Ашы? саба?. Д?ниетану саба?ынан Ж?йке ж?йесі (3 класс)
Жұмаділдаева Айткүл Нұртайқызы,
Қызылорда қаласы,
А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Пәні: Дүниетану. 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесі
Сабақтың мақсаты: Ми жүйке жүйесінің құрлымы, оның маңызы мен атқаратын қызметі туралы түсінік қалыптастыруға ықпал ету; жүйке жүйесін нығайту тәртібін талдау; балаларды өз бетінше бақылау, салыстыруға және талдау жасауға үйрету; сезім мүшелерін сақтауды үйрету.
Күтілетін нәтеже: Оқушылар жүйке жүйесінің қызметтерін, сезім мүшелермен байланысы туралы ой қалыптасады. Жүйке жүйесінің ағзаларын орналастыру реттілігін біледі.Топпен жұмыс жасай отырып ытымақтастық ахуал қалыптасады.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, байқау-бақылау, талдау, топтық, жұптық, жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, тапсырма жазылған парақшалар, слайд, фишкалар, бағалау парақшасы.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Міне жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Ал,бүгінгі жұмысымыздың ұраны:
«Білгенімізді қайталаймыз,
Білмегенімізді үйренеміз!»
ІІІ. Үй жұмысын тексеру: «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақ жауап. Жауабы слайдта берілген, дұрыс жауап бергендерге фишкалар беріледі (жұппен жұмыс).
ІV.Оқушыларды үш топқа бөлу. Топ өкілі, уақытты бақылаушы, бағалаушы, стикерлерді тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
І-топ-Көру.
ІІ-топ-Дәм сезу.
ІІІ-топ – Жүйке жүйесі.
V.Жаңа сабақ.
«Жигсо» әдісі бойынша жаңа сабаққа дайындық жасау әрекеттері. Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ қою арқылы диалогқа түсіру.
- Адамның қандай дене мүшелерін білесің?
- Олар қандай қызмет атқарады? - Барлық ағзалар жұмысын қандай мүше басқарады деп ойлайсың?
«Спираль» әдісі арқылы «Жүйке жүйесі» бойынша жұмыс.
Осы сабақ арқылы балалар сезім мүшелерінің адам өмірінде қандай рөл атқаратынымен танысады.Сезім мүшелері-бесеу. Адам сыртқы дүниенің, өз денесінің жай-күйін де сезім мүшелерінің көмегімен біліп отырады. Сезім мүшелері өзара байланыса қызмет етеді. Олар бір-біріне көмектесіп, бір-бірін толықтырып отырады. Барлық сезім мүшелерінің жады (есте сақтау қабілеті) болады.
Барлық сезім мүшелерін ми басқарып отырады. Сезім мүшелері өздеріне келіп түскен дабылды миға жеткізеді. Ми келген дабылды қабылдап, мүшелерге бұйрық береді.
- Бас миы қай жерде орналасқан? (Бассүйектің ішінде, омыртқадағы жұлын содан бастау алады). Ми мен омыртқадағы жұлыннан адамның барлық дене мүшелеріне жүйке тамырлары таралады, одан жүйке жүйесі құралады.
- Ал,жұлын омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Әр омыртқаның бүйір тұсынан жұлыннан екі жаққа 31 жұп жұлын таралады. (оқушылар ойы). Жұптық жұмыс: Құрастырып көрсету, пысықтау (біздің партамызда жұлының муляжы жатыр , сол муляждармен жұлынды құрастырамыз) .
Жүйке жүйесі үйесіжүйесіжүйесі
VІ. Оқулықпен жұмыс: Электронды оқулықпен жұмыс
Жұлын
-Мәтінді оқу,жұпта талдау.
Ми
Жүйке тамырлары
1-топтың тапсырмасы : Жүйке жүйесінің атқаратын қызметі? (жеке жұмыс, бағалау парақшасына топ басшылары баға қойып отырады).
2-топтың тапсырмасы: Жүйке жүйесі неше топқа бөлінеді? (жеке жұмыс, бағалау парақшасына топ басшылары баға қойып отырады).
3-топтың тапсырмасы: Жүйкені не үшін сақтау керек? (жеке жұмыс, бағалау парақшасына топ басшылары баға қойып отырады
VII.Сергіту сәті.
VIII.Шығармашылық тапсырма (топпен жұмыс).
1-топтың тапсырмасы. «Қолыңа тікен кіргенін қалай сезесің?».
2-топтың тапсырмасы. «Миға дабыл түскен кезде бұлшықет не істейді?».
3-топтың тапсырмасы. «Ми дабылды қабылдап, қай мүшеге дабыл жібереді?» ( әр топ постер қорғайды).
ІХ. Блиц-турнир. Әр топқа 5 сұрақ беріледі.
«Көру »тобына:
1. Біз қоршаған әлемді қалай танып білеміз?
2. Адамға сезім мүшелері не үшін керек?
3. Адам денесі қандай бөліктерден тұрады?
4. Адам қаңқасының негізгі қызметі қандай?
5. Дене мүшелері адамға не үшін керек?
«Дәм сезу.» тобына:
1.Ас қорту мүшелерін ата.
2. Тіс не үшін, қалай күтеді?
3. Адамға тамақ не үшін керек?
4.Жасушалар даму үшін қандай заттар қажет?
5. Тамақ жемей дені сау адам бола аламыз ба?
«Жүйке жүйесі.» тобы:
1. Жүйке жүйесін шаршатпау үшін не істеу қажет?
2. Жүйке тамырлары қандай болады?
3. Жүйкені не үшін сақтау керек?
4. Бас миы қай жерде орналасқан?
5.Сезім мүшелері нешеу? ( Топты бағалау)
Х. Сематикалық карта ( сабақты қорытындылау, жеке-жеке бағалау).
ХІ.Рефлекция. «Бес саусақ» ( қағазға алақанның суретін салып, әр саусаққа сабақтағы жасаған жұмыстарындағы әсерлерін жазу).
ХІІ. Бағалау. Топ басшылары өз топтарындағы оқушыларды бағалау парақшаларына жеке-жеке бағалай отырып , топты да бағалайды).
ХІІІ. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, 31 – бет, сурет бойынша жүйке жүйесінің жұмыс істеу ретілігін анықта .