Р?міздерді ??рметтеу — халы?ты ??рметтеу
Тақырыбы: Баланың бас ұстазы - ата – анасыМақсаты: Ата - аналардың мектеппен тұрақты қарым - қатынасын қалыптастыру. Мектеппен қарым - қатынастың тиімді модельдерін іздестіру. Балалар өмірінде ата - аналардың ролі туралы мағлұматтар бере отырып, пікір алмасу, балалардың дүнетанымын, қабілетін, дарынын дамыта отырып, білімді, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде жанұяның ролін дамыту.Көрнекілігі: Сызбалар, нақыл сөздер, мониторингтер.Жиналысқа қатысушылар: ата - аналар, пән мұғалімдері, сынып жетекшілер, мектеп әкімшілігі.Өткізу әдісі: дөңгелек үстел.Түрі: Еркін микрофон.Жоспары.І. Кіріспе сөз. «Баланың бас ұстазы - ата - анасы»
ІІ. Топтасыру бөлімі:АТА – АНАМЕН БАЛА АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАСҚА ҚАЖЕТТІ БІРНЕШЕ ҰСЫНЫСТАРІІІ. Сұхбат бөлімі:
Мұғалім:- Құрметті ата - аналар! Осы көрсетілген сызбанұсқада оқушы - мұғалім - ата - ана байланысының дұрыс қалыптаспағаны, үзік сызықтардан, көрініп тұр. Сондықтан да осы мәселе төңірегінде дөңгелек үстел басында ата - аналарымызды қатыстыра отырып, ой бөліссек дейміз.- Бірінші кезекте ата - ана мен бала арасындағы үзік сызықтың пайда болу себептеріне тоқталып көрейік.Сұрақ. Баласын сүймейтін ата - ана бола ма? Әрине, болмайды. Бірақ ата - анасын сүймейтін бала болуы мүмкін. Бұған ата - ана өзіміз кінәлі емеспіз бе?Ата - ананың балаға деген махаббаты 2 түрлі болады 1. Саналы махаббат.2. Санасыз махаббат. Санасыз махаббат мынандай түрде болады. Инстингтік махаббат - бұл хайуандардағы тәрізді. Қатыгез махаббат - ұрып соғып тәрбиелеу. Сатулы махаббат - жақсы көргенін ақшаға сатып алу арқылы білдіреді. Осындай түрдегі ата - ананың балаға деген махаббаты арқылы баланың болашақта дұрыс тәрбие алмайтыны дәлелденген.Ата - ананың махаббатыСанасыз Саналыинстингтік.қатыгез.сатулы.Ендеше, бүгінгі бала тәрбиесі туралы пікірталасымызды әрі қарай қозғау үшін жұмбақ кейіпкердің әңгімесін тыңдайық.Пікір талас. «Пікірталастан шындық туады, шындық кірлеген ойды жуады»Жұмбақ кейіпкердің әңгімесін тыңдау, сұрақтар қою, пікір айту.Жұмбақ кейіпкердің хатын талқылау.:Менің баламның бастауыш сыныпта оқу үлгерімі өте жақсы еді. Мұғалімдер мақтағанда төбем көкке бір - ақ елі жетпей қалушы еді. Оның алып келген 5 - тік бағаларына ақша беріп отырдым. Елден ерекше киіндірдім, өйткені ол менің жалғыз ұлым еді. Өсе келе ол мектепте соңғы сабақтардан қашып кететін болды. Күнде ақша сұрайтын болды. Неге керегін сұрасам, «мектепке мереке күніне немесе туған күнге баруым керек, сол үшін»- дейді. Бір күні сынып жетекшісі үйге келіп, баламның мектептегі өрескел қылықтары (темекі шегіп, сабақтан қашатындығы) туралы айтты. Бұл жайды әкесіне айттым. Әкесі қатал кісі еді. Баламды ұрды, ұрысты. Бірақ соңғы кезде балам маған өкпелі сияқты. Бұрынғыдай еркелемейді, ашылып әңгіме айтпайды. Мектепке барғысы келмейді. Мен түсінбедім. Маған қандай ақыл айтасыздар?Сұрақ.Сіз бұған кімді кіналайсыз?Балаңыздың достары қандай балалар?(Ата - аналардың пікірлері тыңдалады.)
ІҮ. Қорытынды бөлім:
«Бала тірбиесі» туралы видиоролиек.
Ү. Кері байланыс.
Анкеталық сұрақтар/ баласымен ата-ана қаншалықты сырлас екенін анықтау мақсатындағы /
214630105410Балаларымыздың жарқын болашағының мәнді болуына атсалысайық.Ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақтылы білім алуларына күш салайық. Ұлағатты ата - әже, асқар таудай әке, парасатты ана бола білейік!