Та?ырыбы:Негізгі ж?не туынды сын есім(3 сынып)
12.04.16ж.Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есімМақсаты: а) Сын есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін тереңдету.
ә) Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілетін сөздің қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау,
б)Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі: саяхат сабақ
Әдістері: Сөздік, көрнекілік, пысықтауКөрнекілігі: Сызба, топшамалар, оқулық.Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Армысың, асыл күн,! Армысың, асыл құрбым!
Міне, менің қолым, Жылуыма жылу қос.
Бүгінгі алған бағаң Кілең бестік болсын!
II. Өткен сабақты еске түсіру.
1.Сын есімнің түрлерін ата.
2.Негізгі сын есімді тап.
3.Туынды сын есім деген не? .
Оқушылар топқа бөлініп отырады, әр топтың ортасына бір зат қойылады. Сол затқа қарап сипаттама беру тапсырылады.
Көркем жазу.
III. Негізгі және туынды сын есім .
"Білім еліне " саяхат.
Сын есім негізгі және туынды болып бөлінеді.
Түбір сөзден болған сын есімді негізгі сын есім дейміз. таза, үлкен, қызыл.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.
Таудай, өнерлі, сезгіш. Оқулықпен жұмыс.
"Мектеп " аялдамасы:
42 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.Қарамен жазылған сөздердің түбірін тап.
"Білгірлер" 43-жаттығу. Суреттегі иттерді сипаттап,салыстыр.Ауызша орындау.
"Тапқырлар" 44-жаттығу.Берілген сөздерді негізгі және туынды сын есімдерге ажыратып, екі бағанға бөліп жаз.
Негізгі: Туынды:
қызғылт көргіш,аязды,тарлау, үлкендеу, кішірек, дәмді, тапқыш.
"Мергендер"45-жаттығу. Берілген жұрнақтарды жалғап айтуға болатын сын есімдер тап. Оларды қатыстырып сөйлемдер құра.
Үлкендеу, кішілеу, көкшіл, кеңірек, бойшаңырақ.
46-жаттығу. Өз бетімен орындау.
"Шешендер "47-жаттығу.Ребусты шеш. Сөйлем құрастырып жаз.
.
IY. Сергіту .Ойын: "Кім шапшаң?" «Кім шапшаң?» ойыны.
Y.Бекіту. Топтар бір-біріне сұрақ қояды.
Сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? Сын есімнің қандай түрлері бар? Негізгі сын есім дегеніміз не?
Мысал келтір. Туынды сын есім дегеніміз не?
Топшамамен жұмыс.
YI.Үйге тапсырма. 48 - жаттығу.Ережені жаттау.