Жай с?йлем ж?не ??рмалас с?йлем
Тақырыбы: Жай сөйлем және құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты: 1. Құрмалас сөйлем туралы бастапқы түсінік беру.
2. Жай сөлемнен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын
ұғындыру.
3. Құрмалас сөйлемнің құрлымдық бөліктерімен таныстыру.
Көрнекіліктер: сызбалар, тірек сөздер, суреттер, жұмбақтар
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СТО жобасы бойынша, жаңа технология, түсіндіру, салыстыру. жаттығу.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы: І. Қызығушылығын ояту
Психологиялық тренинг
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену.
Еңбек етіп жұмыла,
Бестікке қол жеткізу.
Күзгі табиғат жапырақтарының түстері арқылы бөлінеді (сары, жасыл, қоңыр, қызғылт сары).
Ережемен таныстыру.
Бағалаумен таныстыру.
ІІ.Ой қозғау
1-тапсырма. Сөздерден сөйлем құрастыру.
1топ: Әже, бер, көжек, шөп
(Әже көжекке шөп берді.)
2 топ: Балта, ата, жар, отын.
(Ата балтамен отын жарды.)
3топ: іш, су, Райхан, ыдыс
(Райхан ыдыспен су ішті.)
4 топ: Тұр, күн, жарқырап
(Күн жарқырап тұр.)
ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
6- жаттығу
Сен жақында қандай қызықты кітап оқыдың кітап қалай аталады кітап кейіпкерлердің қылығы саған ұнады ма ұнаған кейіпкерлерің туралы баяндап бер
Осы сөйлемдердің жігін тауып, тыныс белгілерін қою.
Кітап туралы дерек. Оқушылар өз ойларын айтады.
Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.
Кітапты ұқыпты таза ұстау керек. Өздерімізден кейін көптеген балалар ұстайды. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды. Тамақ ішіп отырып оқуға болмайды.
1 топ: Сөйлем деген не?
2топ: Сөйлемнің түрлері.
3 топ: Сөз тіркесі деген не?
4топ: Тұрлаулы, тұрлаусыз мүше деген не?
ІҮ. Мағананы тану
Слайд ( күзгі табиғат) бейне таспа көрсету.
Тақтаға күз туралы екі немесе төрт жай сөйлем жазылады.
Мысалы: Күз келді. Жапырақтар сары түске боялды. Күн суытты. Құстар жылы жаққа ұша бастады.
Бірінші сөйлемде күздің келгені жайында болса, екінші сөйлемде жапырақтардің сарғайғаны жөнінде болып тұр. Бұл мысалдардың әрқайысы жеке- жеке ойды білдіріп тұрған жай сөйлемдер. Осы екі жай сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау керек. Бірінші сөйлем бастауыш пен баяндауыш тан құралса, екінші сөйлем бастауыш пен баяндауыш және тұрлаусыз мүшелерден құралған жай сөйлемдер екені түсіндіріледі
Содан соң құрмалас сөйлемдер туралы түсінік беріледі.Ол үшін екі жай сөйлемнің мағыналарын біріктіріп, екеуінен бір күрделі ой құрастырылады.
Мысалы: Күз келіп, жапырақтар сары түске боялды. Екінші мысалда осы бағытта түсіндіріледі. Күн суытып, құстар жылы жаққа ұша бастады.
Оқығанда жай сөйлемдердің арасы сәл іркіліс жасап, бәсеңдеуімен білдіріледі.
Ереже түсіндіріледі.
Бір ғана тиянақты ойды білдіретін сөйлем жай сөйлем деп аталады.
Мысалы: Күн суытты.
Екі несесе оданда көп жай сөйлемнен құралған сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады.
Мысалы: Күн суытып, құстар жылы жаққа ұша бастады.
Ү.Жаңа сабақ
Дәптерге күннің жадыны және жаңа сабақтың тақырыбы «Жай сөйлем және құрмалас сөйлем» жазылады.
Оқулықпен жұмыс:
жаттығу.
Екі бағанмен берілген сөйлемдерді оқып, оларды салыстыру. Айырмашылықтарын ажырату.
Топтық жұмыс.
1 – топ. Аққу- қасиетті құс туралы ойларын жазу.
2 – топ. Сабантой туралы ойларын жазу.
3 - топ. Саятшылық-туралы ойларын жазу.
4 – топ. Бата туралы ойларын жазу
1. Аққу – сымбатты құс. Аққу көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді. Аққу жұп құрып тіршілік етеді. Аққуды қазақ халқы қастерлейді. Сұлулықтың белгісі аққу деп есептейді. Ол киелі құс, оған оқ атпайды.
2. Сабантой – егін жинау науқаны біткенде, күзде өткізіледі. Дастархан жайып тойлайды. Сабантой -түркі халықтарында тойланған мейрам.
3. Саятшылық өнері – көңіл көтеру, қызықтау, әрі спорт ретінде дамыған. Саятшылық аңды құс салу арқылы аулайды. Саят құстарына бүркіт, сұңқар құстары жатады. Саятшылар өте сыйлы, құрметті адамдар қатарына жатады.
4. Бата - жақсы тілек айтуды білдіреді. Дастархан басында түрлі жиын – тойларда қол жайып, бата береді. Алысқа шыққан адамға ақжол тілейді. Батаны көбіне, ақсақалдар береді.
ҮІ.Топтық жұмыс
2-жаттығу.
Берілген жұмбақтардың екінші жай сөйлемін тауып жазу.
1топ:Дыбыс естісе қашады.
(Қырқаны бір-ақ асады) Қоян
Қояндар түнде тіршілік етеді. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына төрт рет туады. Тұрақты іні болмайды. Олар қорқақ. Сыбдыр естісі қаша жөнеледі. Қоянның баласын көжек дейді.
2топ:Гүрілдеп жүреді,
(Жердің бетін сүреді). Трактор.
Трактор – техниканың бір түрі. Оның шаруашылыққа пайдасы көп. Жер жыртада, дән себеді. Қыста қар күреп, жолдарды тазартады.
3топ:Көрінбейді өзі,
(Естіледі сөзі) Дыбыс
Дыбысты дауыстап айтамыз, тыңдаймыз, құлағымызбен естейміз
4топ: Қыста шыны боп қатады,
(Жылыда су боп жатады) Мұз.
Мұз – судың қатты түрі. Мұз судың бетінде қабыршықтанып қатады. Ол түссіз жылтыр,иісі болмайды.
ҮІІ.Сергіту сәті (ойластыру керек)
3 –жаттығу
Мақалды көшіріп жаз. Әр мақалда қанша сөйлем бар екенін айт. Әр сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын тап.
Ердің атын еңбек шығарар.
Жақсы өз басынан көреді,
Жаман жолдасынан көреді.
Достықтың төлеуі достық.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
4- жаттығу.( ауызша орындау)
Мәтінді оқы. Алдымен жай сөйлемдерді содан соң құрмалас сөйлемдерді тап.
Бейне таспа көрсетіледі.
5- жаттығу
Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер құрастырып жазу.
1 топ: Қазақта баланы атқа мінгізеді. Той жасайды.
(Қазақта баланы атқа мінгізіп, той жасайды.)
2 топ: Алпамыс алты жасқа толды. Оны атқа мінгізді.
(Алпамыс алты жасқа толғанда, оны атқа мінгізді)
3 топ: Ата- анасы ағайын туыстарды шақырды. Той жасады.
(Ата-анасы ағайын туыстарды шақырып, той жасады.)
4 топ: Көрші ауылдан ағайындар келді. Алпамысты құттықтады.
(Көрші ауылдан ағайындар келіп, Алпамысты құттықтады.)
ҮІІІ. Ой толғау кезеңі
Жаңа тақырыпты бекіту.
-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
- Жай сөйлем туралы не білдіңдер?
-Құрмалас сөйлем туралы не білдіңдер ?
Үй жұмысы: 6 – жаттығу. Ереже жаттау.
Х.Бағалау. Жапырақтар арқылы бағаланады.
Рефлексия