Мерекелік ерте?гілік Т?уелсіздік ?Р Еркіндік к?ні


Тақырыбы:
Мақсаты:Балалардың өз еліне,туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру,халқымыздың салт-дәстүрін бойына сіңіріп,қызығушылығын арттырып,балаларды ұлттық азаматтық сезімге баулу,Отанын сүюге,ана сүтімен сіңген ана тілін қадірлеуге,құрметтеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:Құрметті мұғалімдер,тәрбиешілер,ата-аналар,балалар!Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп,өркениетті ел болды.Аспанымыз ашық,еліміз аман болсын.
Елім менің,тәуелсіз жерім менің,
Күннен алған шуақты өмір демін.
Рухым ұлттық өсіпті,өлместей боп,
Көк байрағың төбемнен көрінген күн.
Бүгінгі салтанатты мерекемізді еліміздің ән ұранынан бастайық. (Гимн)
Айша:
Қазақстан-жеңісті дана күндер,
Қазақстан-толқынды лала гүлдер.
Қазақстан әлемді елеңдетіп,
Байқоңырдан зулаған корабльдер.
Ботагөз:
Абай туған,Сәкен туған,
Құрметте досым,қазақтың жерін.
Қамбаға жылда миллиард құйған,
Қазақстан Республикам менің.
Нұрбек:
Аялап ару ананы,
Өсірген еркін баланы.
Бесігім болып тербеткен,
Отаным Қазақстаным.
Ұлболсын:
Аялайды ел мұны,
Өмірінде ендігі.
Ертеңіміз ол біздің,
Еркіндіктің әр күні.
Жүргізуші: 1986жылы 17-желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,шеруге шықты.Олар «Қазақ елінің өз көсемі сайлансын!- деген тілек білдірді.
Желтоқсан-заман,толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәті үміт пен күдік,наланың.
Желтоқсан-Қайрат,Ләззат пенен Сабира
Құрбаны болған жаланың!
Азиза:
Жас арудың жанарында-Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында-Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның
Қара тұман қабағында-Желтоқсан.
Айшагүл:
Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да-Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да-Желтоқсан.
Аймира:
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Жүргізуші:Түн.Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі.Бірақ бұл түн өзгеше түн еді.Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып,өлімші халге жеткізді.Осындай қатыгездікті көрген,оларға арашаға түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді.
Көрініс.
Милиционер-Нұрәділ,Ринат,Әлімжан.
Қайрат- Нұрберген.
Тергеуші- Ясин
Милиционер:Ұстаңдар бұзақыны!Әкетіңдер,жауып тастаңдар! (тергеуші келеді)
(екі милиционер Қайратты әкеледі)
Тергеуші:Қайраттан жауап алады.
-Савицкиді өлтірген сен бе?
-Жоқ,мен емес.
-Сен өлтірген!Мойныңа ал!
-Мен өлтірген жоқпын.Өтірік жала жаппаңдар!
(Қайратты ұрып-соға бастайды)
Тергеуші:Алып кетіңдер.Бәрібір құтылмайсың. Бұзақы!
Қайрат:
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты-құрбандық»,
Атам десең атыңдар.
Милиционер:Алып кетіңдер.Бәрібір құтылмайсың.Бұзақы!
Қайрат: Шыңғырдым да шындықты айтып жаңғырдым,
Кете бардым жетегінде тағдырдың.
Бірге өткізген студенттік шақтар-ай!
Хош,аман бол,
Оралам ба,жан құрбым!
Жүргізуші:1988 жылы 13-мамырда Семей түрмесіне әкелінген ҚайратРысқұлбеков 21-мамырда таңда өмірімен қоштасады.
Бекзат: Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік мақталады.
Жүргізуші:Тәуелсіздік деген-әр халықтың,әр мемлекеттің ең зор бақыты мен асыл арманы.Бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына тәуелсіз Мемлекет.Біздің өзіміздің рәміздеріміз бар.
Дінмұхамед:
Биік болсын шоқтығың,
Атымды айтам ән қылып.
Желбірейді көк туың
Төбемізде мәңгілік.
Әлімжан:
Көк байрағы бабамның,
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі әке,баланың,
Қазақстан жалауы.
Женя:
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған...
Билігім-өз қөолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.
Сымбат:
Аман бол,жаңа ғасыр-жарқын заман.
Інжу:
Таңғажайып атың да
Дәл табылды,
Табылды да талай жұртқа танылды.
Қазақ елі көкке жетті көк туың,
Сен Тәуелсіз Мемлекетсің кәдімгі.
Тәуелсіздік мерекесін қызықты және көңілді өткізу үшін бізге қонақтар да асығып келеді.Алдымен қонақтарды қарсы алайық. «Жеті алып» ертегісінен Желаяқ келе жатыр.
Желаяқ: (Дарын) Аяғым жүгіргісі келіп,тыным таппайды.Бір жерде тұра алмаған соң,аяғыма қазандай тас байлап едім,соған қарамастан араларыңа жылдам жеттім.
Жүргізуші:Желаяқ жүгіре,жүгіре шаршаған боларсыз,отырыңыз,төрлетіңіз.Көрмейсіз бе, біздің балалардың жүздері жарқын,неге десеңіз бүгін біз Тәуелсіздік мерекесін тойлауда- мыз.Ұлттық ойындарды еске алып, «Тақия тастамақ»ойынын ойнайық. Аяғыңыздағы тасыңызды шешіңіз.
Ойын: «Тақия тастамақ»
Желаяқ:Ой-ой! Тастарымды бекер шештім,аяқтарым бір жерге тұрмайды,жүгіре береді. (жүгіріп шығып кетеді)
Жүргізуші:Мерекемізге тағы бір қонақ келе жатыр.Қарсы алайық.(жәй музыкамен қарны қампиып Көлтаусар келеді.Ол ұртына су толтырып алған)
Балалар қараңдаршы!?
Қарнынан басқа мүше байқалмаған,
Өзінің омыртқасы қайқаңдаған.
Жалпақ бас,жайын ауыз,көнтек ерін,
Сөзінде түсіндіріп айта алмаған.
-Бұл Көлтаусар деген ағаларымыз.Қарнын қараңдаршы,іші толған су.
-Сіз қайдан келе жатырсыз?
Көлтаусар: (Абылай) Қолын сілтейді.
Жүргізуші:Таудың арғы жағынан ба?
Көлтаусар:басын изейді.
Жүргізуші:Неше көлдің суын тауыстыңыз?
Көлтаусар:Иығын көтереді.
Жүргізуші:Саны жоқ десеңізші.Қолыңыздағы не? Балық па?
Көлтаусар: басын изейді.
Жүргізуші:Балалар,Көлтаусар көлдің суын тауысып,балықтарын бізге алып келіпті.Біз осы балықтармен ойын ойнайық.
Ойын: «Бір көлден екінші көлге балықты қармақпен ұстап,басқа көлге тасу»
(4 обруч,балықтар,екі қармақ,Көлтаусар аузындағы суын шашады)
Жүргізуші:Көлтаусар суыңызды төге бермеңіз.Қонақ болыңыз,балалардың өнерін тамашалаңыз.
Би: « »
Өте жақсы,балалар,біздің мерекемізге тағыда бір қонақ келді.
Келе жатса тау біткен бүлкілдейді,
Төбесі түндіктердің желпілдейді.
Тауларды соғыстырған Таусоғарды,
Көруге көп халайық елпілдейді.
Таусоғар: Ержан (Иығына тау мен сандық көтеріп әкеледі)
Уф,жеттік-ау,мұнда не болып жатыр?
Жүргізуші:Той болып жатыр,дәл келдіңіз,еліміздің егемендік алған қуанышты тойы.
Таусоғар:Бұларың дұрыс екен.Тойларыңыз тойға ұлассын!
Жүргізуші:Таусоғар,тауды-тауға соғамын деп шаршап қалған сияқтысыз ғой.Деміңізді басып,балалардың күшін тамашалаңыз.олар да сіз сияқты күшті болғысы келеді.
Ойын: «Арқан тартыс»
Жүргізуші:Таусоғар,сандығыңызда не бар?
Таусоғар:Сандықта алмалар бар.Мен балаларға базарлық әкелдім.
Ән: « »
Жүргізуші:Балалар,бізге тағы да бір қонақ келе жатыр.Алтын адамды қарсы алайық.
(Бекзат)Алтын адам:
Байтақ далам-туған жердің,
Қымбат маған әр тасы.
Өзен көлі,самал желі
Асқар тауы-баршасы.
Жүргізуші:Балалар,осымен біздің тәуелсіздік күніне арналған мерекеміз аяқталды.
Айша: Қазақстан-жеңісті дана күндер,
Қазақстан-толқынды лала гүлдер.
Қазақстан әлемді елеңдетіп,
Байқоңырдан зулаған корабльдер.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ботагөз: Абай туған,Сәкен туған,
Құрметте досым,қазақтың жерін.
Қамбаға жылда миллиард құйған,
Қазақстан Республикам менің.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Нұрбек: Аялап ару ананы,
Өсірген еркін баланы.
Бесігім болып тербеткен,
Отаным Қазақстаным.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ұлболсын: Аялайды ел мұны,
Өмірінде ендігі.
Ертеңіміз ол біздің,
Еркіндіктің әр күні.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Азиза: Жас арудың жанарында-Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында-Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның
Қара тұман қабағында-Желтоқсан.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Айшагүл: Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да-Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да-Желтоқсан.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Аймира: Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Милиционер:Ұстаңдар бұзақыны!Әкетіңдер,жауып тастаңдар!
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Тергеуші:(Ясин)
-Савицкиді өлтірген сен бе?
-Сен өлтірген!Мойныңа ал!
Алып кетіңдер.Бәрібір құтылмайсың. Бұзақы!

Қайрат:(Нұрберген) 1.Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты-құрбандық»,
Атам десең атыңдар.
2. Шыңғырдым да шындықты айтып жаңғырдым,
Кете бардым жетегінде тағдырдың.
Бірге өткізген студенттік шақтар-ай!
Хош,аман бол,
Оралам ба,жан құрбым!
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Бекзат: Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік мақталады
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Дінмұхамед:
Биік болсын шоқтығың,
Атымды айтам ән қылып.
Желбірейді көк туың
Төбемізде мәңгілік.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Әлімжан: Көк байрағы бабамның,
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі әке,баланың,
Қазақстан жалауы.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Женя: Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған...
Билігім-өз қөолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Сымбат: Аман бол,жаңа ғасыр-жарқын заман.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Інжу: Таңғажайып атың да
Дәл табылды,
Табылды да талай жұртқа танылды.
Қазақ елі көкке жетті көк туың,
Сен Тәуелсіз Мемлекетсің кәдімгі.
Желаяқ: (Дарын) 1.Аяғым жүгіргісі келіп,тыным таппайды.Бір жерде тұра алмаған соң,аяғыма қазандай тас байлап едім,соған қарамастан араларыңа жылдам жеттім.
2. Ой-ой! Тастарымды бекер шештім,аяқтарым бір жерге тұрмайды,жүгіре береді. (жүгіріп шығып кетеді)
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Таусоғар: Ержан
1.Уф,жеттік-ау,мұнда не болып жатыр?
2:Бұларың дұрыс екен.Тойларыңыз тойға ұлассын!
.3.Сандықта алмалар бар.Мен балаларға базарлық әкелдім.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
(М.Бекзат)Алтын адам:
Байтақ далам-туған жердің,
Қымбат маған әр тасы.
Өзен көлі,самал желі
Асқар тауы-баршасы.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------