Хабарлы с?йлем 2-сынып


Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік мақсаты:Хабарлы сөйлем туралы түсінік бере отырып жаттығулар орындау.
2.Дамытушылық мақсаты:Есте сақтауын, білімділігін арттыру,жаңа алған білімдерін тапсырмаларды орындау барысында меңгерту.Сөздік қорын байта түсу.
3.Тәрбиелік мақсаты:Табиғатты қорғауға,ұлттық құндылықтарымызды мақтан етуге,мейрімділік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: арнайы кестелер,жұмбақ. слайд суреттер.
Түрі: аралас
Пән аралық байланыс:дүниетану,өзін-өзі тану,ұлттық дүниетаным
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық байланыс: Оқу, құрал,дәптер ал
Сабаққа керек ол құрал
Досыңдай сенің күн күліп
Жаныңда тұрсын күнделік
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.167-жаттығу.
ІІІ.Өткенді қорыту.Сөйлем деген не?Сөйлемнен соң не
қойылады?Масылдар келтіру.Сөйлем туралы ертегіні әңгімелету.
ІҮ Мақсат қою кезеңі.Хабарлы сөйлем
Ү. Жаңа сабақ.Оқулықпен жұмыс.169-жаттығу.Мәтінді оқу. Әр сөйлемде не туралы айтылғанын талдау.Топтастыру стратегиясы. «Итбалық»

Хабарлы сөйлем. Ережені пысықтау,мысал келтіру.
Жұмбақ шешу:Үні ғажап ,
Дүлдүл.
Бақта сайрар....не? /бұлбұл/
ҮІ. Түсінгендерін тексеру. Олай болса,барлығымыз 170-жаттығуға назар аударамыз.Тыныс белгісін қойып, тапсырманы тақтаға орындаймыз.
Сергіту минуты
Венн диограммасы 171-жаттығу.Ерлер және әйелдер киімдерін 2 топқа бөліп жазу.
173-жаттығу ауызша орындату.Хабарлы сөйлем екенін дәлелдей отырып,достық туралы балаларға әңгімелету.
Шығармашылық тапсырма.
174-жаттығу. Жоспар бойынша әңгіме құрау.
1.Жалғыз басты әжей.
2.Кішкентай қамқоршылар.
3.Балалардың әжейге көмегі.
4.Мереке күндері.
ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақтан не үйрендік, не білдік?
ҮІІІ. Үйден ережені оқу. 1). 172- жаттығу 2). Бағалау
Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияларында Н.Г.Хлудов пен HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%91%D1%80%D0%BE%D0%B4%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9&action=edit&redlink=1" \o "Бродский (мұндай бет жоқ)"И.Бродскийден сабақалды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.


Жас Абай. Ә. Қастеев. 1945.
Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқүр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарындастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары тұпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте" (1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Аманкелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес.