Саба? жоспары Лепті с?йлем
Күні :
Сынып: 2 сынып
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем
Сабақтың мақсаты: Лепті сөйлем туралы түсінік беру.Сөйлем түрлерін ажырату.Көркем жазуға дағдыландыру,тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету.Оқушыларды отансүйгіштікке адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі:ойын сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық;
Сақтайық қане, тыныштық
Бүгінгі сабақ тым қызық.
«Ойлан, ойлан және ойлан»
Есесіне бар сыйлық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
4-жаттығу.82-бет
Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырып жаз.
Венн диаграммасы арқылы хабарлы және сұраулы сөйлемдерді салыстыру.
ІІІ.Жаңа сабақ
Лепті сөйлем адамның көңіл-күйін, сезімін білдіреді (бұйыру,таңдану, өкіну, қуану, тілек, ұран)
Олар көтеріңкі дауыспен айтылады.Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.
Оқулықпен жұмыс:«Кел, хоккей ойнайық» ойыны.
Шарты: шайбадағы әрбір тапсырманы дұрыс орындасақ, қақпаға гол соғамыз.
84-бет 1-жаттығу.Сурет бойынша әңгіме құрастыр.Тірек сөздер: гол,топ,қақпашы,футболшы, жанкүйерлер.
-Суреттен ұандай ойын түрін көріп отырсыңдар?
-Футбол ойынын ойнаушыларды кімдер деп атаймыз?
-Қақпада тұратын ойыншы кім деп аталады?
-Ойыншыларды демеп тұратын көрермендерді кім деп атаймыз?
Ендеше балалар, тірек сөздерді қолдана отырып әңгіме құрастырып көрейік.
-Балалар сендердің құрастырған әңгімелеріңде сөйлемнің қандай түрлері бар?
-Балалар, спорттың қандай пайдасы бар?
Оқушылар топтастыру әдісі арқылы спорттыңпайдасын айтып өтеді?
Спорттың пайдасы
Төзімділік шапшаңдық
Денсаулық Әлем таниды
Шыдамдылық ептілік
85-бет. 2-жаттығу.Өлеңді түсініп оқы.
Өлеңнен сұраулы сөйлемді тауып оқы.
Өлеңнен ілепті сөйлемді тауып оқы.
VI.Сабақты бекіту. Тест
Сөйлем деген не?
А)Заттың қимылын білдіреді.
Ә) Аяқталған ойды білдіреді.
Б) Заттың атын білдіреді.
2.Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
А)2
Ә)3
Б) 4
3.Сұраулы сөйлем жасайтын ма,ме, ба, бе, па, пе сөзбен қалай жазылады?
А) Бөлек
Ә) Бірге
4.Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді қандай сөйлем деп атайды?
А) Сұраулы сөйлем
Ә) Лепті сөйлем
Б) Хабарлы сөйлем
5.Лепті сөйлем дегеніміз не?
А) Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөйлем.
Ә) .Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем
Б)Жауап алу мақсатында айтылған сөйлем
Тест жауаптары: 1ә, 2ә,3а,4б,5а
V.Бағалау
VІ.Үйге тапсырма беру:
85-бет.4-жатттығу.
1.Сөйлем деген не?
А)Заттың қимылын білдіреді.
Ә) Аяқталған ойды білдіреді.
Б) Заттың атын білдіреді.
2.Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
А)2 Ә)3 Б) 4
3.Сұраулы сөйлем жасайтын ма,ме, ба, бе, па, пе сөзбен қалай жазылады?
А) БөлекӘ) Бірге