Ашы? саба? Хабарлы с?йлем 2-сынып


Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік мақсаты:Хабарлы сөйлем туралы түсінік бере отырып жаттығулар орындау.
2.Дамытушылық мақсаты:Есте сақтауын, білімділігін арттыру,жаңа алған білімдерін тапсырмаларды орындау барысында меңгерту.Сөздік қорын байта түсу.
3.Тәрбиелік мақсаты:Табиғатты қорғауға,ұлттық құндылықтарымызды мақтан етуге,мейрімділік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: арнайы кестелер,жұмбақ. слайд суреттер.
Түрі: аралас
Пән аралық байланыс:дүниетану,өзін-өзі тану,ұлттық дүниетаным
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық байланыс: Оқу, құрал,дәптер ал
Сабаққа керек ол құрал
Досыңдай сенің күн күліп
Жаныңда тұрсын күнделік
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.167-жаттығу.
ІІІ.Өткенді қорыту.Сөйлем деген не?Сөйлемнен соң не
қойылады?Масылдар келтіру.Сөйлем туралы ертегіні әңгімелету.
ІҮ Мақсат қою кезеңі.Хабарлы сөйлем
Ү. Жаңа сабақ.Оқулықпен жұмыс.169-жаттығу.Мәтінді оқу. Әр сөйлемде не туралы айтылғанын талдау.Топтастыру стратегиясы. «Итбалық»

Хабарлы сөйлем. Ережені пысықтау,мысал келтіру.
Жұмбақ шешу:Үні ғажап ,
Дүлдүл.
Бақта сайрар....не? /бұлбұл/
ҮІ. Түсінгендерін тексеру. Олай болса,барлығымыз 170-жаттығуға назар аударамыз.Тыныс белгісін қойып, тапсырманы тақтаға орындаймыз.
Сергіту минуты
Венн диограммасы 171-жаттығу.Ерлер және әйелдер киімдерін 2 топқа бөліп жазу.
173-жаттығу ауызша орындату.Хабарлы сөйлем екенін дәлелдей отырып,достық туралы балаларға әңгімелету.
Шығармашылық тапсырма.
174-жаттығу. Жоспар бойынша әңгіме құрау.
1.Жалғыз басты әжей.
2.Кішкентай қамқоршылар.
3.Балалардың әжейге көмегі.
4.Мереке күндері.
ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақтан не үйрендік, не білдік?
ҮІІІ. Үйден ережені оқу. 1). 172- жаттығу 2). Бағалау