?орша?ан орта та?ырыбы : ??стар бізді? досымыз
Күні:14.04.15ж. Сынып________
Білім беру саласы: «Әлеуметтік сала», «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған дүниемен таныстыру.
Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз.
Мақсаты:1. Құстар туралы мағлұмат беру, олардың тіршілігінде болатын өзгерістерге мысалдар келтіре отырып, түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту.
2. Оқушылардың айналадағы қоршаған орта туралы түсініктерін, ой-өрісін кеңейту.
3. Табиғатты аялап, құстарға қамқорлық жасап, қорғауға баулу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, салыстыру, арт-терапия
Сабақтың көрнекілігі: құстардың суреті, құстар тіршілігінің видеосы, гримм бояулары.
Іс – әрекет
бөлімдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Ынталандыру. Сезімді ояту. I.Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, барлығымыз орнымыздан тұрып, бүгінгі күімізбен, келген қонақтармен амандасайық.
Сәлем саған Жер-Ана!
Сәлем саған Нұрлы-Күн!
Сәлем келген қонақтарға!
Аман-есен болайық,
Бейбітшілік қалайық!
Ал, енді күніміз сәтті, көңілді өту үшін бір-бірімізге күлкі сыйлайық. Бүгінгі күнмен амандасты. Бір-біріне күліп жылулық сыйлады.
Ұйымдасты-рушылық ізденушілік.
II.Негізгі бөлім.
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілінде неше ай бар?
Көктем мезгілінің ерекшелігін атап беріңдерші?
Дұрыс құстар жылы жақтан келеді. Ал, құстар неден қорқады?
Бүгін біз біз осы мысықтар мен құстарды достастырамыз. Ол үшін біз бүгін мысық болып құстарға дос екенімізді көрсетеміз. Қазір, мен мысық болып боянамын, сендер кішкентай марғаулар боласыңдар. Құстармен дос боламыз.
-Бүгін, біз дала құстарының тіршілігімен танысамыз. Олар ағаш немесе бұта басына ұя салып,өмір сүреді. Олар дәнді дақылдармен, түрлі өсімдіктермен, жәндіктермен қоректенеді. Суық түскенде кейбір дала құстары жылы жаққа ұшып кетеді. Ал, қалғандары бізде қыстап қалады.
- Қарлығаш- жыл құсы болып табылады. Ол адамға жақын жерлерге, үйдің шатырларына ұя салады. Оның бауыры ақ, құйрығы айыр болып келеді. Ол жәндіктермен қоректенеді.
- Балалар, бұл тоқылдақ- тұмсығы өткір, құйрығы қатты «Ки-Кик»деп дыбыстайды. Ағаштағы құрт-құмырсқамен қоректенеді. Тоқылдақты «ағаш дәрігері» деп атайды.
- Ал, мынау құс-көгершін. Бұл құсты барлық жерлерде кездестіруге болады. Көгершіннің ақ, көк түсі бар. Бұл құсты бейбітшілік құсы деп атайды.
Бұлбұл — әнші құс. Салмағы жағынан 20-25г.ғана болады. Бұл Сібірдің құсы. Қазақстанда Алтайда ғана кездеседі. Мен сендерге әнші, бейбітшілік, дәрігер және адамға жақын құстармен таныстырдым.
- Құстардың тіршілігі туралы видео көріп танысайық.
- Қане, балалар құстар туралы кім тақпақ біледі?
Сергіту сәті: «Көңілді үйректер»биі.
Тақтаға назарларын аудару. Біз достарымызды бояп, ағашқа отырғызайық. Бояп болғаннан кейін құстарға хормен «Біз құстармен доспыз» деп тақтаға ілгізу. Қазір жылдың көктем мезгілі.
Көктем мезгілінде 3 ай бар.
Күн жылынады, ағаштардан бүршік атады, гүл өседі, жылы жақтан құстар келеді.
Иттен, адамнан, мысықтан
Мысық болып боянады.
Құстардың тіршілігімен танысты.
Үш құстың суретімен және ерекшелігімен танысты.
Құстардың табиғаттағы өмірі мен түрлері туралы видео көріп, танысты
Көңілді үйректер биін биледі
Құстарды түрлі түсті боялаурмен бояды
Қорытындылау III. Қорытындылау.
Біз бүгін құстар мен мысықтарды достастырдық.
Құстарға тағы қандай көмек көрсетуге болады?
Енді, бетіміздегі бояуларымызды өшірейік.
Балаларды мақтау-мадақтау. Белсенді қатысқандарға күліп тұрған смайлик сыйлау. Жем шашуға, ұя жасауға
Күтілетін нәтиже.
Білуі тиіс: Құстардың түрлері мен тіршілігін
Үйрену керек: Табиғатты аялап,құстарға қамқорлық жасауға
Күні_______ Қолы__________
Сынып жетекшісі: _______________________