Ашы? саба? ?аза? тілі С?йлемдерді? айтылу ма?сатына ?арай тыныс белгісін ?ою


Ақмола облысы, Көкшетау қаласы
№ 6 орта мектеп-лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі:
Катаева Асыл Аскаровна
Қазақ тілі
Сынып: 2
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай тыныс белгісін қою. Сабақтың мақсаты:1. Білімділік мақсаты: Әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың тыныс белгілерінен алған білімдерін тиянақтау, оқушы білімін сарапқа салу, теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру, сауаттылықтарын арттыру.2. Дамытушылық мақсаты: Түрлі тапсырмалар, танымдық ойындар арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін, ынтасын арттыру, ойлау қабілетін дамыту.3. Тәрбиелік мақсаты: Орындалатын тапсырмалар арқылы оқушыларды елжандылыққа, еңбекқорлыққа, жылдамдыққа үйрету, тіл өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың әдісі: Топтастыру, ойын саяхат , сұрақ - жауаптарКөрнекілігі: Қима қағаздар, машина, ұшақ, С. Ибрагимов «Жаяу» музыкасы, интерактивті тақта.Сабақтың өтілу барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды түгелдеп, кезекші мәліметтерін тыңдап, оқушы назарын сабаққа аудару.*Топ атын гүл қауызын ашу арқылы біліп алу.

*Күлтелердегі сөздерден мақал ойлау арқылы ұран шығару.
Үй тапсырмасын бекіту• Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң нүкте (.), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.• Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады• Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады• Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойыладыСаяхат сабақ.
Суреттен қай қала екенін табады. Өз жауаптарын дәлелдеп айту.
Неліктен? Не себеппен?
Жауабын «Менің ойымша ....... » деп толықтыру.
Тәуелсіздікке 25 жыл толуына орай «Астанаға» саяхатқа аттанамыз.
Ұшақпен ұшу. /Ұшақ дыбысы./

1-ші аялдама. «Бәйтерек » туралы оқушылар білетін мәлімет айту.
“Мен бастаймын, сен жалғаcтыр” ойыны1. Сөйлем аяқталған ….… (ойды білдіреді).2. Сөйлем сөзден ………… (құралады).3. Сөйлемдегі сөздер .… (бөлек жазылады).4. Сөйлемнің бірінші …… (сөзі бас әріппен басталып жазылады).5. Сөйлемнің соңына ……(нүкте қойылады).6. Хабарлы сөйлемнен кейін ……… (нүкте қойылады).7. Сұраулы сөйлемнен кейін ……… (сұрақ белгісі қойылады).
Көркем жазу.
« Қолға қалам аламыз,
Көркем етіп жазамыз» деген сиқырлы сөз айтады.
Бір оқушы тақтада жазады.

Барлық сынып оқушылары орындарында орындайды.
Бағалау жұмыстарын фишкалар тарату арқылы жүргізу.

/Машина дыбысын қосу/
Машина қимылын келтіру.
2-ші аялдама. Хан Шатыр туралы мәлімет айту.
Гүлдер исін сезіп, біздің сабаққа қонақ ретінде көбелектер де келіп қалыпты.
Әр топтан бір оқушы келіп көбелектер алу.
Көбелектер көмегімен топқа тапсырмалар таратылады. Мұқият топта оқиды.
Әр топ жеке –жеке орындау.
left125095 Топтарға тапсырмалар:
1. Топ Сәйкестендіру
2. Топ Сөздерден мәтін құра.
3. Топ Сызба бойынша сөйлем ойла.
4. Топ Тыныс белгілер қой.

5. Топ Мақалдар құрастыр.
00 Топтарға тапсырмалар:
1. Топ Сәйкестендіру
2. Топ Сөздерден мәтін құра.
3. Топ Сызба бойынша сөйлем ойла.
4. Топ Тыныс белгілер қой.

5. Топ Мақалдар құрастыр.



*Қорғау жұмыстары. Әр топ өз тапсырмаларын топпен де ,жұппен де қорғайды.




С. Ибрагимов «Жаяу» әніне қимыл жасау. Жаяу жүру.
3-ші аялдама. «Думан» ойын сауық алаңы туралы мәлімет
Қорыту сабақты:
*Бүгінгі Бәйтерек пен Хан Шатыр аялдамасындағы тапсырмалар қызықты болды ма?
*Сендерге несімен қызықты болды?
*Біз Астана қаласына саяхатқа не үшін келдік?
*Алдымызда қандай мереке тойланбақшы?
*Ұшақпен оралу. Ұшақ қимылын жасау.
* Үй жұмысы: Күнделікке жазып алу.

*Кері байланыс:
Кері байланыста әр топ өз тыныс белгілері арқылы өз көңіл күйлерін стикерге жазу арқылы көрсету.

Бағалау. Бала сабаққа қатысуы мен фишкалар жинауларына байланысты баға қою.
.