Д?ниетану Ауаны? жер бетіне таралуы
Десант сабақ
Тақырыбы: Ауаның жер бетіне таралуы
(3-сынып)
Өткізген: Қадір Гүлсім
Тақырыбы: Ауаның жер бетіне таралуы
Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға адам өміріндегі ауаның маңызын түсіндіру. Ауаның қасиеті туралы оқушылардың көзқарасын кеңейту, ой-өрісін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: ойлау, сөйлеу,топпен жұмыс істей білу қабілеттерін арттыру. Тәрбиелігі: Қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосуға баулу. Сабақтың түрі:Жарыс сабақ Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Көрнекілігі: Қазақстанның картасы, суреттер, кесте, қолба, спиртті май шам,стақан, торырақ, шар, интерактивтік тақта. Сабақтың барысы: 1Ұйымдастыру кезеңі - Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру
Үйге қандай тапсырма берді -географиялық карта мәтінін оқып, мазмұнын біліп келу. .картаның қандай түрлерін білесіңдер.
Географиялық карта: 1)Табиғат зонасы 2) пайдалы қазбалар 3)физикалық 4) климаттық 5) саяси әкімшілік
2Қызығушылығын ояту. А)Кім жылдам? Глобус дегеніміз не? (жер бетінің кішірейтілген нұсқасы) Геограиялық карта дегеніміз не?( жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген бейнесі). – Өзен,көл, жер,бедері бейнеленген картаны қандай карта деп атаймыз?(физикалық карта) -Мемлекеттер мен олардың бөліктері көрсктілген карта (саяси әкімшілік карта) -Жер бедері қандай бояумен кескінделеді? (түрлі-түсті ) -Көгілдір түс картада нені білдіреді? (көл және теңіздер) - Жазықтар қандай түспен белгіленеді?(жасыл) Масштаб дегеніміз не?(белгілі бір заттың нысанның өлшемін кішірейтіп бейнелегенде қолдпнылатын сан) -Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр? (Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан,Түрікменстан)
-Мына шартты белгі нені білдіреді? `(мұнай) -Тас көмір қандай шартты белгемен белгіленеді? (қара төртбұрышты белгімен) -Табиғи газ қандай белгімен белгіленеді? ( ) - Маңғыстау түбегі қандай пайдалы қазбаларға бай?(мұнай)
-Картада таулар 0андай түспен белгіленген?(қоңыр) -Сарғыш түс картада нені бейнелейді ? -Қазақстан картасынан өз облысыңды тап. Қазақстан қандай пайдалы қазбаларға бай? (мұнай, газ, тас көмір) ә) Топпен жұмыс Әр топқа әртүрлі карта таратылып беріледі. Жалпы сұрақ: Бұл қандай карта? Не үшін қолданылады? 1-топ. Саяси әкімшілік карта. 2-топ. Физикалық карта. 3- топ. Қазақстанның пайдалы қазбалары туралы картасы.
3 Жаңа сабақ
1 Ой қозғау . « Дем алма» ойыны -Қанекей балалар дем алма ойынын ойнап көрейік. 1,2,3 қане, дем алмаймыз. –Ойында ешкі дем алмай отыра алмады. Барлығымыз да бірнеше секунттан кейін дем алып қойдық.Неліктен? -Ауа жетпей қалды. –Адам өміріне ең қажетті не екен? -Ауа - Олай болса, бүгінгі сабағымыз да ауа жайында болмақ. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ауаның жер бетіне таралуы»
2 Топпен жұмыс -Оқушылар біз ауа жайында не білеміз? Қанеки, алдымыздағы сызба ауа туралы не білетінімізді жазайық.
Ауа
ТҮССІЗ МӨЛДІР
КӨЗГЕ КӨРІНБЕЙТІН ИІССІЗ
ҚОЛҒА ҰСТАЛМАЙДЫ ПІШІНСІЗ
3 Оқулықпе жұмыс - Оқушылар біз ауа туралы не білетінімізді сызбағажазып шықтық. Ендеше оқудықта ауа туралы не жазғандарыңды оқып көрейік.
4 Сергіту минуты
Жер шары – ұлы әлем Қоршағанын білеміз Ауадан тыныс ап Өседі ырыз-бақ Денсаулық дауада, Демге күш ауада. 5 CАРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС 1-ТОП : Стақанға су құйып, оған 1 түйір топырақ тастаңдар. Не байқадыңдар? Су бетіне шыққан көпіршіктер нені дәлелдейді. 2-ТОП Стақанға су құйып , қозғамай қойып қойыңдар. Не байқадыңдар.Тәжірибелерден не байқауға болады? 3-ТОП Қолбаның түтігіне шарды кигізіп, ауа шықпайтындай етіп байлап тастаңдар. Енді қолбаны жайлап қыздырыңдар. Нені байқадыңдар? Енді қолбаны үстел үстіене қойып салқындатыңдар. Нені байқадыңдар. Тәжірибеден қандай қорытынды жасауға болады?
6. Шығармашылық жұмыс. 1-Топ. Ауа туралы мақал мәтелдер жазу. 2-топ. Кестемен жұмыс.
Ауаны ластайтындар Ауаны тазартатындар
3- топ. Суретпен жұмыс Суреттерден ауаны ғарышта, биік тауда, теңіз түбінде де қажеттілігін анықтау
4-Жаңа сабақты қорытындылау. «Шар үрлеу» ойыны Әр топқа шарлар беріледі. Оқушылар шарды үрлеу арқылы шардың сыртына жазылған сұйықтарға жауап береді. Шардағы сұйықтар: 1- ауаның қасиеті қандай? 2-ауаны ластайтын нелер? 3- ауаны немен тазартамыз? 4-Жер бетіндегі тіршілік үшіе ауаның қандай маңызы бар? 5- ауаның көлемі қандай жағдайға байланысты өзхгеріп тұрады? 6-Ауа туралы мақал-мәтелдер айт.
5. Оқушыларды бағалау, мадақтау.
1- Ұяшықтарға салынған ұпай санын санау. 2-Жеңімпаз топты анықтау. 3- Марапаттау. 4- Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқып, түсініктерін әңгімелеп беру.