О?у орыс тілінде ж?рілетін мектептерде ?аза? тілін о?ытуды? ?рдістеріне байланысты жа?а ба?ыт бойынша ізденістер
Оқу орыс тілінде жүрілетін мектептерде қазақ тілін оқытудың үрдістеріне байланысты жаңа бағыт бойынша ізденістер Қазіргі заманда Қазақстанның өзіне ғана тән ұлттық сипаты бар білім беру жүйесін одан әрі дамыту,білім беру сапасында әлемнің басқада алдыңғы қатарлы беделді де,белді елдерімен қатар жұмыс жасау,қазақ тілін дамытуда өзіндік үлес қосу,бүкіл әлемдік деңгейге көтеру, білім беру ісінде әлеуметтік кеңістікке шығу алдағы тұрған міндеттер.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,... оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»деп,білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру-маңызды мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш.Қаланованың, Ж.Қараевтің, Ш.Таубаеваның, Қ.Қабдықайровтың, С.Көшімбетованың ғылыми зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады.Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр.Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын құдіретті күш –білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы-бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. «Педагогика технологиялар – бұл білімнің; басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды». Бүгінгі таңда П.М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру (УДЕ) технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті – тұлғалық технологиясы В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модулбді оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. Қазақстанда Ж.А.Қараевтің, Ә.Жүнісбековтың,Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Дәстүрлі сыныптық – сабақ жүйесінің барлық элементерінің және сабақты құрастыру техноглогияларын қолданумен қатар, мұғалім келесі педагогикалық технологияларды пайдалана алады: Ойын технологиялары, проблемаларды оқыту, оқу зерттеуін ұйымдастыру технологиясы, жобалау әдісі, ақпараттық – комуникациялық технологиялар. Осылардың ішіндегі ойын технологиясы туралы айтпақшымын. Ойын - балалардың шынайы және ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менің» қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. («Мен оқушымын», «Мен және менің отбасым», «Мен жолаушымын», «Біз жолаушымыз», «Адамдардың кәсібі», «Мен кәсіпкермін», «Біз қонақтамыз») Мұндай ойын түрлерінің ерекшелігі - жоғары көңіл-күйде ойналатын рөлдер шынайы сезімге, ойға, ниетке толы болады және бала үлкендер сияқты дәрігер, эколог, жол көрсетуші болғысы келеді. Бұл ойындарда балалардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеледі. Ойын іс-әрекетінің мотивациясы еркіндікті, таңдау мүмкіндігін, қажеттілігін, өз-өзіне сенімін, өзін-өзі дамытуын қамтамасыз етеді. Сонымен, ойын арқылы келесі маңызды міндеттер : баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар мен әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі; баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммуникативті іс-әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады. Мұғалім ойын технологияларын пайдалана отырып, баланың әр қырынан көрінуіне (интеллектуалдылық, шығармашылық, эмоционалдылық, коммуникативтік) және оның мінез-құлқында, қарым-қатынасында, оқуында пайда болатын әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды. Орыс сыныптарында оқылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты – оқушыларды белгілі дәрежеде қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын бірудің сөйлеген сөзін, жазғаның түсіне алатын дәрежеге жеткізу. Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін кіріктіре отырып шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мұғалімнің міндеті. Қазіргі кезеңде әлі де болса, орта мектеп оқушыларының білімдерінде формализмнің элементтері кездесуде. Оқушыларға нақты мысал келтіре отырып, олардың алған білімдері маңызды практикалык мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру керек. Окушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен практиканы тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады, оқушылар біліміңдегі формализм элементтерін жояды. Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсеңділігінің артуына білім сапасының жоғарылауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді, жалпы айтқанда оқу процесінің деңгейін көтереді. Білім берудің құрылысын, оқушылар мұғалім койған мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушысы болуы тиіс. Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі — сабақта ойындарды қолдану. Ойын, білім алу, еңбек ету — адамның негізгі қайраткерліктері. Ойын - әрқашан кішкене білім, кішкене білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайыңдайды. Ойынды алданыш және көңіл көтеру деп ойлайтындар қателеседі. Кейбір педагогтар мен психологтардың мектеп жасындағы балалар, ойын жасынан өтіп кетті, — деуі бекер. Ойындағы оқиға-жайлар сабаққа әр қилылық нәр береді, сабақты қызық етеді, оған эмоциялық бояу береді. Мектепте балалар сабақ үстінде бір-бірімен сөйлеспейді. Балалар сөйлескен жағдайда, ол тәртіпті бүзған болып есептеледі, мұғалімнен ескерту алады. Ойын жағдайын балалар сабақ барысында бір-бірімен ақпарлармен алмасатындай, ақылдасатындай, бір-біріне дәлелдей алатындай, бір-бірін бағалайтындай етіп, ұйымдастыру керек. Ойыңдар қолданылған сабақтарда оқушылар белсенділік көрсетеді. Бұлай болу барлық ойынға тән нәрсе, оның топтық түрде өтуіне байланысты. Топтық түрде сабақтағы білім алу, традициялык білім беру «мұғалім — оқушы» өрнегін күрделендіреді. Яғни, өрнек былай күрделенеді: «мұғалім — топ — оқушы», бұдан келесі өрнек туындайды: «оқушы — оқушы». «Оқушы — оқушы» жүйесінде «топ-оқушы», «оқушы — топ» өрнектері өздігінен туындап жатады және оқушылар білмейтіндерін көрсетуге тырыспайды. Балалар бір-бірінің ойларымен пікірлерімен алмасады, дәлелдейді, қателеседі, өз ойларын ортаға салады, негіздейді, тексереді, қателерін түзейді. Ойын барысындағы пікірлер алмасу нәтижесінде, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді. Қазақ тілі сабақтарында ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұңдай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімінің болуы,, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады. Мұғалімнің ең басты мақсаты — сабақ мақсаты мен қолданылатын ойынның мақсатын ескере отырып, сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарда, оны орынды қолдана білу. Оқушылар мен мұғалімнің ойынға ынтасы болған жағдайда ғана, ойын жүруі мүмкін. Ешқандай ойынды формалды ойнауға болмайды. Әрбір дидактикалық ойынға, бір жағынан дидактикалық жаттығуларды орындау тән, мысалы: затқа немесе құбылысқа жалпы сипат беру, олардың ерекшеліктерін табу сияқты жүмыстар, оқушыларды үқсастықты, айырмашылықты,құбылыстарды табуға, байқауға баулиды. Бұл мағынадағы ойындардың үйрету қасиеті бар. Ендігі бір жағынан, дидактикалық ойындарға тән нәрсе ойнау. Оқушының назары біріншіден соған ауады, ал ойын барысында ойынның білім беру мақсатының калай орындалатындығы байқалмай қалады. Сондықтан, сабақтарда өтілетін ойындар оқушыларға жәй сабақ ретінде емес, жәй алданыш ретінде де емес, қызықты жұмыс ретінде беріледі. Ойынды жүргізу үшін сынып командаларға бөлінеді. Команда қүрамын қалаулары бойынша жасауға болар еді, дегенмен топ құрамы аралас және топтардың күштері тең болуы керек. Ойынды жүргізудегі мүғалімнің маңызды орынын атап өтейін. Педагогикалық бірлестік жүзеге асқан жағдайда жақсы нәтижеге жетуге болады. Ойынның идеясын, көбіне, мұғалім ойлап табады. Оқушылардың ойынды ойлап-құрауы өте пайдалы, өйткені қандайда да біртақырыпқа ойын ойлап табу үшін, сол тақырыпты оқушы терең білуі керек. Сондықтан, мұғалім, әсіресе осы жұмысты орындаған оқушының еңбегін бағалау тиіс. Қазіргі мұғалім әрбір сабаққа, тақырыпқа және әр сыныптың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын таңдай білуі қажет. Сонымен қатар оқушыларды өзіндік жұмыска үйрету, олардың ізденісін ұйымдастыру және кейбір материалдарды кең көлемде беріп, тәрбиелік мақсатқа жету үшін де оқыту формаларын тандай білу керек. Бір сабақтың өзінде қолданатын әдістерді кезектестіріп, оқушыларды шаршатпай, материалды қызықты жеткізе білуді де ескерген жөн. Өзара қатынасқа және сөйлесуге құрылған оқыту оқу процесінде белсенді формаларды қолдану арқылы іске асырылады. Олар:Топтық , жұптық, ұжымдық.Оқытудың бұл формалары жалпы немесе құрылымдық деп аталады.Бұдан басқа нақты немесе арнайы формалары бар:Семинар, Оқу конференциялары , Диспут, Топтық пікірталас т.б. Оқу процесін жандандыру құралдарының ішінде ойын, ойын арқылы оқыту ерекше орыналады. Қазіргі уақытта педагогикада оқыту мен ойынды топтастыруға қадам жасалынуда, Тіпті бұл жерде еңбек негізінде оларды қосу туралы болып отыр. С.Ф.Занько,Ю.С.Тюнникова және С.М. Тюнниковалардың пікірінше,оқу және дидактикалық ойындардың айырмашылығы мынада оқу ойындары формасы бойынша ойын, мазмұны бойынша-оқу,ал дидактикалық ойын мектептегі оқуды ұйымдастырудың қалыптасқан түрін тек толықтыру. Оқу ойыны-бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру. Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып,неғұрлым аз шаршайды,оқу қызметінен жағымды эмоциялар алады. Дидактикалық ойындар-оқытудың маңызды құралы. Дидактикалық ойындар-оқыту мақсатын жүзеге асыруға арнайы арналған ойындар. Дидактикалық ойындар байқампаздық, елестету, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, сенсорлық бағдарын дамытады. Оның мақсаты: Жаңаша білім беру мазмұнына көшу, нақты іс-әрекет жүргізу, ізденушілікпен жұмыс істейтін оқушы тәрбиелеу. Міндеттері: Оқушының қызығушылығын арттыру, Іскерлік ойындар ұйымдастыру, Теория мен практиканы ұштастыру. Бұл жерде мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушыларды бақылайды, бақылау нәтижелерін өңдейді, алған нәтижелерді хабарлайды. Оқушының іс-әрекеті: Оқуға оң көз-қарас,жаңаны танып білу,икемділік пен дағдыларын игеру, өз жетістіктерін өздері бақылау.Іскерлік ойындар:симпозиум,аквариум,ұжымдық әрекет.Іскер ойындарының құрылымы: Талдауға проблема беру, Оқушыларды топқа бөлу ,проблеманы талдау, сынып алдында шешімін айту.Қазақ тілін оқутуда ойын түрлерін мынадай мақсатарда қолдану тиімді:1. Алфавитті дұрыс меңгерту2. Орфографияны дұрыс оқыту3. Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру4. Грамматикалық құрылымды меңгеру5. Оқушының ойын дамыту,дұрыс жазу,айту Қазақ тілі сабағында оқытудың жаңа технологиялары ,интерактивті әдістер жиі қолданылады. Басқа ұлт өкілдерін оқытуда даралай және деңгейлеп оқыту әдістерін қолдану керек. Инновациялық әдіс тәсілдерді ретімен ендіру арқылы оқытушы оқушының қызығуын, белсенділігін арттыру арқылы сабақтың сапасы көтеріледі. 1-11-сыныптарда оқушыларды қазақша сөйлеуге үйретуде ойын элементтерінің үлкен әсері бар.Сабақ үстінде оқушы ойынды ойнай отырып,тілдік материалды меңгеру мақсатында сөздерді (аудармаларымен) жаттайды. Сюжетті суреттер арқылы сөйлемдер құрастыру, Сергіту ойындары,жаңылтпаш, жұмбақ, Алфавиттік жұмбақтар метаграмма, анаграмма кроссворд ойындары ұйымдастырылады.“Жәрменке” ойыны Ойының мақсаты: ”Күз” тақырыбы пысықтау, ойыншыларды өз бетімен еңбектенуге дағдылдандыру. Ойының шарты: Қазақ даласында жәрмеңкенің атақты сал,сері,әнші,күйші,палуандар өнері, ақындар айтысымен өтетін “Қоянды” жәрмеңкесі туралы әңгімелегенде айтамыз.Жәрменке той, мереке сияқты болды. Біз де, балалар, бүгін жәрменкеде өз өнеріңмзді көрсетейік.Жәрмеңкеде әр түрлі жеміс-жидектер, көкөністер сатылады. Бұларды сатып алу үшін тақтадағы тапсырманы орындауыңыз керек.1. Айжан жәрмеңкеге келді.2. Жәрмеңкеде_______,________,сатылады.3. Айжанға_______,_______және________керек.4. Айжан екі килограмм_________және_____бір килограмм сатыпалды.5. Ол жәрмеңкеде Айнашты кездестірді.6. Айнаш екі килограмм______ сатып алды,т.б.“Кім жылдам ойнайды?” ойыны Ойынның мақсаты:Үй жануарлары мен үй құстары, жабайы аңдар мен құстардың атын дұрыс айта білуге және есте қалдыруға үйрету.Ойынға керекті заттар:жануарлар мен құстардың суреті.Ойынның шартты:Ненің даусы? Не қалай дыбыстайды ? деген сұрақтарға жауап беруге жаттықтыру.Нелер? Тауықтар, қаздар, қойлар, лақтар.Үй жануарлары қалай дыбыстайды?(Үй жануарлары қайтеді?).- Қой маңырайды.- Сиыр мөңірейді,т.б.Не калай дыбыстайды?деген сұрақты оқушыларға қайта қойған кезде, олар дыбыстап көрсетеді,бұл ненің даусы екенін хормен айтады.Әрқайсысының өз төлін табуына көмектес. Рөлдік ойындар-тіл дамыту құралы.Бұл-тілді үйрену процесіндегі ең белсенді әдістемелік тәсілдерінің бірі.Оны тиімді қолдана білген ұстаз оқушыларға білім мен тәрбие беруде табысқа жетеді,сол арқылы шәкірттерінің бойында ойын өзгеге өз бетінше жеткізу қабілеті мен дағдысын қалыптастыруға, монолог түріндегі ойын дамытуға, диалогтық қарым- қатынас негізіндегі сөйлеу тілін бағыттауға ықпал етеді.Рольдік ойын оқыту мақсатында қолданылатын,сөзге араласу жағдайын ұйымдастыратын құрал десекте болады.Оның негізінде өзара рольдегі және ойындық көріністерді бөліп алып,соған сәйкес оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы ұйымдастырылған әңгімесі жатады. Әдебиеттер1. Білім туралы. Қазақстан Республикасының заңы. Алматы. Литература,1999,96-б.2. Қазақстан мектебі. № 11, 20043. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» (Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы) Алматы. «Білім баспасы», 1998, 96 бет.4. М.М. Жанпейісова. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 20025. Қ.Ақпаева.Оқу орыс тілінде жүретінде мектептерде қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері.Алматы, Рауан, 19976. 12 - жылдық білім, №2 20077. Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар. Алматы, Атамұра, 2001