МА?АЛ-Ма?ал м?телдерді шет теле саба?ында ?олдануды? ма?ызы.
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиенің озық өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерді жеткіншек ұрпақтардың бойында қалыптастыру, халықтық педагогика материалдарын тиімді пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз. Ағылшын тілі сабағында мақал-мәтелдердің алатын орны ерекше.Мақал-мәтелдерді қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын,грамматикалық құрылымын білуін жетілдіруге болады. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік маңызы зор.Адамдардың ойлау қабілетін де жетілдіреді.Мақал-мәтелдер ғасырлар бойы халық даналығынан туындаған. Адамдар мақалды неғұрлым көп білсе, соғұрлым сөздік қоры баий түседі.Ал,мақал-мәтелдердің оқушылардың жан-жақты және адамгершілігі мол азамат болуына ықпалы зор.Ғасырлар бойы ауыз әдебиетінің озық үлгілерінің бірі болып келген мақал-мәтелдер қазіргі нарық заманында да өзінің өзектілігін жоя қойған жоқ.Мақал-мәтелдер тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін өзінің ықшамдығымен, әрі түсінікті даналық сөзімен түсіндіріп бере алады. Сол себепті де ағылшын тілі сабағында біз мақалдардың қазақша баламасын, екі тілде жаттап үйренеміз. Ағылшын мақал-мәтелдері мен қазақ мақал-мәтелдерін салыстыра отырып, мазмұнын ұғындыру оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді. Оқулықтардағы мақал-мәтелдер тек ағылшын тілінде берілген. Мәселен, «If you agree to carry the calf, they will make you the cow» деген мақалдың қазақша баламасы «Жұртқа күле қарасаң,көйлегіне жамау сұрайды» дегенді меңзейді. Ал, осы мақалды қазақшала десең оқушылар «Егерде бұзауды көтеруге келіссең, сиырды көтеруге мәжбүр етеді» деп сөзбе сөз аударады. Сондай-ақ, ағылшын тілін меңгеруде, халқымыздың ақыл-ой даналығын үйрететін мақал-мәтелдер біздің ойымызды ширатып, ойлау белсенділігімізді арттыратыны сөзсіз. Негізінде мақал-мәтелдерді белгілі бір тақырып бойынша жазып отыру керек. Мысалы, «Достық» тақырыбын өткен кезімізде тіл дамыту жаттығуларын орындау барысында төмендегі мақал-мәтелдерге назарын аудардық:
Between friends all is common. – Достардың арасында бәрі ортақ.
A man is known by the company he keeps. – Адамды досына қарап танырсың.
Joys shared with other are more enjoyed. – Доспен көрген қуаныш аса зор қуаныш.
A hedge between keeps friendship green. – Шынайы достық қиындықта сыналады.
Friendship can not stand always on one side. – Есептескен дос болмайды.
Мақал көптеген жағдайларда тиянақталған ой ретінде сөйлем түрінде келеді және олар нақыл, өсиет түрінде айтылатын пәлсапалық ой қорытындылары болады. Ал, мәтел сипатты жағынан бейнелеп сөйлеудің элементі тәрізді. Ағылшын тілінде мақал – мәтелдер тест кітапшаларының ішінде де «Мақалды жалғастыр», «Аудармасын тап» деген секілді тапсырмаларда көптеп кездеседі. Барлық тілде секілді ағылшын тілі де мақал – мәтелдерге, сөз тіркестеріне бай, олардың көбісі әдебиетте, газет мақалаларында жиі қолданылады. Мақал – мәтелдерде ұлттық мәдениетке және еңбекке қатысты тарихи тәжірибесі көрсетіледі және олар тілге қайталанбас көркемдік береді.
Әр түрлі елдердің мақал – мәтелдерде салыстыру – салыстырылып отырған елдердің арасында едәуір ұқсастықтың бар екенін білдірсе, салыстыру арқылы тілдер бір – біріне аздап болса да жақындай түседі. Айта кететін бір жайт қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мақал – мәтелдер көп мағыналы және әр салалы болғандықтан, тура мағынасында салыстыру қиындық туғызады. Мысалы ағылшын тіліндегі мақал «A penny saved is a penny earned». Қазақ тілінде сөзбе сөз аударсақ, «Үнемделген тиын – жұмыс істеп тапқан тиын». Қазақ тілінде дәл сондай мақал болмағанымен осыған мағыналас мақалдар бар, «Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыз жалғыз атын сойғызар». Мақал – мәтелдерді ағылшын тілінде жай шырай, салыстырмалы шырай және күшейтпелі шырайды өткен кезде де қолдандық. Мысалы: «Better late than never», «The best fish swim in the bottom». Сонымен бірге модальды етістіктерді өткен де қолдануға болады. Мысалы: «Never puy off till tomorrow what you can do today», «When pigs can fly», «you can’t eat your cake and have it». «Артикль» тақырыбын өткен кезде төмендегідей мақал – мәтелдерді меңгердік: «An apple a day keeps a doctor away», «A man can die but once», «A friend in need is a friend indeed».Мақал-мәтелдер оқушылардыңсөздік қорын арттырады, әсіресе сандарды жеңіл есте сақтауға көмектеседі. Мысалы: «Two is company, three is none», «If two men ride on a horse, one must ride behind», «A cat has nine lives», «Custom is a second nature», «Two heads are better than one». Ойымды жинақтай келе, мақал – мәтелдерді екі топқа бөлуге болады екен.
Үш тілде де мағынасы сай келіп, бірдей аударылып, үш тілдегі нұсқалары толыққанды сәйкес болып табылатын мақалдар мен мәтелдер.
Үш тілде де мағынасында ешбір ұқсастығы жоқ және оларды тек қана сөзбе сөз аудару арқылы ғана түсінуге болатын мақал – мәтелдер.
Мақал – мәтелдер техника мен ғылымның дамуына қарамастан белгілі бір ұлттың мәдениетінің біртұтас айрылмас бөлігі, әрдайым зерттеу нысаны болып табылады. Мақал – мәтелдер оқушылардың практикалық тұрғыда есту, жазу қабілетін арттырады, тіл мәдениетін дамытады, ой – өрісін жоғарылатады, тәрбиелейді.
Енді ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал – мәтелдердің ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне тоқталып өтсем.
Қазіргі таңдағы басты проблемалардың бірі - тіл мәселесі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауының «Тілдердің үш тұғырлығы» стратегиясында тіл мәселесіне қатты назар аударған болатын. Еліміз тәуелсіздік алып заман талабына сай дамуы үшін әрбір азамат ағылшын тілін жақсы меңгергені жөн.
Ағылшын тілі де қазақ тілі сияқты көркем де шебер, мағыналы да мазмұнды, қысқа да нұсқа қанатты сөздерге өте бай. Сол қанатты сөздердің бірі – мақал - мәтелдер.
Мақал - мәтелде әр халықтың тарихы,әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі, мәдениеті, ұлағатты сөздерімен жатыр. Мақал - мәтелдерде халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл - өнегесі, даналығы көрініс тапқан. Мақалда айтылатын ой тура, не астарлы түрде беріледі және көп жағдайда үлгі өнеге, өсиет айтуға негізделген. Ал мәтел - орамды сөз тіркесі, ойды емеурін арқылы жеткізеді де, нақты тұжырым қорытынды пікір жасалмайды. Сөздік қорымыздың кең әрі мазмұнды болуы үшін мақал - мәтелдердің алатын орны ерекше.
Ағылшын тілінде мақал - мәтелдердің ара - жігі ажыратылмай тұрақты тіркес ретінде қалыптасқан. Бірқатар қазақ және ағылшын мақал - мәтелдердің құрамы мен құрылысы және мағынасы жағынан өзара сәйкестіктер байқалады, сонымен қатар сөзбе-сөз аудармасы, баламалары көп кездеседі. Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің айырмашылықтары қазақ мақал - мәтелдерінің басым көпшілігі ауызша сөз үлгілері негізінде қалыптасса ,ағылшын мақал-мәтелдерінің көлемді бөлігі қасиетті кітаптан тараған ұлағатты сөздер болып табылады. Сондай - ақ ағылшын мақал - мәтелдерінің құрамында елді мекендердің атаулары мен кісі есімдері жиі кездеседі. Туыс емес тілдердегі бірқатар мақал - мәтелдердің өзара мағыналас болып келуі қазақ және ағылшын халықтарының өмір тәжірибесінің, көзі жетіп, көкейіне түйген ой тұжырымдарының ұқсастығымен, астарлылығымен байланысты.
Қазақ тіліндегі мақал - мәтелдер бір, екі кейде төрт сөйлемнен құралады. Мысалы: «Ағаш кессең ұзын кес, қысқартуы оңай, темір кессең қысқа кес, ұзартуы оңай».
Ал ағылшын тілінде мақал - мәтелдердің көпшілігі бір ғана сөйлемнен тұрады, төрт тармақты мақалдар өте сирек кездеседі. Мысалы: «Knowledge is power» (Оқу-білім бұлағы, білім-өмір шырағы), немесе «So many countries, so many customs» (ауд. Әр елдің салты басқа). Ал қазақ тілінде де мақал - мәтелдер көбіне бір, екі, төрт сөйлемнен тұрады да, қос тармақты түрі көп қолданылады. Мысалы: «Ерегескен ел болмайды, есептескен дос болмайды» (ауд. Between friends all is common.), «Екі жүзді досыңнан ежелгі дұшпан артық». (ауд. False friends are worse than open enemies.) т.с.с
Ағылшын тіліндегі бір ғана мақалдың қазақ тілінде бірнеше баламасын кездестіруге болады. Мысалы: «East or West, home is best»
а) «Әркімнің өз үйі Мысыр шаһары»
б) «Қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім»
с) «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас»
д) «Өз елім - өлең төсегім»
с) Тек жүрсең тоқ жүресің, домаланып көп жүресің
Екі тілде де мақалдар қолданысы мен мағынасы жағынан екі топқа бөлінеді. Тура мағынада және ауыспалы мағынада қолданылатын мақал - мәтелдер. Мысалы:
« Aman is known by the company he keeps» .
«Досыңа қарап,кісіні таны».
«Pride goes before a fall».
«Еңкейген екі асайды, қайқайған құр қалады».
«No news is good news»
Аш құлақтан – тыныш құлақ
Ағылшын және қазақ тіліндегі мақал - мәтелдерді салыстыра отырып ауыспалы мағынада мұндай мақалдарды екі тілде де көптеп кездестіруге болады. Мысалы:
«There is no smoke without fire».
«Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды».
«Cut your coat according to your cloth».
а) «Көрпеңе қарай көсіл».
б) «Піспегіне қарай ішпегі».
«The rotten apple injures its neigbours» десе,
«Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді».
«There is honour among thieves».
«Қарға қарғаның көзін шұқымайды».
Кейде жеке адам айтқан немесе белгілі бір оқиғадан, құбылыстан шыққан тарихи дерегі бар сөздер, нақылдар, мақал – мәтелдер ретінде айтылатын жағдайлар кездеседі.
Мысалы: Жамбыл: «Не тағдырға көну бар, Не ерлікпен өлу бар».
Б.Момышұлы: «Тәртіпке бас иген құл болмайды».
Гамлет «To be or not to be» т.с.с.
Абай: «Баяғы жартас-бір жартас»
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан»
Ағылшын тілінде «one– бір» сандық тіл мақалдар кездесіп отырады. Мысалы:
«The voice of one man is the voice of no one».
«Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас».
«One man no man». «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас».
«One is no number». «Бір сан емес, екі көп емес».
Зерделей қарасақ, мақал - мәтелдер адам баласының бар өміріндегі, тұрмыс - тіршілігіндегі салалардың барлығын дерлік қамтиды екен. Көненің көзі іспеттес мақал - мәтелдер тобы өз ұрпағына тәрбие бере отырып, оларды еңбек етуге, білім алуға, адалдыққа, үлкенді сыйлауға тәрбиелейді.
ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТЫ ТҮСІНДІРУ
Мақал – мәтелдер халық ауыз әдебиетін сүйіп құрметтеуге, сөз өнерінің асыл қазынасын меңгеруге, тапқыр сөйлеуге, ретті жерлерде қолдана білуге, үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып, айта білуге тәрбиелейді. Мақал – мәтелдер мен жаттаған өлеңдер өткен тақырыпты пысықтау үшін, оқушылар жалыққан кезде көмектеседі, олардың ізденушілік қабілетін дамытады, үш тілді меңгеруге ынтасын арттырады.
Мысалы белгілі бір грамматикалық тақырыпты өткен кезде жаттығулармен қатар үй тапсырмасы ретінде мақал – мәтелдерді беріп, одан бүгінгі өткен грамматикалық тақырыпты тауып қолдануын түсіндіріп, орысша, қазақша аударып келуге берілсе, бұл әрі түсіндірілген грамматикалық тақырыпты пысықтайды, әрі іздендіреді және тәрбиелік құндылығы болады. Шет тілі оқыту үрдісін жандандыру, тіл дамыту жаттығуларын дамыту, жаңа әдіс – тәсілдерді енгізу бүгінгі күннің басты талабы.
Бүгінгі күнде көп тілді меңгерген жан – жақты, ел ертеңін ойлайтын дана ұрпақты тәрбиелеу – киелі мәселелердің бірі деп түсініп, мына мақал – мәтелдерді, өлең шумақтарын сабаққа қолдануды ұсынып отырмын.
The plural of nouns. Зат есімнің көптік жалғауы.
So many countries, so many customs.
Что ни город, то народ.
Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа.
Many words cut more than swords.
Злые языки острее меча.
Сөз сүйектен өтеді.
Men may meet but mountains, never meet.
Гора с горой сходится, человек с человеком сойдется.
Тау – таумен кездеспейді, адам адаммен кездеседі.
A cat in gloves catches no mice.
Без труда не выловишь и рыбку из пруда.
Еңбексіз іс бітпейді, еріншектің қолы жетпейді. Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қоймай мұратқа жетпес.
The degrees of comparison of adjectives. Сын есімнің шырайлары.
A good name is better than riches.
Добрая слава лучше богатства.
Жақсы сөз – жарым ырыс.
Two heads better than one.
Одна голова хорошо, две лучше.
Екі кісі бір кісінің тәңірісі.
East or west home is best.
В гостях хорошо, дома лучше.
Өз үйім өлең төсегім.
Better an open enemy than a false friend.
Лучше явный враг, чем лживый друг.
Жауыққан дос – жаудан бетер.
Better late than never.
Лучше поздно, чем никогда.
Ештен кеш жақсы.
The constructions: There is/There are. There is/There are құрылымы.
There is no place like home.
Вгостяххорошо, адомалучше.
Айхай өз үйім, кең сарайым, боз үйім.
There is no smoke without fire.
Нет дыма без огня.
Жел болмаса, шөптің басы қозғалмайды.
There are spots even on the sun.
Конь о четырех ногах, тот спотыкается.
Төрт аяқты мал да сүрінеді.
The Present Indefinite. Осы шақ.
Tastes differ.
На вкус и цвет товарищей нет.
Әркімнің өз талғамы бар.
All is well than ends well.
Все хорошо, что хорошо кончается.
Басы қатты болса, аяғы тәтті болады.
All is not than glitters.
Не все то золото, что блестит.
Жылтырағанның бәрі алтын емес.
Bad news files fast.
Худые вести не лежат на месте.
Жамандық жерде жатпайды.
The Future Indefinite. Келер шақ.
We shall see what we shall see.
Поживем – увидим.
Көргеніңнен көрмегенің көп.
Жүре бара көреміз.
Who keeps company with the wolves will learn to howl.
С кем поведешься от того и наберешься.
Жолдасына қарап, кісіні білерсің.
If you run after two hares, you will catch neither.
За двумя зайцами погонишься, ни одного не поймаешь.
Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.
The Present Perfect.
As you have made you bed, so you must lie on it.
Что посеешь, то и пожнешь.
Не ексең, соны орасың.
Who has never tasted bitter, knows not what is sweet.
Не вкусив горького, не узнаешь, что сладко.
Ащының дәмін татпай, тәттінің не екенін біле алмайсың.
A lot of water has flown under the bridge since that time.
Много воды утекло с тех пор.
Содан бері көп жыл өтті.
The Gerund. Герундия.
Talking mends no holes.
Разговоры не помогают в беде.
Көп жауын жерді бүлдірер, көп сөз елді бүлдірер.
A clean hand wants no washing.
Честному человеку не нужно оправдываться.
Learning is the eye of mind.
Ученье – свет, неученье – тьма.
Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп.
Modal Verbs. Модальді етістіктер.
Never put off till tomorrow what you can do today.
Никогда не откладывай на завтра то, что можешь сделать сегодня.
Еріншектің ертеңі бітпес.
Love cannot be forced.
Насильно мил не будешь.
Жақсы жақсы емес, жарасқаны жақсы.
He that is afraid of wounds must not come near a battle.
Волков бояться – в лес не ходить.
Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі.
Present Perfect and Past Simple (нақ осы шақ пен өткен шақ ) грамматикалық тақырыпқа байланысты өлеңдер шумағы.
Little girl, little girl
Where have you been?
I have been to see grandmother
Over the green.
Whatdidshegiveforyou?
Milk in a can.
Whatdidyousayforit?
Thank you, Grandma.
ThePresentContinuous. Созылыңқы осы шақ.
One, two, three,
Look out for me,
For I am coming
AndIcansee.
I am counting to ten.
You are giving them a pen.
She is looking at the door.
He is sitting on the floor.
All of us are working well
Waiting, waiting for the bell.
Modal verb «Can».Can модальді етістігі.
I love learning English,
I can read,
I can write.
I can speak English too.
I love learning English
And what about you?
Нәтижесінде:оқушы өзін – өзі тәрбиелей, өзін – өзі жетілдіре білуге, өзіне – өзі сыншыл болуға, өзін – өзі басқара білуге, ретті жерлерде шебер сөйлеуге қолдана білуге жетелейді.
Тема1 . Народ, мир. Халық.
№ Пословицына
русскомязыке Пословицы на
казахском языке Пословицы на
английском языке
1 Все за одного и один
за всех Жалғыз жүріп жол
тапқанша, көппен бірге
адас One law for the rich, and
another for the poor.
2 Вперед незабегай, от
своих неотставай Атаңның баласы
болма, еліңнің баласы
бол. Like priest, like people.
3 Народ, не знающий
единства с нуждой дружит, народ,
сильный единством-
со счастьем дружит Халық айтпайды,
халық айтса, бекер
айтпайды Men may meet but mountains never.
4 Внутренние распри
страшнее врага
внешнего Берекені көктен
тілеме, бірлігі мол көптеп тіле Many a little makes a mickle.
Тема 2. Воспитание, пример. Тәрбие.
№ Пословицы на
русском языке Пословицы на казахском языке Пословицы наанглийского языке
1 Если сам себя не себя не уважаешь, не жди уважения от других. Әдепті бала – арлы
бала, әдепсіз бала –
сорлы бала A good name is better
than a good face
2 Сын берет пример с
отца, дочь – с матери. Айтушы ақылды болса,
тыңдаушы дана
болады. Better be envied than
pitied.
3 Плохо воспитанный
человек не стоит
хорошо ухоженного
дерева Үлкенді бастар – кіші
қостар. Fair without, foul (false)
within.
4 Старшее поколение
начинает, младшее –
продолжает. Үлкенді сен сыйласаң,
кіші сені сыйлайды. He is not fit to command
others than cannot
command himself.
5 Дочка, тебе говорю,
сноха, и ты слушай Баланың жақсысы –
сүйініш, жаманы –
күйініш. Actions speak louder
than words.
6 Не учи безделью, а
Учи рукоделью. Қар қылаумен өседі,
бала сылаумен. A good name is lost than
won
Тема 3. Семья, родня. Туыс.
№ Пословицы на русском языке Пословицы на казахском языке Пословицы на английском языке
1 Старший брат – опора,
младший брат - подмога Ағасы бардың – жағасы
бар, інісі бардың – тынысы бар Blood is thicker than water
2 Был свой, а стал
чужой. Жақсы әйел – ырыс,
жаман әйел – ұрыс. If my aunt had been
a man, she`d have
been my uncle.
3 Достаток – мать,
убожество - мачеха Жақсы әйел жарының
жақсысын асырар,
жаманын жасырар. Many a good father
has but a bad son.
4 Одному с женою –
радость, другому –
горе Ердің жақсысы елмен ойласады, әйелдің жақсысы - ермен ойласады Like mother, like
daugther.
5 Тошно жить без
милого, а с немилыми – тошнее. Ағайын бірде араз, бірде тату Like parents, like children.
Тема 4. Учение, наука. Ғылым.
№ Пословицы на русском языке Пословицы на казахском языке Пословицы на английском языке
1 Кто хочет много знать, тому надо мало спать. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір The more you live, the more you see, the more you see, the more you know
2 Корень учения горек, да плод его сладок Білек бірді жығады, білім мыңды жығады. He knows most who speaks least
3 От умного научишься, от глупого разучишься Білім – арзан, білу – қымбат. An hour in the morning is worth two in the evening
4 Побольше грамотных, поменьше дураков. Білген адам тауып айтады, білмеген адам қауып айтады Better untaught than ill-taught.
5 Для ученого мир светел, для неуча мир темен. Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет If you run after two hares, you will catch neither
6 Знания в юности – это мудрость в старости Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер, жалыммен жақын болсаң – басың кетер Soon learnt, soon forgotten
Тема 5. Язык, речь. Тіл.
№ Пословицы на русском языке Пословицы на казахском языке Пословицы на английском языке
1 Петь хорошо вместе, говорить - порознь Аз сөз алтын, көп сөз - күміс First think, then speak
2 Поменьше говори, побольше услышишь Айтуға оңай, істеуге қиын A good words is as soon said as an ill a bad one
3 Умей вовремя сказать, вовремя смолчать Ақылды кісінің белгісі – аз сөйлеп, көп тыңдайды Saying is one thing and doing another
4 Огонь тело греет, а доброе слово - душу Әуелгі сөз рас болса, соңғы сөзінің өтуіне жақсы Swift to hear, slow to speak
5 Глупое слово слезы вызывает, умное утешает. Бал тамған тілден, у да тамар. Whom we love best, to them we can say less.
Тема 6. Родина и чужбина. Отан
№ Пословицы на русском языке Пословицы на казахском языке Пословицы на английском языке
1 За морем веселье, да чужое, а у нас и горе, да свое. Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы A cock is valiant on his own dunghill.
2 На чужой сторонушке рад своей воронушке Жаман сөз жылатады, жақсы сөз жұбатады. Every bullet has its billet.
3 В гостях хорошо, а дома лучше. Ең жұмсақ та – тіл, ең қатты да тіл. East or West, home is best
4 Где – то говорят, золото валяется, а пойдешь – меди не найдешь Ең тәтті де – тіл, ең ащы да тіл. (Варианты отсутствуют)
5 Если не нашел счастья дома, не обретешь и на чужбине. Жаман сөз – жанға кірген тікен, жақсы сөз – таптырмайтын ем. There`s no place like home.
Тема 7. Еда. Тамақ.
№ Пословицы на русском языке Пословицы на казахском языке Пословицы на английском языке
1 Коня погоняй не кнутом, а овсом. Жейтін ауызды жемес ауыз байламайды You can`t eat your cake and have it
2 Сытый крепко спит, а от голодного сон бежит. Тоқ адамды ұйқы басады, аш адамнан ұйқы қашады. Eat to please yourself, but wear such a dress as to please others
3 Свои ценят по уму, чужие – по угощению. Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын. After dinner sit (sleep) a while, after supper walk a mile.
4 Конину поешь – в зубах остается, не поешь – во сне приснится. Қонаққа «кел» демек бар, «кет» демек жоқ. Eat at pleasure, drink with measure.
Тема 8. Правда и ложь. Шындық пен жалған.
№ Пословицы на русском языке Пословицы на казахском языке Пословицы на английском языке
1 В присутствии правды ложь с оглядкой ходит. Шын – бір сөз, өтірік – мың сөз. Truth is stranger than fiction
2 Лучше горькая правда, чем сладкая ложь. Ащы сұраққа тұщы жауап күтпес. A honey tongue, a heart of gall
3 Не понимающий своей неправоты, не поймет чужую правоту. Арамды құдай табады, момынды қайыр табады. Many a true word is spoken in jest.
4 Ложь – перекати-поле, а правду никаким ветром не сдуть. Адамды алдау – арыңның алдында қылмыс, ағаны алдау – анаңның алдында қылмыс. Lie and profit lie not in one sack.
Тема 9. Ум и глупость. Ақыл мен ақымақтық.
№ Пословицы на русском языке Пословицы на казахском языке Пословицы на английском языке
1 Умному намека достаточно, дураку и палки мало Ақылды жылдығын ойлайды, ақылсыз – күндігін ойлайды To know everything is to know nothing
2 К умному человеку пыль не пристает, к дурню ни одна душа не подойдет. Көп ақымақтың ағасы болғанша, бір ақылдының інісі бол. Two heads are better than one
3 Чем рост с верблюда, лучше с пуговку у ума Мың рет естігеннен, бір рет көрген артық. He that nothing asks, nothing learns
4 Умного раз приласкаешь – век благодарит, дурню раз приласкаешь – из дома не выйдет. Айла – алтау, ақыл – жетеу. He than never climbed, never fell
Тема 10. Жизнь, смерть. Өмір мен өлім.
№ Пословицы на русском языке Пословицы на казахском языке Пословицы на английском языке
1 Жить плохо, да и умереть не сладко. Өлім жайлы көп айтса, тірінің берекесі кетеді Better a glorious death than a shameful life
2 Кто родится – кричит, кто умирает – молчит. Өлім байдың малын шашады, жоқтың артын ашады He who pleased everybody died before he was born
3 Жил долго, а умер скоро. Көп жасап күміс болғанша, аз жасап алтын бол Art is long, life is short
4 Лучше умереть стоя, чем жить на коленях Ажал ақымақ үшін алтау, ақылды үшін - біреу Better die standing than live kneeling
Тема 11. Дружба, товарищество. Достық мен жолдастық.
№ Пословицы на русском языке Пословицы на казахском языке Пословицы на английском языке
1 Друга хвалить, что себя похвалить. Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар. A friend in need is a friend indeed
2 Гордись настоящим другом, остерегайся стать другом врага Жолдасың жақсы болса – жолың ұзын деме, жолдасың жаман болса – қолың ұзын деме A friend to everybody Is a friend to nobody
3 Чем плохой друг, лучше достойный враг Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жасқы A friend is easier lost than found
4 Врага остерегайся один раз, плохого друга – тысячу раз. Досың жақсы болса, сен де жақсы боласың. Choose your friends as your books, few but choice
Тема 12. Труд, лень. Еңбек пен еріншектік.
№ Пословицы на русском языке Пословицы на казахском языке Пословицы на английском языке
1 Без тяжелого легкого нет, без труда – жизни нет. Оңай табылған олжа оңай кетеді A bad beginning makes a bad ending
2 Плача будешь арык рыть, смеясь будешь воду пить Еңбек даңқ әкелер, жалғаулық жолдан тайдырар As you sow, you shall mow
3 Колодец роет один человек, воду из него пьют тысячи Ащы еңбектен тәтті нан Doing is better than saying
4 Труд прославляет, лень с пути сбивает Еңбекшінің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті Doing nothing is doing ill
Важным обучающим и мотивационным фактором является работа с пословицами и поговорками, которая может проводиться как в классе, так и использоваться в виде различных заданий во внеаудиторной работе, на конкурсах, викторинах. Использование пословиц и поговорок на уроках английского языка спо-собствует лучшему овладению этим предметом, расширяя знания о языке и особенностях его функционирования. Приобщение к культуре страны изучаемого языка через элементы фольклора дает учащимся ощущение сопричастности к другому народу.
Библиография.
1.Даль В.И. Пословицы русского народа. М.,Русскаякнига. 1993.
2.Дубровин М.И. Английские и русские пословицы и поговорки в иллюстрациях. М., Просвещение. 1995.
3.Жуков В.П. Словарь русских пословиц и поговорок. М., Советская энциклопедия. 1966.
4.Кузьмин С.С., Шадрин Н.Л. Русско-английский словарь пословиц и поговорок. М., Русский язык. 1989.
5.Кунин А.В. Англо-русский фразеологический словарь. М., Просвещение. 1984.
6.Мезеника М.В. Поговорим о поговорках. // Иностранные языки в школе. 1993 №2 с. 51-52.
7.Палей О.И. Работа с пословицами и поговорками на уроке английского языка в IX классе. // Иностранные языки в школе. 2000 №1 с. 40-42.
8.Померанцева Т.А. Использование поговорок и скороговорок на уроке немецкого языка // Иностранные языки в школе. 2001 № 2 с. 50-52.
9.Рейдаут Р., Уиттинг К. Толковый словарь английских пословиц. СПб., Лань. 1997.
10. Рыбникова М.А. Русские пословицы и поговорки. М., Издательство Академия Наук СССР. 1961.
11. Стефанович Т.А., Швыдкая Л.И. и др. Английский язык в пословицах и поговорках. Сборникупражненийдляучащихся 8-10 классовсреднейшколы. М. Просвещение. 1980.