Саба?ты? та?ырыбы: Абай шы?армаларына иллюстрация.
Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларына иллюстрация.
Сабақтың мақсаты: Абайдың «Желсіз түндежарық-ай» өлеңіне иллюстрация салу.
Білімділік: Желсіз түнде жарық-ай өлеңін түсіндіру
Дамытушылық: Шығарманы тұжырымдап,композициялық жағынан дұрыс орналастыра білуге,оны елестете отырып бейнелеуге баулу
Тәрбиелік: эстетикалық талғамынын жетілдіру,әдемілікті сезе білуге,туған жерін,елін,табиғатын сүюге,салт-дәстүрлерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру,сурет салу,талдау жасау,салыстыру.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет,музыка, тарих
Көрнекілігі: Оқулық,боулар,тақырыпқа байланысты суреттер,қосымша материалдар және т.б.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасу,оқу құралдарын түгендеу.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Жаңа тақырып білім деңгейін тексеру.
Оқушыларды екі топқа бөлу. 1.Білгір. 2.Тапқыр
Топтастыру стратегиясы
Бейнелеу өнері-----------Графика,Кескіндеме,Сәулет өнері,Сәндік қолданбалы өнер,Мүсін өнері,Сәулет өнері
4.Сабақтың мақсатымен таныстыру.Балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз Абай шығармаларына иллюстация салу.Жыл мезгілдеріне оның ішінде «Желсіз түнде жарық-ай».
5.Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқушылардан Абайдың табиғатққа байланысты өлеңдерін сұрау.
Абай жылдың төрт мезгілін суреттеген.
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін тойғаны ма,тонғаны ма
Жылқы ойнап,бие қашқан,тай жарысқан
Қыс
Ақ киімді, денелі ,ақ сақалды,
Соқыр мылқау,танымас тірі жанды
Үсті басы-ақ қырау,түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп алды
6.Жаңа сабақты бекіту
7.Оқушылардың білімін бағалау
8.Үйге тапсырма беру Жұмысты аяқтау