Конспект по казахскому языку на тему К?лік т?рлері


Қысқа мерзімді сабақ жоспарыТақырыбы; Көлік түрлері
Мектебі: Бабыр атындағы № 7 Ж О М
Күні: 20.01.2017жыл Мұғалімнің аты-жөні:Пирманова ГульмираСынып: 1 «А» сынып Қатысқандар:11 Қатыспағандар:0
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.
1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар ( кім?не?қандай? қанша?) қою.
1.4.1.1. Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу.
1.5.1.1.Мұғалімнің көмегімен заттың атын/сынын ауызша тілде қолдану.
1.5.2.1. Әріп пен дыбысты ажырата білу, төл дыбыстарды дұрыс айту.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар орындай алады: сабақта үйренген көлік түрлерін атай алады,түсін сипаттай алады; ө дыбысын таниды,дұрыс дыбыстайды,жаза алады, ө дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: тақырып бойынша белсенді лексиканы еркін қолдана алады,түстерді ажырата алады,тақырып көлемінде өзара тілдесе алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: басқа да көлік түрлерін атай алады, ө дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.
Тілдік мақсат: Оқушылар орындай алады: тыңдаған дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады,сұрақ қоя біледі, сұраққа жауап береді,мәтінді түсінеді.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: көліктердің атауларыИшара: көлік түрлерін қимыл арқылы көрсетеді
Алдыңғы оқу: Өз ана тілінде көліктер туралы жалпы мәліметті біледіЖоспарЖоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар10 минут
Сабақтың басы 1.Мұғалім психологиялық ахуал жасайды.
- Психологиялық ахуал. Көңіл-күйлерін бұлт арқылы білдіреді.
2.Үй тапсырмасын тексереді.
3.Қызығушылықты ояту.
Бейнефильмнен көліктердің дауыстарын естіп,қай көліктің түрі екенін айтады. Бейнефильмнен не көргендерін айту арқылы сабақ тақырыбы анықталады. Мұғалім оқушылармен бірігіп сабақтың мақсатын айтады.
Мұғалім сабақтың тақырыбын, мақсатын айтады.
- Суреттерді көрсетіп көлік түрлерін атап, қайталау
Қазақша атауларға тоқталу
4.Мұғалім оқушыларды 3 топқа бөледі (суреттер: ұшақ, автобус, кеме) Әр топтың үстелдерінде аспанның, жолдың, теңіздің суреттері жатады, соған байланысты топтар бірігеді.


Сергіту сәті
Орнымнан тұрамын,
Қанатымды жаямын.
Ұшақ болып ұшамын,
Суда былай жүземін,
Кемелерді тіземін.
Жол тәртібін сақтап,
Автобусқа мінемін. Көліктердің суреттері бар қима қағаздар
Сабақтың
ортасы 20минут Мәтінмен жұмыс
- Мұғалім мәтінді оқиды, оқушылар тыңдайды.
- Әр топ алдында жатқан мәтінді оқиды, мұғалім дауыстап оқиды.
Көліктер
Көліктердің түрлері көп.Олар:машина,кеме,
пойыз,ұшақ,жедел жәрдем,тікұшақ,өрт сөндіруші,жол полициясы. Мен мектепке машинамен келемін.Менің әкемнің машинасы жаңа,қара түсті.
- «Жасырынбақ» стратегиясы: мәтіннен 3 рет қайталанып тұрған сөзді тап. (бас бармақпен бағалау)
- «Ақылды үштік» стратегиясы: сұрақ-жауап-қимыл. (бас бармақпен бағалау)
- Тақтада ілулі тұрған әуе, су, жер суреттеріне сандықшадан шыққан көлікті дұрыс орналастыруБір оқушы- суретті көрсетеді, екінші оқушы –сұрақ қояды,үшінші оқушы-жауап береді. Интернет ресурстарыСабақтың соңы.10 минут Топтық жұмыс.
1.Дара диаграмма құрастырады.
Ұжымдық бағалау «Бағдаршам» стратегиясы арқылы өтеді(әр топ бір-бірін бағалайды).
Тақырып бойынша түсінгендерін сұрақ-жауап арқылы бекітеді.
Қорытынды жасағанда мұғалім оқушыларға жол ережесін сақтау керектігін айтады.
Мұғалім оқушылардың бағалауына комментарий жасайды.
Мадақтау арқылы бағаланады. Көліктердің суреттеріҮй тапсырмасы:
5 минут
Рефлексия
МК Балдырған кітапшасын жасап келу. Үлгісін мұғалім көрсетеді. 

Кітапшаға қойылатын критерийлер:
Мұқабасы әдемі болу керек;
Іші суретке, фотоға толы болу керек;
Суреттер интернеттен, журналдан алынады;
Суреттің астыңғы жағына көлік атауы жазылу керек.
Оқушылар көңіл-күйлерін стикерлер арқылы көрсетеді. (жасыл, қызыл, сарыБағалау. Қалыптастырушы бағалаудың түрлері қолданылады және комментарий арқылы қорытынды бағалайды.
стикерлер
Саралау. Қабілеті төмендеу жұпқа және топқа мұғалім өзі көмектеседі.
Қабілеті жоғары оқушыларға әңгіме құрап айтуға көбірек мүмкіндік береді. Пәнаралық байланыс – «Орыс тілі», «Бейнелеу өнері», АҚТ-мен байланыс,
Құндылықтармен байланыс - жол ережесін сақтау керектігін айтады. Топта жұмыс – бір-бірін тыңдау, құрметтеу.
Рефлексия Қорытынды бағалау