Абай шы?армаларына иллюстрация (6 сынып)
11-апта 2-күн -сабақ
Сыныбы6
Пәні Бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы Абай шығармаларына иллюстрация
Жалпы мақсаты Кескіндеме өнері түрлерімен танысу, жұмысқа дағдылану. Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету және логикалық-ойлау қабілеті мен ой-өрісін дамыту.
Сілтеме Бейнелеу өнері оқулығы, 6- сынып. Түрлі тапсырмалар, Акварельді бояу, Түрлі-түсті карындашОқыту нәтижелері Қарындашпен жұмыс істей білуге үйренеді.
Өз ойын еркін жеткізе біледі.
Бояумен, қағазбен жұмыс жасай біледі.
Тақырыпты меңгереді
Өз-өзін бағалауды үйренеді.
Негізгі идеяларКөру, ойлау, түсінуді дамытуға көмектеседі.
Тапсырма көздері Оқушылармен сәлемдесу, құралдарын түгендеу. Сандар арқылы топқа бөліну
1.“Сиқырлы сұрақтар” сұраққа-жауап
1. Иллюстрация дегеніміз не?
(кітап безендіруде қолданылатын көркемсурет)
2. Абай кім?
(ұлы ақын, суреткер)
3. Өлеңдерде табиғаттың қай мезгілдері суреттелген?
2.«Мәтінмен жұмыс. «Желсіз түнде жарық ай»
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың маңы терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін оқығанда жазғы тамаша табиғатты көз алдымызға елестетеміз. Бұл өлеңде Абай нені айқын өрнектеп бейнелеген? Әрине, құпия мен жұмбақ сырға толы тамаша табиғат! Оқушылар өз топтары туралы білетіндерін постер арқылы қорғайды. Тақырыпқа шолу.
3. Сергіту сәтін жасау
Бағалау Оқушылар өз-өздерін таратпалы кағаз арқылы бағалайды. Жиынтық бағасы қойылады.
Кері байланыс Білемін
Білдім
Білгім келеді
Үйге тапсырма Композиция туралы оқу, іздену