Жаса м??гі, ана тілім мектепалды даярлы?


6-сабақ Тексерілді:
Күні:
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Оқу іс-әрекеті: Музыка
Тақырыбы: Жаса мәңгі,ана тілім.
Мақсаты: Музыканың екпінін,ырғағын түсіне білуге жаттықтыру.Ана тіліне деген мақтаныш,құрмет сезімдерін қалыптастыру.Әнді орындау кезінде дауысты дыбыстарды ашық,дұрыс айтуға үйрету.
Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру Ана тілі туралы өлең-тақпақ айту.
Ана тілін білмесең,
Қадірлісің кімге сен?
Ана тілі арқылы
Тарихыммен тілдесем. Балалар тақпақты жатқа айтады.
Ұйымдастыру
1.-«Ана тілі» дегенді қалай түсінесіңдер ?
-Кім біледі,біздің ұлттық тіліміз қандай тіл?
-Ана тілі-біздің бабамыздан қалған тіл.
-Ана тілі-анамыздың әлдиімен құлағымызға сіңген тіл.
Ана тілін білмесең,
Қадірлісің кімге сен?
Өз тіліңде ер жетіп,
Қол соғасың Күнге сен.
Өлеңге қысқаша талдау жасау.
2.Ән тыңдау «Ана тілін сүйемін».
-Ән қандай?
-Музыканың әуені сендерге ұнады ма?
-Сен өз еліңнің нағыз азаматы болу үшін, ана тіліңде таза сөйлеуің қажет.
3.Әуенді қимыл-қозғалыс. Көңілді, қуанышты
Ұнады.
Қорытындылау Ана тілі туралы ұғымдарын бекіту.
Іс-әрекет кезеңіне қысқаша тоқталып, қорытынды жасау.
Балаларды мадақтау, марапаттау.
Күтілетін нәтиже: Музыканың екпінін, ырғағын түсіне білу.
Білу керек: Ана тіліне деген мақтаныш, құрметтей білу.