Д?ниетану п?ні ?сімдіктер мен жануарларды? ?ызыл кітабы


Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың «Қызыл кітабы»
Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі:
Оқушыларға «Қызыл кітап» жайлы түсінік беру.
Қызыл кітапқа енген өсімдіктер жануарлар, құстар
туралы түсінік беру, меңгерту.
ә) Дамытушылығы:
Ойлау қабілеттерін дамыту, тіл байлығын арттыру,
дүниетанымын кеңейту.
б) Тәрбиелігі:
Экологиялық тәрбие беру, жануарларды,
өсімдіктерді, құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға
баулу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, сызба, суреттер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
а) Өсімдікпен жануарлар арасындағы байланысқа мысал келтір.
Адам, өсімдік, жануар бір-бірімен тығыз байланысты. Өсімдікпен көп жануарлар қоректенеді.
Өсімдік жануарларды суықтан жаудан қорғайтын баспана.
Жануар топырақ арасына жол салып, оған ауаның, ылғалдың кіруін жақсартады. Мысалы: жауын құрты.
ә) Адам өміріндегі өсімдіктің маңызы?
Өсімдік адамға тағам, жылу, таза ауа сыйлайды.
б) Өсімдік шаруашылығының қандай түрлерін білесіңдер?
Егін, бау-бақша шаруашылығы.
в) Қандай үй жануарларын білесіңдер?
Қой, ешкі, түйе, сиыр.
Жануар адамға не сыйлайды?
Тағам, жылы әсем киім, төсеніш.
Үй жануарларын ата
Олар адамға не береді?
Сүт, май, ет, жұмыртқа, жүн.
Жабайы жануарларды білесіңдер ме? Ата
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
Адам



Жануар
Өсімдік


Адам табиғатқа қандай зиян келтіреді?
Теледидардан көрдіндерме?
Броконьир дегенді білесіңдер ме?
Ақбөкен
Аяусыз аңдарды құстарды өсімдіктерді қырып жояды. Олар азая бастады ақбөкенді мүйізі үшін аулайды. Олар сиреп бара жатыр.
ІV. Жаңа сабақ
«Қызыл кітап» дегенді естігендерін бар ма?
Сирек кездесетін, әрі жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар тіркелген кітап. Оның мұқабасының түсі қызыл. Қазақстан Республикасының қызыл кітабы.
1996 жылы Қазақстанда «Қызыл кітап» шықты.
Қандай қорықтарды білесіңдер?
1926 жылдың 14 июльінде «Ақсу-Жабағылы» қорығы ұйымдастырылды.
Қорық не үшін қажет?
«Ақсу-Жабағылы» қорығының жер көлемі 74 416га «Ақсу-Жабағылы» қорығында құстың қырықтай түрі бар. Оның 22 түрі ұя салады.
Қаншасы ұя салмайды? (18)
Шырша ағашын білемізбе?
Шырша қызыл кітапқа енген. Біздің жерімізде өсетін шыршалар барма?
Дермене Қазақстанның Оңтүстігінде өседі. Әртүрлі дәрілер жасалады. Өте сирек кездеседі, қорғауға алынған.
Таусағыз- каучук алынады дәрі жасалады, жинауға тыйым салынған.
Грейг қызғалдағы-Кауфман қызғалдағы сияқты гүлдері әсем, көп жұлынып алынған.
Жергілікті жерде өсетін өсімдікті ата. (Дермене, арша, ақбас жусан, рауғаш)
Құлан есекке , жылқыға ұқсайды. 1953-1964 жылдары «Барсакелмес» аралына 18 құланды Түркімен елінен әкелінген.
Қара құйрық- денесі өте сымбатты, аяқтары жіңішке мықты, өте жүйрік, секіріп жүреді.
Дуадақ- жаулары өте көп. Бүркіт сияқты жыртқыш құстар аулайды.
Ақбас тырна, бүркіт, аққу қызыл кітапқа енген.
Жергілікті жердің жануарларын ата.
марал, таутеке, қоңыр аю, барыс
V. Сергіту сәті:
VІ. Оқулықпен жұмыс: оқушылар өз беттерінше оқиды. «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктерді, жануарларды тауып оқу.
VІІ. Дәптермен жұмыс:
а) күнтізбе
ә) жаңа сабақтың тақырыбы:
Өсімдіктер жануарлар

Қызыл кітап

VІІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Қызыл кітап дегенді қалай түсінесіндер?
Не үшін қажет?
Өсімдіктерді ата.
туған жер табиғаты- халқымыздың ұлттық мақтанышы. Сондықтан оны аялап, қорғауға оның байлығын еселеп арттыруға үлес қосу біздің де азаматтық борышымыз.
ІХ. Оқушыларды бағалау.
Х. Үйге тапсырма: 107-112 беттерді оқу