Білім саласы: «?леуметтік орта» Б?лімі: «К?ркем ?дебиет» Та?ырыбы: «Отан»


Технологиялық карта
Білім саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Отан»
Мақсаты: Балаларды Отанын сүйе білуге тәрбиелеу, туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту, рәміздер жайлы түсінік беру.
Билингвалдық компоненті: Отан - Родина
Әдіс-тәсіл:түсінік беру, сұрақ - жауап, корсету, ойындар, мадақтау
Көрнекілігі: рәміздер
Тәсілдер кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Қалдарың қалай?
-Көңіл-күйлерің қалай?
Қазақстан – туымен тұғырлы.Елтаңбасымен еңселіӘнұранымен айбатты.Әнұран орындалады
Балалар апайларымен амандасып, қалдарының, көңіл-күйлерінің жақсы екенін айтып бөліседі
Ұйымдастырушы - ізденуші
«Отанотбасынанбасталады»-Отандеген не?
-Оны қалай түсінесіңдер?-Отан - өз үйім, ата – анам, достарым, бауырым, тау, тас, өзен - Көл, туған жер, бәрі Отаным болады.
Бүгінгі қазақстанымыз – қашан да мақтанышымыз. Өзге елдерімен терезесі тең болып; болашаққа жол ашты.
Қазақстанның рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран
-Қазақ елінде тұратын адамдардыңОтаны – Қазақстан Республикасы.
Туғанжер – алтын таң.Кеңдалам, таулыорман.Ұл мен қызқорғаймыз,БақыттыұлыОтан.
Отан дейміз от жаққан жеріміздіОтан дейміз өсірген еліміздіОтан дейміз туған жер, атамекен.Биік тау, орман, тоғай, көлімізді
Орысша атуы:
Отан - Родина
-Балалар, шаршаған боларсыңдар, орнымыздан тұрып, бой жазу жаттығуын орындайық: Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын.
Балалар оқу іс-әрекетке қызығушылық танытып, зейін қойып, мұқияттылықпен зер салады
Тақпақтарды қызығушылықпен тыңдап, жаттап алады
Тәрбиеленушілер бой жазу жаттығуын іс-әрекетпен жасады
Рефлексивті – түзетушілік
- Міне балалар, «Қазақстан - менің Отаным» тақырыбының мәнін терең түсіне алдыңдар деп ойлаймын. Ел алдындағы, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алыңыздар, ел болашағы сіздердің қолдарыңызда.
Таңдана, қызығушылықпен тыңдайды.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, ел мұрасын жалғастырушы азамат болуды
Түсінеді: өз ортаңды сүюге бағыттауды
Қолданады: Отанды сүюге, ата заңымызды қадірлеуге, туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерді арттыру.