беру.
Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі – иллюстративті
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Ынтымақтастық, шығармашылық, қабілетін дамыту.
Оқыту құралдары: АКТ, оқулық, көрнекілік, өсімдіктер бейнеленген суреттер.
Сабақтың барысы: Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі Күтілетін нәтиже
I. Ұйымдастыру бөлімі - Сәлеметсіздер ме
оқушылар? Отырыңыздар.
- Көңіл күйіміз қалай? Бүгінгі сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?
- Құралдарымызды шығарып, мұқият тыңдап, сабағымызды бастайық.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасады. Құрал – жабдықтарын алдарына дайындап шығарып қояды. Зейіндерін мұғалімге аударады. Оқушылардың құрал – жабдықтары түгел болады.
II. Үй тапсырмасын тексеру -Балалар, біз алдыңғы сабақта қандай тақырып өттік?
- Үй тапсырмасына кім дайын?
Үй тапсырмаларын сұрайды.
- Өсімдіктердің көбеюі
- Барлығымыз.
«Өсімдіктердің көбеюі» тақырыбы бойынша түсініктерін айтады. Үй тапсырмасына жақсы, мұқият дайындалып келгендіктерін көрсетті.
Психологиялық дайындық.
Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатымен жұмбақтар жасырады.
Аспай піскен,
Қайнамай түскен.
Жарты жыл жадырайды,
Жарты жыл қалтырайды.
Жеміс
Ағаш
Мұғалім қойған проблеманы шешуге қалай шешетінін түсіндіреді. Бұрынғы алған білімдеріне сүйеніп түсіндіреді. Талдау оқушылар жауабын салыстыру жаңа материалды қабылдауға дайындау.
ІІІ.Өткен сабақта аған білімдеріне сүйене отырып жаңа материалды хабарлау Өсімдіктер мен жеміс жидектерді топтап жазайық.
Шие, емен, бақбақ,, көкнәр, қияр, алма, жүгері, арпа, бидай, қайың, құлпынай, жусан.
Жарайсыңдар, енді осы өсімдіктердің бізге, адамдарға қандай пайдасы бар? Өсімдіктер мен жеміс жидектерді топтап жазады.
Жемістер: шие, алма, құлпынай. Бидай, арпа, жүгері.
Ағаштар: емен, қайың
Шөптектес өсімдіктер: көкнәр, бақбақ, жусан.
Жемістер бізге күш береді, кейбіреулеріне дәрі дайындалады. Ағаштар пуаны тазалайды. Өсімдіктерді топтап жазады, олардың пайдалысын табады.
V. Үйге тапсырма. Өсімдіктер туралы әңгіме жазу Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады. Берілген ақпарат бойынша оқушылар жауап береді, талқылайды, бақылайды, қорытындылайды.
VI. Бағалау.
-Сабаққа белсене араласып, қатысып, сабақ айтқан оқушыларды бағалаймын.
Үйге тапсырма: мәтінді оқып, қайталау үшін берілген тапсырмаларға жауап бер.
-Сау болыңдар! Тиісті бағаларын алады.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
-Сау болыңыз! Оқушыларды бағалау олардың қызығушылықтарын арттырды.
Үй тапсырмасын түсініп алды.
Сабақ аяқталды.
VII. Қорытындылау. Мәтін соңында берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарға жауап беріп, сабақты қорытындылайды. Сабақ қорытындыланады.